Құрөзек негізгі орта мектебі КММ Мектеп алды даярлық топ білім алушыларымен сауат ашу пәнінен өткізілген ашық сабағының ХАТТАМАСЫ. » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Құрөзек негізгі орта мектебі КММ Мектеп алды даярлық топ білім алушыларымен сауат ашу пәнінен өткізілген ашық сабағының ХАТТАМАСЫ.
27
март
2023

Құрөзек негізгі орта мектебі КММ Мектеп алды даярлық топ білім алушыларымен сауат ашу пәнінен өткізілген ашық сабағының ХАТТАМАСЫ.

Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
Мектеп алды даярлық топ білім алушыларымен
сауат ашу  пәнінен өткізілген  ашық сабағының 
ХАТТАМАСЫ.
Өткізілген уақыты: 
Қатысқаны:4
Қатыспағаны:0
Күн тәртібінде:
  1. Даярлық тобының білім алушыларымен сауат ашу пәнінен «Үү дыбысы мен әрпі»  талдау.
   Тыңдалды: Даярлық топ сынып жетекшісі Букирова А.Н. сабақтың мақсаты:  Сұрақтарға жауа беріп, өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу. 
 Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне  оқу. Оқушыларды тиімді ұйымдастырып, оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап өткен сабаққа шолу жасалып жаңа тақырып ашылды. Оқушыларға тақырып түсінікті, Үү әрпінен келетін сөздерді атап, буынға бөліп, қанша буын екенін ажырата алады. Мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
      Директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Мушанова Ж.К. сөз алды. Бүгінгі сабақ өте қызықты және оқушыларға түсінікті болды. Балалар сабаққа белсене қатысып, қызығушылық танытып отырды. Тиімді әдіс-тәсілдер пайдалана білді. Уақытты да тиімді пайдалана білді. Балаларға видео материал өте қызық болды. Оқушыларды тиімді әдістермен мадақтап қызықтырып отырдыңыз. Сабақ жоғары деңгейде өтілді.
      Бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова А.И. сөз алды. Ашық сабағында оқушылар   сабаққа  қатысып отырды.  Білім алушылардың арасында барлығы қызығушылық танытты. Сабақ барысында тақтамен жұмыс жасалып , белсенді қатысқан оқушылар болды. Оқушылар дауысты,дауыссыз дыбыстарды жақсы меңгерген. Оқушылар өте белсенді. Қолданылған көрнекіліктер талапқа сай. Оқушыларға кері байланыс беріліп, мақтақтап отырды. Ұсыныс: Көрнекіліктерді «Рухани жаңғыру» бағытында қолданса.
Қаулы: Өтілген сабақты өте жақсы деңгейде өткізілді деп танылсын.
Директордың м\а                    Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                     Букирова А.Н.
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
Мектеп алды даярлық топ білім алушыларымен
сөйлеуді дамыту   пәнінен өткізілген  ашық сабағының 
ХАТТАМАСЫ.
Өткізілген уақыты: 
Қатысқаны:4
Қатыспағаны:0
Күн тәртібінде:
  1. Даярлық тобының білім алушыларымен сөйлеуді дамыту пәнінен «Бағдаршам-көшедегі көмекшім»  талдау.
   Тыңдалды: Даярлық топ сынып жетекшісі Букирова А.Н. сабақтың мақсаты:  Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау. Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау. Оқушыларды тиімді ұйымдастырып, оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап өткен сабаққа шолу жасалып жаңа тақырып ашылды. Оқушыларға тақырып түсінікті. Оқушылар бағдаршам туралы өз білетіндерін айтып ортаға салды. Жол белгілерімен танысып, көптеген мағұлмат алды. Мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. 
ДОІЖО Мушанова Ж.К. сөз алды. Ол өз сөзінде сабақтың өте жақсы деңгейде өтілгені туралы, сонымен қатар оқушылардың белсенділігі әр тапсырманы орындағанда оқушылар сондай қызығушылықпен орындады. Бағалау түрлеріде ерекше болды. Көрнекіліктер де оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған. Ұсыныс: Балаларға сұрақ қойғанда ашық сұрақтар қою керек.
Бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова А.И. сөйледі. Ашық сабағында оқушылар  сабаққа  қатысып отырды. Сабақ барысында тақтамен жұмыс жасалып, белсенді қатысқан оқушылар болды. Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, қызығушылықтары өте жоғары.  
    Сөйледі: Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінің мұғалімі Ажикеева А.М. –білім алушылар тақырып бойынша толық түсінік алды.  Балалар негізгі  Тапсырмаларға көрнекіліктері талапқа сай оқушыларға кері байланыс жасап отырды. Тақтамен жеке, жұмыс болып отырды. Оқушыларды бағалау түрлерін ауыстырып отыру қажет. Сонда балалар қызығып орындайды тапсырмаларды.
