«Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» коучинг талдау. » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" отдела образования Шуского района
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7055752454
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» коучинг талдау.
27
сентябрь
2022

«Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» коучинг талдау.

                                                                                Бекітемін:
                                                                Мектеп директорының 
                                                                        уақытша міндетін атқарушы
                                                   Мушанова Ж.К.
Коучинг жоспары
Тақырыбы:    «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі» 
Мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға  бағыт беру. 
Күтілетін нәтиже: Преподавателиде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді;                                                                                          Өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады;                                                                              Сабақ беру әдісін өзгертеді;
Күні: 26.09.2022
Коучтың іс - әрекетіҚатысушылардың іс - әрекетіРесурс
1Амандасу
Коуч шараға қатысушылармен амандасады
«Оркестр» сергіту ойыны  арқылы топқа бөледі (5 мин)
Сергіту барысында топтарға бөлінедіМузыкалық инструмент- тер суреттерінің қиындысы
2Тақырыпқа кірісу үшін сұрақтар қояды
Күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз ба?
Күнделікті сабақтарда жиі қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз қандай?
Бір сабақ үстінде қанша әдіс түрлерін пайдаланасыз?
Әдіс-тәсілдерді не үшін өзгерту керек?
Әдіс-тәсілдерді түрлендіру нәтиже береді деп ойлайсыз ба?
Сабақтың сапалы өтуі әдіс-тәсілге тәуелді ме?
 (5 мин)
Сұрақтарға жауап береді.
Өз ойларын ортаға салады.
Бинго әдісі
Қима қағаздар
3«Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі» слайд көрсетемін  
Әдіс – тәсілдер түрлері жинақталған ресурс таратамын (7 мин)
Слайдтан алған мәліметтері мен өз жұмыстарын саралай отырып ой тұжырымдайды.
Ресурспен танысады
АКТ, таратпа қағаздар, тақта
4Таратылған ресурс бойынша әдіс – тәсілдерді сабақтың қай кезеңіне пайдалануға болады және өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, постер жасауды ұсынамын (20 мин)Ресурс мазмұны мен өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсіл түрлерін сабақ кезеңдеріне бөледі, қатысушыларға  таныстырадыТаратпа қағаздар, флипчарт, маркерлер, стикерлер
5Топтарға бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалауды ұсынамын Топ мүшелері «Екі жұлдыз, бір ұсыныстарын » стикерлерге жазып, жапсырады
Ойынға қатысады, ойларын сергітеді
Стикерлер
Ойынға қажетті әр - түрлі заттар
5Рефлексия
Коуч кері байланыс жұмысын жүргізеді
Обратная связь парақтарын таратады(2мин)
Обратная связь парағын толтырадыТаратпа материалдар,жазу құралдары
6Қатысушыларға белсенділіктері үшін  мадақтап, қорытындылау(1мин)

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Шалқар ауылы
«Құрөзек негізгі орта мектебі»
 
2022-2023 оқу жылы
Анықтама
27 қыркүйек Құрөзек негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Букирова А.Н «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында коучинг өтті. Коучингтің негізгі мақсаты Сабақ үрдісіндегі  жаңа әдіс- тәсілдердің  оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін  сабақ үрдісінде қолдану жолдары топтық жұмысты бағалауға арналған кестені  қолдана отырып, берілген тақырып бойынша топтық, жұптық жұмыстар жүргізді. Бинго, Дара диаграмма, қар кесегі, серпілген сұрақтар және т.б. әдіс-тәсілдердің сабақ барысында жүргізілуі туралы мәлімет слайд арқылы  жүргізді. Музыкалық аспаптармен топтарға бөлініп, тиімді әдіс-тәсілдер туралы постер қорғап,  басқа топтарға кезекпен барып, өз топтарының жұмыстарымен құндылықтарымен таныстырды.Әр топ постерді қорғады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бере отырып әр топтар жасаған жұмыстарына бойынша бір-біріне  баға берді. Сонымен қатар өтілген коучинге қатысқан ұстаздар алар мағұлматтары көп болғаны жайлы айтты. Ж.К.Мушанова ұсыныс ретінде көрсетілген слайдтар бойынша өз іс-тәжірбиесінде қолданылған әдіс-тәсілдерді қосуы керектігі жайлы қсынысын білдірді.
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
«Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» коучинг
ХАТТАМАСЫ.
Өткізілген уақыты: 27.09.2022ж
Қатысқаны:7
Қатыспағаны:0
Күн тәртібінде:
  1. «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» коучинг талдау.
   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Ж.К.Мушанова сөз алды. Ол өз сөзінде коучинг өте жақсы деңгейде өткізілгендігін әдіс-тәсілердің түрлерімен жақсы таныстыр білді, сонымен қатар бір ұсыныс айтты. Көрсетілген слайдтар бойынша өз-тәжірибесінде сабақ үстінде қолданылған әдіс-тәсілдерді қосу қажеттілігі жайлы айтты.  Бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова А сөз алды ол өз сөзінде өткізілген коучинг ұнағаны және өзіне түртіп алар жерлері көп болғаны сонымен қатар тиімді әдіс-тәсілдер көп коучинг өте қызықты болғанын айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі К.Қ.Таукибаевада жаңа өзіне алған мағұлматтар алғаны коучинг өз мақсатына жетті сонымен қатар екі жұлдыз бір тілекпен ұсыныс айтқым келіп отыр осындай шаралар көбірек болса алар түйеріміз де көп болар еді деп сөзін аяқтады.   
Бастауыш сынып мұғалімі өткізген айтылған тілектерге алғысын білдіріп, ұсыныстарды оңынан қабылдап, мен бүгінгі коучинке өз ізденістеріммен, іс-тәжірибеммен бөлістім деген ойдамын. Ат салысып қатысқандарыңызға үлкен рахмет деп алғысын білдірді.
Қаулы: 
Коучинг өз мақсатына жетті. Өтілген шара қанағаттанарлық деп танылсын.