06
август
2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №515
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №515
2015 жылғы 6 тамыз, Астана қаласы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төменгі әлеуметтік стандарты бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр А.СӘРІНЖІПОВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы №515 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. 2. Қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарт негізделген Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі: 1) «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 3) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: 1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру; 2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт жүйесінде мемлекеттік саясатты іске асыру; 3) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт жүйесі қағидаттарын белгілеу. 4. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің» ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілген. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің» ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша № Норма/ нормативтің атауы Норманы/ нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт Норма/ норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты Норма/ норматив көлемі 1 Мемлекеттік білім беру ұйымдары желісінің нормативі «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативтін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысы ауылдық елді мекендегі балалар ауылдық елді мекенде мектеп жасындағы балалардың саны 5 және одан артық болғанда бастауыш мектептің; 40 және одан артық оқушы болғанда негізгі мектептің; 81 және одан артық оқушы болғанда орта мектептің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі 2 Орта, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7574 болып тіркелген) білім алушылар сынып-жиынтығына және әрбір білім алушыға, сынып-жиынтығына арнайы және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың кемшіліктері ескеріліп жеке жабдық 3 Мемлекеттік атау-лы әлеуметтік кө-мек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемле-кеттік атаулы әлеуметтік кө-мек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды орта білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету нормалары «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы; «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар; өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер Мектептегі бір реттік тамақтандыру нормасы тамақтандыру нысаны меншігінің формасына тәуелсіз 4 Ауылдық мектептердің оқушыларын тасымалдау нормалары «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 26 мамырда № 11184 болып тіркелген). Бастауыш мектеп, негізгі мектеп, орта мектептер жоқ ауылдық елді мекендердегі оқушылар Білім беру ұйымдары елді мекеннен 3 км артық қашықтықта орналасқан жағдайда және елді мекендер арасында табиғи бөгет болған жағдайда (өзендер, көлдер және т.б.) 5 Орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормалары «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 28 тамызда № 7876 болып тіркелген); Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық акті-лерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 07 қарашада № 8890 болып тіркелген). оқушылар Білім деңгейлері және оқитын сыныбына сәйкес бір оқушыға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жиынтығы 6 Мүмкіндіктері шектеулі балаларды, мүгедектер және бала кезінен мүгедек, мүгедек балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық қолдау нормалары «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 19 тамызда № 8629 болып тіркелген). Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның шешімі 7 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемле-кеттік атаулы әлеуметтік кө-мек алмайтын, жан басына шақ-қандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға және жетім бала-ларға, ата-анасының қам-қорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдай-лар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін от-басылардан шық-қан балаларға сауықтыру дема-лысын беру нор-малары «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы Мемлекеттік атаулы әлеумет-тік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеумет-тік көмек алмай-тын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шама-сынан төмен отбасылардан шыққан бала-ларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-ларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар Қаладан тыс және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама 8 Денсаулық жағда-йына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беру ұйымына бара алмайтын білім алушыларды үйде немесе стационарлық көмек, қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды көрсе-тетін ұйымдарда жеке-дара тегін оқыту нормалары Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11310 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алушы тұлғалар Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімі және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация шешімі 9 Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормалары «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасы-ның Нормативтік құқықтық актілерді мемле-кеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10275 тіркелген). Білім алушылар Сыныптардың сыйымдылық нормалары және ұйымдардағы нысандарда оқыту және тәрбиелеу жағдайлары Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12012 болып енгізілді.