2021-2022 оқу жылына талдау » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2023

2021-2022 оқу жылына талдау

Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
« Құрөзек негізгі орта мектебі »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2021-2022 оқу жылында құрылған оқу- тәрбие жоспары бойынша атқарылған іс –шаралар туралы мәлімет
Мақсаты: Оқушылармен  әрбір сабақты жан-жақты дамыта оқыту.                   
Оқушы бойында қызығұшылығын ояту және қалыптастыру.
Оқушымен жеке жұмыс жасау.
Үй тапсырмаларының арнайы дайындалуы. Ата-аналармен байланысты күшейту.
Үлгермеуші оқушылардың жауапкершілігін арттыруда сынып ұжымының ықпал етуіне жағдай жасау.
Міндеті: Пәнді оқытуда тыңдаушылар Қазақстан тарихын оқу барысында оның мектептік курсының толық мазмұнын игереді, тарихи деректерді қорытындылайды, алған білімін тыңдаушысына жеткізе алады және сонымен қоса оқу-анықтамасын, арнайы ұсынылған әдебиеттерді қолдана білуі керек. Мемлекеттік білім стандартының мазмұны мен көлемі ескеріле отырып, Отан тарихының аса маңызды кезеңдерімен басты-басты ғылыми мәселелері іріктеліп алынған. Пән  бойынша  тарауды құрастырып болғанда негізгі түсініктермен заңдылықтарды ережелерді қайталау, үлгермеу себептерін анықтау, түсініктер беру. Тақырыпты қарастыру барысында оқушыларды сұрақтар қойып, оларға жауап алуын жолға қою, білім алуда қызығушылығын арттыруға  қолдау жасау.
Күтілетін нәтиже: Тыңдаушылардың тарих пәндері  бойынша білімдерін толықтыруға, ынтасы мен қабілетін жетілдіруге мүмкіндік тудырады және алған білімдерін әр түрлі деңгейлік тарихи тапсырмаларды орындауда қолдану дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар кешенді тестілеуден жоғары балл алуға жағдай жасайды.
Құрөзек негізгі орта мектебі бойынша 1-тоқсанда сапа 60,3 үлгерім 100%, 2-тоқсан 61,5% үлгерім 100%, 1-жартыжылдық сапа 61,5% , үлгерім 100%. Мектеп сапасы 1,2% көтерілді. 
Дегенмен де мектеп бойынша бастауыш сыныптарда 2-сынып математика пәні бойынша 75 пайыз болған 65 пайыз 2-тоқсанда -10 пайыз көрсетіп отыр, 5-9-сыныптар арасында 5-сыныпта жалпы сапа 57% , 7-сыныпта 45.5%, 9-сыныпта 50% төмен көрсеткіш көрсетті. Нақты тарих, физика, география, алгебра сабақтарының сапасын көтеру жоспарлануда. Осы сыныптардың сапаларын көтеру мақсатында Lesson study  зеттеу сабақтарын өткізу мектеп директорының №64 бұйрығына сәйкес өткізілуде.  Әр сыныптарға пәндер бойынша 4-топқа бөлінді. Осы топтар өз сабақтарын жоспарлап, сабақтан кейін әдіс –тәсілдерді талқылап тиімділігін, оқушы әрекеттерін зерттеуде. Білім алушылардың функционалдық    сауаттылығын арттыруға арналған (халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындау машығын арттыру)  іс-шаралар жоспарына сәйкес тапсырмалар құрастыру, оқушыларды жаттықтыру жұмыстары   атқарылуда. Сонымен қатар қосымша кесте құру арқылы олқылықтармен жұмыс ретінде оқушылармен қосымша сабақтар жүргізілуде.
  1. Оқу тәрбие үрдісінің деңгейін және білім сапасын көтеруге бағытталған жоба жұмыстарының барысы.
2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, мектепте ағылшын тілі пәнінен оқушылардың қызығушылығын көтеру мақсатын « Үштілділік заман талабы » жобасы, «Аптадан аптаға» жобасы пән мұғалімдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасы мақсатында үлгілі сабақтар өткізіп бір-біріне ұсыныстар айтады. Сенбі күні әдістемелік күн. Жоспар бойынша семинарлар, коучингтер өткізіледі.
«Талантты балалармен қалай өнімді жұмыс істей аламыз» , «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ету» семинар өткізілді.
Геомерия және физика пәндері бойынша 7-9-сынытағы олқылықтарды жою мақсатында түзетуді қажет ететін оқушылармен  сабақтан тыс қосымша іс – шаралар жүргізілді. Түзетуді қажет ететін оқушылар оқу-тәрбие үдерісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және оның алдын алу жұмыстары көбірек болуы үшін көбірек ынта жігер қажет. Пән бойынша балаға білім беріп қоймай оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, сөйлеу мәнеріне үйрету. 
Олқылықтарды жоюдың пән бойынша негізгі мақсаты: 
Геомерия пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
Оқушыларды жеке тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
Түзетуді қажет ететін оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, геомерия  пәнінен моивациясы төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
 
