2020-2021 оқу жылы жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 оқу жылы жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
15
апрель
2023

2020-2021 оқу жылы жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

«Құрөзек негізгі орта мектебі» КММ
Хаттама №2
09.09.2020 жыл
Барлығы:55
Қатысқаны: 50
Қатыспағаны:5
Күн тәртібінде:
  1. 2019-2020 оқу жылы бойынша ЖББ қоры бойынша көмек алған оқушылар туралы мәлімет беру.
  2.  Оқушыларды оқулықпен қамту туралы.
  3. Қашықтықтан оқыту барысындағы шараларға шолу.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша 2019-2020 оқу жылында ЖББ қорымен көмекке мұқтаж жалғыз анасымен тұратын 6отбасы қамтылды. Оларға қыстық куртка, етік, мектеп формасы Дәлелұлы Берік 7-сынып, Асубай Бекежан 7-сынып, Сатов Рамазан 4-сынып, Есенгелді Бекжан 4-сынып, Талқанбаева Ғазиза 4-сынып , Оразғали Ақерке 5-сынып  оқушылары ЖББ қорын бөлетін комиссияның отырыс шешімі бойынша қамтамасыз етілді деп өз сөзін аяқтады мектептің әлеуметтік педагогі Гайнуллина А. Р
2- мәселе бойынша мектеп кітапханашысы сөз алды. Ол өз сөзінде, 2019-2020 оқу  жылында мектептегі 1-8 сыныптар аралығында оқитын оқушылар мектеп тарапынан оқулықпен 100% қамтылды. Ата-аналар тарапынан ешқандай кітап сатып алынған жоқ. Әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, жалғыз анасымен тұратын оқушылар ең алдымен оқулықпен қамтылды. Артынан қалған оқулық қоры 82 оқушыға толықтай қамтылды-деп өз сөзін аяқтады.
3- мәселе бойынша, Әлеуметтік педагог А. Гайнуллина сөз алды. Ол өз сөзінде, қашықтықтан оқыту барысында қажет мектеп компьютерлерімен тұратын 12 отбасының ата-аналарымен арнайы 28- шілде күні жиналыс ашылды. Жиналыста осы мәртебеге ие 12 отбасына мектеп компьютерлерімен қамтамасыз етілетіндігі туралы айтылды. Келісім шарт ата-аналарға жеке  таратылып, онымен таныстырылды.
 Ата-аналар тарапынан көп балалы Нуриахметовтар отбасының анасы Айгерім Тойлыбаева сөз алып, Ақжал ауылындағы интернет желісінің болмаулығын  wi-fi алатын жағдайлары жоқтығын айтты. Сол себептен компьютер алудан бас тартатындығын айтты. Жиналыс барысында барлық қатысқан аналар осы интернет желісінің жоқтығынан компьютер алудан бас тартқандығын айтты. Алдағы уақытта интернет желісі жақсарса алармыз, қазіргі кезде керек емес деп өз ерік ерімен бас тартқандары туралы қолхат жазып берді,- деп баяндады А. Руслановна. 
4- мәселе бойынша, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. К. Мушанова сөз алды. Ол өз сөзінде жалпыреспубликалық «қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында жалпы ата-аналар  жиналысын ватсап мессенджері арқылы 20-тамыз күні өткізіліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық  ата-аналардан кері байланыс алынып, өз міндеттерімен сынып жетекшісі таныстырып шықты.  21 тамыз күні жалпы мектеп оқушыларымен жалпы республикалық «мен қашықтықтан қалай оқимын?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларға психологиялық көмек беріліп отыратындығы туралы ескертілді. Барлық оқушыларға қашықтықтан ватсап мессенджері және «Дарын онлайн» платформасы арқылы сабақ өткізілетіні, қосымша «Балапан» , «Еларна» телеарналары арқылы сабақтары туралы қосымша ақпараттар жұмыстары мен қауіпсіздік шаралар туралы ескертілді. 
           Ата-аналар комитетінің төрайымы Толқын Темешова оқушылардың және ата-аналардың өткізілген жиналысталыстардың жоғары деңгейде өткендігі туралы көптеген ата-аналар кері байланыстарын берді.
Қаулы етті: 
  1. Жаңа 2020-2021 оқу жылына ЖББ қорын бөлетін комиссия мүшелерінің отырысын ұйымдастырылсын.
  2. Мектеп кітапханасының жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
  3. «қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» барысында туындаған мәселелері уақытылы өз шешімін табу мақсатында ата-аналар мен оқушыларға психологиялық т.б көмектерді уақытылы көмектесу.
Төрайымы:                             Мушанова Ж.К
Хатшы:                                     Ержан А. Е
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'