3-сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен өткізілген зерттеу сабағының ХАТТАМАСЫ. » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 3-сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен өткізілген зерттеу сабағының ХАТТАМАСЫ.
27
март
2023

3-сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен өткізілген зерттеу сабағының ХАТТАМАСЫ.

Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
3-сынып білім алушыларымен
қазақ тілі  пәнінен өткізілген  зерттеу сабағының 
ХАТТАМАСЫ.
Өткізілген уақыты: 
Қатысқаны:4
Қатыспағаны:0
Күн тәртібінде:
  1. 3-сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша »  талдау.
   Тыңдалды: 3-сынып жетекшісі Байсмакова Р.К. сабақтың мақсаты: Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. Бүгінгі тақырып бойынша мен өз мақсатыма жеттім, себебі білім алушылар негізгі түбірге жұрнақтар арқылы туынды сөз жазып тұр. Тапсырмаларды орындау барысында күрделі туынды сөздерді ажырату барысында аздаған қиындықтар болды. Алдағы уақытта жіберілген қателіктер мен жұмыстар жүргізіледі.
 Бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова А.И. сөз алды. Зерттеу сабағында оқушылар   сабаққа  қатысып отырды.  Білім алушылардың арасында  қателіктер жіберген оқушылар кездесті. Сабақ барысында тақтамен жұмыс жасалып , белсенді қатысқан оқушылар болды. Олар: Ерланұлы Ералы, Ғабит АлиСултан, Руслан Нұржан. Сабақ барысында өте төмен көрсеткен оқушыларда кездесті. Олар: Сат Аружан мен Сат Жеңіс және орташа деңгейде Есенгелді Ерсұлтан. Сат Жеңіс әріп танымайды, сабақ кезінде дәптері мен оқулығы жоқ, сабаққа мүлдем қатыспай отырды. Оқушылардың дәптері орташа деңгейде, жазулары нашар.  Сабақты талдау кезінде ұсыныстар білім алушылармен тақтамен және қосымшаға шақырылып жекелей жұмыс жасалып, жазуларын түзеу керектігі туралы ұсыныстар айтылды.
    Сөйледі: Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінің мұғалімі Ажикеева А.М. –білім алушылар тақырып бойынша толық түсінік алмады. Балалар негізгі түбірге жұрнақ  жазғанда туынды сөздер оқылмады. Тапсырмаларға көрнекіліктері талапқа сай оқушыларға кері байланыс жасап отырды. Бірақ, оқушылармен қосымша сабақтар жүргізілу керек. Оқушылардың жазу дағдысы төмен. 
Бастауыш сынып мұғалімі Қашағанова Т.Б. сөз алды. Бүгінгі  сабаққа балалардың түсінігі болып, сабаққа белсенді қатысады.  Сабақта бағалау түрлері аз болды, өз-өзін бағалау, бір-бірін бағалау болмады. Тапсырмаларды баланың қабілетіне қарай бөліп беру керек еді. Балар ережені айтты, бірақ сол ережеге сай мысал айту керек еді. Кері байланыс, әдіс-тәсілдерді өзгертіп, жаңаша қызықтырып балалар қызығатындай өздері орындайтындай сабақ өтуге болатын еді. Сабақта көбіне өзіңіз сөйледіңіз. Сабақ соңында қорытындылауда оқушылардын қайталап өткен тақырып бойынша ауызша сұрау керек еді сонда кері байланысты балалар толық беретін еді.
Қаулы: Өтілген сабақты қанағаттанарлық деңгейде өткізілді деп танылсын.
Директордың м\а                    Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                     Букирова А.Н.
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'