Геомерия пәні бойынша 8-сынып оқушыларына төмендегі мақсаттағы сабақтар қиындық туғызды 
Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері7.1.1.12
үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры,орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу
7.1.1.13
үшбұрыштардың түрлерін ажырату
7.1.1.14
теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер
8.1.1.7Фалес теоремасын білу және қолдану;
8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы7.1.1.14
теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу
8.1.3.2
бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу
тақырыптары бойынша қосымша сабақтар өткізіліп, модульдеу сабағын жүргізіп, ережелерді еске түсіру бойынша жұмысатар жүргізілді. Тест жұмыстары алынды. Тест қорытындысы бойынша қиналған сұрақтарын спиральді оқыту әдісі бойынша жеңілден қиынға қарай жұмыс жүргізілді.
Осы қиындықтарды жою мақсатында тест жұмысы алынып, сол тест жұмысының нәтижесі бойынша оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар, карточкамен жұмыстар берілді. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 1 тоқсанмен салыстырғанда оқу сапасы едәуір көтерілгендігі байқалады. 
КезеңОқушыүлгерім %Біл. сап. %Жалпы ОБД (%)





1-тоқсан10100,070,066,40
2-тоқсан10100,070,062,80










    8-сынып оқушыларымен физика пәні бойынша біліміндегі олқылықтарды жою мақсатындағы қиындық туғызған мына мақсаттар 
Денеге бір түзу бойымен әрекет ететін күштерді қосу7.2.2.8 - күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
7.2.2.9 - денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
Паскаль заңы, кері итеруші күш7.3.1.4 - газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
Жұмыстың мәнін график бойынша анықтау, ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру7.2.3.1 - механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 
Энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы7.2.3.5 - энергияның түрленуіне мысалдар келтіру; 
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
9-сынып оқушыларымен физика пәні бойынша біліміндегі олқылықтарды жою мақсатындағы қиындық туғызған мына мақсаттар
Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі 8.4.1.6 - электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру және оның күштік сипаттамасын анықтау; 
8.4.1.7 – біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;
8.1.4.8 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу; 
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу
Электр тогының жұмысы мен қуаты.
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы
8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану; 
Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;
8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;
8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау 
 Оқушыларға тапсырма сұрақ жауап арқылы берілді. Жауап беруге қиналған сұрақтар бойынша сарамандық жұмыстар ұйымдастырылды. Бейнематериалдар көрсетіліп спиральді оқыту әдісі қолданылды. Таным әрекетінің нәтижелілігі ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне ықпалын тигізді.
 
