2021-2022 оқу жылы кітапхана есебі
«Құрөзек негізгі орта мектебі» отдела образования Шуского района
Кітапханасының 2021-2022 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының есебі
Кітапхананың басты міндеті оқушыларды оқулықпен қаматамсыз ету және оларды сақтау. Барлық сыныптар оқулықтармен толығымен қамтылды. Алдыңғы кезекте әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, тұлдыр жетім балалар, көпбалалы отбасының балалары қамлылды. Қыркүйек айында барлық сыныптарға толық оқулық таратылды.
1,2,3,4,5,6,7,8,9 сыныптар – 100 пайыз оқулықтармен қамтылды. Кітап сөрелері ретке келтіріліп тақырыптар бойынша бөлініп қойылды. Жыл басынан бері оқырмандарды қайта тіркеуден өткізу күнделікті жүзеге асырылып келеді.
Мектеп кітапханасында кітап қоры саны - 6386 жалпы сомасы 4 351 908 тг. Оның ішінде оқулықтар саны – 3346, Көркем әдебиет саны – 2953. Электронды оқулықтар саны – 62. Әдістемелер – 25.
Қыркүйек айында сынып жетекшілерінен оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етілуі және оқулықтардың баспаларымен авторлары туралы мәліметтер алынды. 1-4 сынып оқушыларымен әңгімелесу. Кітапты ұстау мәдениеті. Балаларда кітапқа деген оң көзқарасты қалыптастыру. Кітапты ұстау тәртібімен таныстыру. Жыртылған кітапты жөндеу дағдысына үйрету. 5-9 сыныптар «Мен қандай оқушымын ол туралы менің кітабым айтады» Оқулықтардың сақталуы туралы әнгімелесу. 1- сынып сынып оқушылары кітапханаға саяхат. Мектеп ішінде оқушылармен «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы. Кітапханада «Оқырмандармен жұмыс» Кітап оқуды насихаттау оқуға құштар , жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және потриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау. Кел бірге оқиық! Кітап оқу акциясы. «Менің отбасымның сүйікті кітабы» , «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің.?» , «Ғасырлар сырын арқалаған кітаптар» , «Қолыңа кітап ал – таста телефонды»
Тұңғыш президент күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Елін сүйген Елбасы» , «Қазақстан - мәңгілік ел» , «Өзің оқы да, өзгеге ұсын!» атты көрмелер ұйымдастырылды Көрмеге Елбасының балалық шағы, Лидер, Кеменгер , дана көшбасшы, Наш Президент, Менің Отаным Қазақстан, Желтоқсан эпопеясы, Народ Қазахстан: история современности, Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан, Нұрсылтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Киелі Тәуелсіздік т.б кітаптары қойылды. «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында , «Өзің оқы да өзгеге!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына 5-9 сыныптар арасында ақын өмірін оқушыларға үлге ете отырып өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу . «Жыр алыбы – Жамбыл» 175 жылдығына танымдық сағат. т.б тақырыптарында көрмелер мен іс-шаралар өткізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, бастауыштар арасында 20 минуттық оқу, аптаның әр күнінде өткізіліп тұрады. Әр ай сайын сыныптарда оқулықтардың тазалығы тексеріліп, оқулықтарға немқұрайлы қарайтын қарайтын оқушылармен жұмыс жүргізіліп тұрады.
Посмотреть онлайн файл: esep-ktaphana-2021-2022-1str.pdf
Посмотреть онлайн файл: esep-ktaphana-2021-2022-2str.pdf