«Құрөзек негізгі орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2020-2021 оқу жылында өткізілген сыныптар бойынша ата-аналар комитеттерінің жиналысының хаттамасы №1 » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құрөзек негізгі орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2020-2021 оқу жылында өткізілген сыныптар бойынша ата-аналар комитеттерінің жиналысының хаттамасы №1
15
апрель
2023

«Құрөзек негізгі орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2020-2021 оқу жылында өткізілген сыныптар бойынша ата-аналар комитеттерінің жиналысының хаттамасы №1

«Құрөзек негізгі орта мектебі  »  коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2020-2021 оқу жылында өткізілген сыныптар бойынша   ата-аналар комитеттерінің  жиналысының хаттамасы №1
Өткізілген күні: 2020.09.09 
Қатысқандар: 15
Күн тәртібі: 
  1. 2019-2020  оқу жылы бойынша ЖББ қоры бойынша көмек алған оқушылар туралы мәлімет беру.  А. Гайнуллина
  2. Оқушылардың оқулықпен  қамту туралы. Р.Байсмакова
  3. Компьютермен қамтамасыз ету. А.Гайнуллина
  4. Қашықтықтан оқыту барысындағы шараларға шолу. Ж.Мушанова
  5. Тыңдалды: 
1-мәселе бойынша, мектеп әлеуметтік педагогы А.Гайнуллина сөз   алды. Ол өз сөзінде,  2019-2020 оқу жылында  ЖББ қорымен көмекке мұқтаж  жалғыз анасымен тұратын 6 отбасы қамтылды. Оларға қыстық етік, мектеп формасы, Дәлелұлы Берік 7-сынып, Асубай Бекежан 7-сынып, Сатов Рамазан 4-сынып, Талқанбаева Ғазиза 4-сынып, Есенгелді Бекжан 4-сынып, Оразғали Ақерке 5-сынып оқушылары ЖББ  қорын бөлетін коммиссияның отырыс  шешімі бойынша қамтамасыз  етілді деп өз сөзін аяқтады.
2 – мәселе бойынша, мектеп кітапханашысы  сөз алды. Ол өз сөзінде,  2019-2020 оқу жылында,   мектептегі 1-8-сыныптар аралығында оқитын оқушылар мектеп тарапынан    оқулықпен 100 %   қамтылды. Ата-аналар тарапынан ешқандай кітап сатып алынған жоқ.  Әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, жалғыз анасымен тұратын оқушылар ең алдымен оқулықпен қамтылды. Артынан қалған оқулық қоры 82 оқушыға толықтай қамтылды –деп өз сөзін аяқтады. 
3-мәселе бойынша, әлеуметтік  педагог А.Гайнуллина сөз алды. Ол өз сөзінде , қашықтықтан оқыту барысында қажет   мектеп компьютерлерімен қамтамасыз ету мақсатында,  көп балалы, аз қамтылған, жалғыз анасымен тұратын  12 отбасының ата-аналарымен арнайы 28-шілде күні жиналыс ашылды. Жиналыста осы мәртебеге ие 12 отбасына  мектеп компьютерімен қамтамасыз етілетіндігі туралы айтылды. Келісім шарт ата-аналарға жеке таратылып, онымен таныстырылды. 
Ата-аналар тарапынан көп балалалы Нуриахметовтар отбасының анасы Айгерім Тойлыбаева сөз алып, Ақжал ауылында интернет желісінің нашарлығын, wi-fi   алатын жағдайының жоқтығын айтты. Сол  себептен компьютер алудан бас тартқандығын айтты. Жиналыс барысында барлық қатысқан аналар осы интернет желісінің жоқтығынан компьютер алудан бастартатындықтарын айтты.  Алдағы уақытта интернет желісі жақсарса алармыз, қазіргі кезде керек емес деп өз еріктерімен бас тартқандары туралы қол хат жазып берді,- деп баяндады Анелья Русланқызы.
4-мәселе бойынша, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Мушанова сөз алды. Ол өз сөзінде, жалпы республикалық  
« Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы ватсап мессенджері  арқылы 20-тамыз күні  өткізіліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық ата-аналардан кері байланыс алынып, өз міндеттерімен  сынып жетекшілері таныстырып шықты. 21 тамыз күні  жалпы мектеп оқушыларымен жалпы республикалық «Мен қашықтықтан қалай оқимын?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларға психологиялық көмек беріліп отыратындығы туралы ескертілді. Барлық оқушылардан қашықтықтан ватсап мессенджері және «дарын онлайн» платформасы арқылы сабақ өткізілетінін, қосымша «Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы сабақтары туралы қосымша ақпараттар беріліп отыратындығы ескертілді-деп өз сөзін аяқтады. Қосымша түсіндіру жұмыстары мен  қауіпсіздік шаралары туралы ескертілд.
Сөйлегендер:
4-мәселе бойынша, өткізілген жиналыстардың   жоғары деңгейде өткендігі туралы көптеген ата-аналардың кері байланыстарын, оқушылардың кері байланыстарын оқыдым деді, - ата-аналар коммитетінің төрайымы Толқын Темешева.
Қаулы етті: 
  1. Жаңа 2020-2021 оқу жылына ЖББ қорын  бөлетін коммиссия мүшелерінің отырысын ұйымдастырылсын.
  2. Мектеп кітапханасының жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
  3. «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» барысында туындаған мәселере уақтылы өз шешімін табу мақсатында ата-аналар мен оқушыларға психологиялық т.б көмектерді уақтылы көмек көрсету.
       
       Төрайымы:                                    Ж.К.Мушанова 
        Хатшы:                                         А.Ержан
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'