Оқушыларда дамудың жеке варианттарының көптүрлілігі бар. Ол таным компоненттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекті-құралдармен, дидактикалық материалдармен, әртүрлі көрнекіліктермен қамтамасыз етілді.сол себепті өткізілген сабақ өз мақсатына толық жетті.
КезеңОқушыҮлгеріміүлгерім %Біл. сап. %Жалпы ОБД (%)Сынып 
ҮздЖақОрт



1-тоқсан112724,0100,081,8265,457
2-тоқсан112724,0100,081,8265,457
1-тоқсан103434,0100,070,066,408
2-тоқсан103524,1100,080,069,208
1-тоқсан41214,0100,075,066,009
2-тоқсан41123,75100,050,059,009












 
 Оқушылардың 1-2 тоқсандағы білімдеріндегі ас көп өзгеріс жоқ. Тек геометрия пәнінен 7 сынып білім сапасы 9% өсті, 8 сыныпта физика пәнінен   білім сапасы 10 % өсті, 9  сыныпта физика пәнінен  білім сапасы 25% түсті. Геометрия пәні
Сыныптар Оқушы саны 543Білім сапасы Үлгерімі 
17 сынып1127282100
28 сынып1035280100
Физика пәні 
Сыныптар Оқушы саны 543Білім сапасы Үлгерімі 
17 сынып1127282100
28 сынып1035280100
39 сынып411250100








 
 Қазақ тілі пәні бойынша 5- сынып  оқушыларымен қосымша сабақтар жүргізіліп , диктант жұмыстары алынды.Жіберілген пунктуациялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету арқылы,сауаттылыққа үйрету көзделді. 
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда ,олардың ойлау,қабылдау,түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен сауатты сөйлеудің маңызы ерекше.Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық жүйесін,сөздің орфоэпиялық нормаларын, сөз және оның  мағынасы ,сөзді орнымен қолдана білу,сөздің  морфологиялық  құрылымы, сөзден  сөйлемнің құралу жолы сияқты күрделі нәрселерді меңгеруі қажет.5-сынып оқушыларындағы негізгі олқылық- септік жалғауларын білмеуі. Осы кемшілікті жою үшін    «Таза тақта» әдіс бойынша септік жалғауларын, сұрақтарын тез жаттауға байланысты жұмыстар жүргізілді. 
 
23 қараша күні қазақ тілі пәнінен  7- сынып оқушыларымен қосымша сабақ өткізілді.Өткен оқу жылдарындағы білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының  меңгерілуін   қамтамасыз ету мақсатында қосымша сабақ жүргізілді.
Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру,грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету,қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, оқушылардың лексикалық сөздік қорын байыту және оларды  жүйелі сөйлеуге үйрету.Оқушының тіл байлығы ауызша да жазбаша да қатар  дамытылуы тиіс.Оқушылардың өз ана тіліне деген қызығушылықтарын арттырудың бір түрі көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру.Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін  7- сынып оқушыларының қазақ тілінен негізгі кемшіліктері –синтаксистік талдау жүргізу.Осы олқылықты жою жолында сабақ кезінде «Балық қаңқасы» әдісін көп қолдандым.
 