Қаулы: Өтілген сабақты өте жақсы деңгейде өткізілді деп танылсын.
Директордың м\а                    Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                     Букирова А.Н.
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
Мектеп алды даярлық топ білім алушыларымен
Қарапайым математика   пәнінен өткізілген  ашық сабағының 
ХАТТАМАСЫ.
Өткізілген уақыты: 
Қатысқаны:4
Қатыспағаны:0
Күн тәртібінде:
  1. Даярлық тобының білім алушыларымен қарапайым математика пәнінен «6 саны мен цифры»  талдау.
   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ажикеева А.М.  сөз алды. Ол өз сөзінде ашық сабақтың өте жақсы деңгейде өткізілгендігін ең алғашқы жылыулық шеңберінен бастап, оқушылар сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде екендігі айтылды. Оқушылар өткенді қайталау бойынша білім алушыларды бағаланды. Сонымен қатар топтық жұмыс ұйымдастырғанда арнайы уақыт бөлініп оқушылар мадақталып отырды. Түсінбеген оқушыға қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Бастауыш сынып мұғалімі Кашаганова Т.Б. сөз алды ол өз сөзінде білім алушылардың математика   сабағына қызығушылығы бар мұғалім оқушылармен ұйымдастыру кезеңін жасады.  Тақтаға шыққанда оқушының жанында тұрып, сөздерді қайталап оқушылармен жеке жұмыс жасалды. Топтық жұмыс барысында оқушылардың топтық жұмысқа жақсы дағдыланып келе жатқаны байқалады. Жазу кезінде ережені үнемі,күнделікті қайталап отырды. 
Қаулы: Өткізілген қарапайым математика сабағы өз мақсатына жетті. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді деп танылсын.
Директордың м\а                    Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                      Букирова А.Н.
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
4-сынып білім алушыларымен
 музыка пәнінен өткізілген ашық сабақтың
ХАТТАМАСЫ.
Өткізілген уақыты: 20.01.2022ж
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Күн тәртібінде:
  1. 4-сынып білім алушыларымен музыка  пәнінен «Музыкадағы табиғат құбылыстары» өткізілген ашық сабақты талдау.
   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының м\а Мушанова Ж.К.сөз алды. Ол өз сөзінде ашық сабақтың бастауы, тақырыпқа байланысты болды. Білім алушылар сабаққа белсен,қызығушылықпен қатысты.  Сабақ барысында білі-алушыларды жақсы ұйымдастырып, жаңашыл әдіс-тәсілдер қолданды. Оқушылар топтық жұмысқа болмады. Жалпы сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер талапқа сай, жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған екендігі жөнінде айтып өтті. 
    География пәнінің мұғалімі Сабаншиева Ш сөз алды. Ол өз сөзінде: Қйымдастыру кезеңі болды. Оқушылар топқа бөлінді бірақ, топтық жұмыс болмады. Тақырып толық ашылмады. Оқушылар симфония сөзін түсінбеді. Тақырыпқа байланысты толықтап видео материал көрсету керек еді. Топқа бөлінгенде ұсыныс ретінде айтқым келіп отыр тақырыпқа сай топқа бөлу керек. 
Келесі кезекте бастауыш сынып мұғалімі Байсмакова Р.К. Ол өз сөзінде 4- сынып оқушылары сабаққа деген қызығушылықтары  орташа. Үйымдастыру кезеңі болды.  Сабақ барлық бөлімдер бойынша жүргізілді. Бағалау От шашу бір түрі ғана қолданылды. Оқушыларды қызықтыру мақсатында әр түрлісін қолдану керек еді. Ұсыныс: Оқушылардың белсенділігін арттыру керек. 
 Қаулы: 4-сыныпта өткізілген музыка сабағы қанағаттанарлық деңгейде өткізілді деп танылсын.
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
Мектеп алды даярлық топ білім алушыларымен
сауат ашу  пәнінен өткізілген  ашық сабағының анықтамасы
               «Біз мектепке барамыз» атты мектеп алды даярлық тобының апталығында МАД тобымен сауат ашу пәнінен Үү дыбысы мен әрпі тақырыбында үлгілі сабақ өтілді. Барысында Білім алушыларды ұйымдастырып өткен тақырыптар бойынша шолу жасалып, жылулық шеңбер ұйымдастырылды. Оқушылар бір-біріне тілек айтып, жылы лебіздерін білдірді. Үү дыбысынан басталатын сөздерді буынға бөліп әріптерді дауысты,дауыссыз екендігін ажыратып, ұяшықтарға бөліп салды. Сонымен қатар оқушыларға видеоматериал ұсынылды. Білім алушылар тақырып бойынша толық мағұлмат алып, мұғалім мақсатына жетті.
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'