2020-2021 Жалпы ата-аналарымен мектеп әкімшілігі өткен жиналысының ХАТТАМАСЫ 17 қыркүйек 2020 жыл » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 Жалпы ата-аналарымен мектеп әкімшілігі өткен жиналысының ХАТТАМАСЫ 17 қыркүйек 2020 жыл
15
апрель
2023

2020-2021 Жалпы ата-аналарымен мектеп әкімшілігі өткен жиналысының ХАТТАМАСЫ 17 қыркүйек 2020 жыл

                           « Құрөзек  негізгі орта мектебі»  КММ  
  Жалпы  ата-аналарымен мектеп әкімшілігі  өткен  жиналысының 
                                               ХАТТАМАСЫ 
17 қыркүйек  2020 жыл
Өткен орны:
Қашықтықтан    ватсапт  месенджері  арқылы   өтті.
Өткізілген уақыты:14.00
Барлығы –  56
Қатысқан ата-ана-50
Қатыспаған ата-ана-6
Күн тәртібінде:
1.Оқушылардың қашықтықтан оқуда Дарын онлайн платформасын қалай пайдалану керектігі жайлы мағлұмат беру.
2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
3. Мектеп формасы қойылатын талаптар
4.Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі.
Тыңдалды:
1 мәселе бойынша, МДОІЖО А.М.Ажикеева сөз алды. Ол өз сөзінде «Дарын онлайн » платформасы туралы презентация көрсетіп, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы мамандандырылған интернет-платформасы Дарын онлайн  арқылы өткізілетін сабақтар,яғни оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқылаған тақырыпты қайта қарауға,сондай-ақ онлайн сабақ өткізуге,кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
2 мәселе бойынша, МДОІЖО А.М.Ажикеева сөз алды. Ол өз сөзінде,  ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді балмен пайдалануды сақтайды. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау енді күн сайын ұпаймен есептеледі.Бір рет бөлім бойынша жиынтық бағалау өтеді.Бөлім бойынша жиынтық бағалау мұғалімге байланысты болады. Тоқсандық бағалау енді 50% тоқсандық жиынтық бағалау,25 % бөлім бойынша жиынтық бағалау және қалған 25 % дәстүрлі бағалау арқылы қойылады. «Өзін-өзі тану»,  «Көркем еңбек», «Музыка» ,  «Дене шынықтыру», оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейтіндігі туралы мәлімдеді. 
3 мәселе бойынша, МДТІЖО Ж.К.Мушанова сөз алды.  Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталмайды.      2020 - 2021 оқу жылында балаларға мектепке,оқу сабақтарына іскерлік,классикалық стильдегі ыңғайлы және ұқыпты  киіммен баруға болады.Киім ұқыпты, ыңғайлы және қолайлы болуы керек.Оқушының сыртқы келбеті  нәтежелі және тиімді оқуға көңіл-күй беретінін ұмытпайық деп өз сөзін аяқтады. 
4 мәселе бойынша, МДОІЖО А.М.Ажикеева сөз алып, ата-аналарға , оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі туралы мағлұматтар берді. Оқушыларға  сабақ кезінде интенет-платформасында  орналастырылған цифрлық ресурстар,ведио сабақтар т.б тапсырмалар көлемі сақталып   беріледі  де,  сол бойынша   кері  байланыс   орнатылады , ал үй тапсырмасы берілмейтіндігі туралы  айтып өтті. Ата-аналар айтқан ұсыныстарға бір ауыздан келісті. Қарсылық білдірген ата-ана болған жоқ
Қаулы:
  1. « Дарын онлайн » платформасын барлық оқушылар мен мұғалімдер қолдануға мүмкіндіктер жасау.
  2. ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді балмен пайдалану.
  3. Оқушылардың сабақ кезіндегі киім әдебін сақтауларын қадағалау.
Жиналыс төрайымы:                    Т.Темешева
Хатшы:                                      Г.Илебаева
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'