6- сынып оқушыларымен өткізілген қосымша сабақтар барысында олардың септік жалғаулары туралы білімдерінің толыққанды емес екендігі анықталды.Ос ы олқылықты жою үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Фонетика тарауын қайталау мақсатында «Сатылай комлексті талдау» әдісін пайдаланып қайталау жұмыстары жүргізілді. Сондай –ақ «сәйкестендіру» әдісі арқылы жеті септікті еске түсіріп ,қайталанды.Жеке оқушылармен  бекіту сабақтары өткізілді.
 5-9- сынып оқушылары арасында олқылықтарды жою мақсатында өткізілген қосымша сабақтар нәтижесінде оқушылардың білім сапасында аздаған болса да ілгерілеушілік байқалды. Әсіресе ,жазу каллиграфиясы нашар оқушылардың жазу дағдылары біршама қалыпқа түсті.Атап айтатын болсам, 5-сынып оқушылары: Төлеген Аңсар,Байділдаев Қуаныш.   6-сынып оқушылары:  Сатов Рамазан,Есенгелді Бекжан.
5-Сы
нып оқушылардың I тоқсан мен II тоқсанда  білім сапасы бір деңгейде 71% көрсетіп тұр.  
6-Сынып оқушылары I тоқсан мен II тоқсанда  66% білім сапасын көрсетіп отыр . 
7- сынып окушылары да I   токсан мен  II токсанда  салыстырмалы   түрде айтқанда  екі  тоқсанда   да  75%  білім   сапасын  көрсетті.
9-сынып оқушылары   I тоқсанда 75%, II тоқсанда да 75% білім сапасын көрсетті.Жалпы  қазақ   тілі  пәні  бойынша    73%  білім сапасын көрсетіп отыр.
     Әліппе пәні бойынша 1-сынытағы түзетуді қажет ететін оқушылармен «К дыбысы мен әрпі» тақырыбында олқылықтарды жою мақсатындағы іс-шара өткізілді. Оқушыларға «К дыбысы мен әрпі» бойынша сабақ түсіндірілді.Оқушылар тақырыпты толық меңгеріп, «К дыбысы мен әрпін» дәптерлеріне жазып,оқу жылдамдығын арттыру мақсатында  «Сәбіз жинау»әдісі қолданылды. Оқушылар сабақ соңында кері байланыс орнатты. 
 
     Әліппе  пәні бойынша 1-сынып оқушыларымен «М әрпі мен дыбысына» түзетуді қажет ететін оқушылармен қосымша сабақ өткізілді. Тақырыпты қамту барысында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. « Меңзер» әдісі арқылы тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін көрсетті.
 
                      Түзетуді қажет ететін оқушылармен әліппе пәні бойынша 1-сыныпта «Ш дыбысы мен әрпіне» қосымша сабақ өткізілді. Сабақ барысында «Жұмыртқа жинау»әдісі қолданылды. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылардың деңгейін анықтау барысында тапсырмалар орындады.
 
    Құрөзек негізгі орта мектебінің 1-сынып оқушыларымен математика  пәні бойынша біліміндегі олқылықтарды жою мақсатындағы қосымша сабақ өткізілді. «Ауыр,жеңіл,килограмм» тақырыбы бойынша өткен сабақты естеріне түсірді. Сабақ барысында карточкаларға есептер берілді. Кіртастарға оқу құралдары қойылып, өлшелінді. «Әліппе мен математика» ойыны ойнатылды. Ойын барысында оқушыларға әліппе пәнін оқи отырып, есеп шығарды.Оқушылар есептерді шығару арқылы ,өз деңгейлерін көрсетті.Тақырып бойынша оқушылар өз білгендерін ортаға салып, бір-бірін толықтырып отырды. Нәтижесінде,оқушылар « Ақылды үкі» арқылы кері байланыс орнатты.
 
