2020-2021 оқу жылы кітапхана есебі
Кітапхананың басты міндеті оқушыларды оқулықпен қаматамсыз ету және оларды сақтау. Барлық сыныптар оқулықтармен толығымен қамтылды. Алдыңғы кезекте әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, тұлдыр жетім балалар, көпбалалы отбасының балалары қамлылды. Қыркүйек айында барлық сыныптарға толық оқулық таратылды.
1,2,3,4,5,6,7,8,9 сыныптар – 100 пайыз оқулықтармен қамтылды. Кітап сөрелері ретке келтіріліп тақырыптар бойынша бөлініп қойылды. Жыл басынан бері оқырмандарды қайта тіркеуден өткізу күнделікті жүзеге асырылып келеді.
Мектеп кітапханасында кітап қоры саны - 6000 жалпы сомасы 3 311 214 тг. Оның ішінде оқулықтар саны – 3024, Көркем әдебиет саны – 2889. Электронды оқулықтар саны – 62. Әдістемелер – 25.
- Оқырмандардың оқу бағдарламасында бекітілген және кітапхана орындауға міндетті білім беруді қолдап және жүзеге асыру, оқырмандармен өзара байланысты жақсартуға тырысу.
- Ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуде «Мәдени мұра», «Өлкетану» Қазақстан 2050», «Мемлекеттік тілді» дамытуға арналған бағдарламаларды насихаттау – қазіргі күннің уақыт талабы.
- Кітапхананы кәзіргі талапқа сай көркем безендіріп, оқырмандармен әр түрлі көпшілік, жеке және мерекелік күндерді атап өту сияқты жұмыстар жүргізу.
- Кітапхананың анықтама- библиографиялық құралдарымен жұмыс жасау тәсілдерін насихаттауда оқырмандарға белгіленген жұмыс жоспары бойынша ақпараттық шолу жұмыстарын жүргізу. Кітапханалық жұмыстардың есебін үнемі жүргізіп отыру.
Қыркүйек айында сынып жетекшілерінен оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етілуі және оқулықтардың баспаларымен авторлары туралы мәліметтер алынды. 2 сынып оқушыларымен «Жас оқырман» 2 сынып оқушыларын оқырман қатарына қабылдау таныстыру. 9 қыркүйек отбасы күні. «Бала тәрбиесінің баспалдағы - Отбасы» Қыркүйек кітапханаға саяхат. 2-4 сынып оқушылары «Ұстаз мектептің жүрегі» атты танымдық сағат өтті. 15 қараша – темекі шегуден бас тарту күні «Денсаулыққа зиян заттардан аулақ болайық» кітапханада оқушылармен әңгіме, слайд. «Ғажайып кітаптар» Кітапханадағы виртуалдық кітап көрмесі. 5-9 сынып оқушыларына «Дін және қауіпсіздік» туралы имаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 6- сынып оқушыларымен «Терроризм және оның зардаптары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2 сәуір Бүкіл әлемдік балаларға арналған кітаптар күні. Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған кітапханалық сағат. «Ұлы жеңіс жолында» кітап көрмесі. т.б тақырыптарында көрмелер мен іс-шаралар өткізілді. Әр ай сайын сыныптарда оқулықтардың тазалығы тексеріліп, оқулықтарға немқұрайлы қарайтын оқушылармен жұмыс жүргізіліп тұрады.
Кітапханашы: З.С. Дарибаева
Посмотреть онлайн файл: esep-ktaphana-2020-2021-1str.pdf
Посмотреть онлайн файл: esep-2020-2021-ktaphana-2str.pdf