           1- сынып білім алушыларымен әліппе пәнінен «Р дыбысы мен әрпіне» қосымша сабақ өткізілді.Өткен тоқсандағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және  оқу жылына арналған оқу бағдаламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша сабақ өткізілді.Қосымша сабақ барысында оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жұмыртқа теру» әдісін қолдандым. Нәтижесінде,оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып,осы әдісті ары қарай жалғастыруды қолға алдым.
 Математика пәнінен 1- сынып оқушыларымен «10санының құрамы»тақырыбында қосымша сабақ өткізілді.Оқушыларда есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды логикалық есеп шығаруға үйрету,математика сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін  1- сынып оқушыларымен өткізілген сабақтар өз нәтижесін көрсетіп Кобылинец Титомир мен Ақан Нұрсұлтан   сияқты     оқушылардың  өз   ойларын  жеткізуде,есеп шығарудан  ілгерілеушіліктері   байқалады. 
1- сынып білім алушыларымен әліппе пәнінен қосымша сабақтар өткізілді.Өткен тоқсандағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және  оқу жылына арналған оқу бағдаламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша «Р», «К», «М», «С», «У» әрпі мен дыбыстарына қосымша   сабақтар өткізілді.
Сабақ мақсаты :   Берілген тапсырмаларды орындап,дұрыс жазуға және дұрыс оқуға қалыптастыру . 
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда ,олардың ойлау,қабылдау,түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен сауатты сөйлеудің маңызы ерекше.Бұл үшін оқушы оқу дағдысына көбірек мән беріліп,күрделі нәрселерді меңгеруі қажет.Осындай маңызды қажеттіліктерді ескере отырып ,1-сынып оқушыларымен түсінбей қалған немесе меңгерілуі қиын деген тақырыптар «Р», «К», «М», «С», «У» әрпі мен дыбыстары қайтадан түсіндіріліп ,жұмыстар жүргізілді. Қосымша сабақтар барысында оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жұмыртқа теру» , «Сәбіз теру», «Меңзер»,«Шыбын ұру», «Бес саусақ» әдістері қолданылды. Нәтижесінде,оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып,осы әдісті ары қарай жалғастыруды қолға алдым. Ақан Нұрсұлтан,Кобылинец Титомир осы оқушылармен ары қарай жұмыстар жүргізіледі. 
Математика пәнінен 1- сынып оқушыларымен «10санының құрамы», «Килограмм», «Шамаларды өлшеу», «Сиымдылықтың өлшем бірлігі» «Литр» тақырыптарында қосымша сабақ өткізілді.Өткен тоқсандағы білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының  меңгерілуін   қамтамасыз ету мақсатында қосымша сабақ жүргізілді.
Оқушыларда есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды логикалық есеп шығаруға үйрету,математика сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін әртүрлі карточкаларға есептер, «Кім шапшаң», «Әліппе мен математика» әдістері арқылы 1- сынып оқушыларымен өткізілген сабақтар өз нәтижесін көрсетіп Кобылинец Титомир мен Ақан Нұрсұлтан ,Серихболқызы Балнұр сияқты      оқушылардың  өз  ойларын   жеткізуде,есеп шығарудан   ілгерілеушіліктері   байқалады. Осы оқушылармен олқылықтарды түзету жұмыстары ары қарай жалғастырылады
 Қазақ   тілі пәні бойынша 2-сыныптағы түзетуді қажет ететін оқушылармен «Менің  отбасым  және   достарым»  бөлімі  бойынша1.3.1.1. «Д  дыбысы   мен  әрпі» тақырыбында олқылықтарды жою мақсатындағы іс-шара өткізілді. Оқушыларға «Д дыбысы мен әрпі» бойынша сабақ түсіндірілді.Оқушылар тақырыпты толық меңгеріп, «Д  дыбысы мен әрпін» дәптерлеріне жазып, дыбыстың  айтылуы  мен   жазылуын   ажырата білді.Сөйлемді  бас  әріптен   бастап  жазып,  сөйлем   соңына  тыныс  белгілерін   қоюды  білді.Жазу  каллиграфиясын   түзетуді   қажет  ететін  оқушылармен   терең  жұмыс  жүргізу   керек. 
 
                  Матеметика   пәні бойынша 2-сынып оқушыларымен  түзетуді қажет ететін оқушылармен қосымша сабақ өткізілді. 1.1.3.3шамалар  мәндерін (см,дм,кг, л, сағ)  салыстыру  және   амалдарды  орындау  мақсатында «Көлемді  қалай   өлшейміз?»  тақырыбы  бойынша   өткен  сабақтарды  еске   түсірді.Сабақ  барысында  карточкаларға   есептер  берілді.Кір  тастарға   оқу  құралдары  қойылып   өлшенді.Сондай-ақ  банкаға  құйылған   суларды  өлшеп, салыстырды.Тақырыпты қамту барысында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. « Еркін  микрофон» әдісі арқылы тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін көрсетті.
 
                                         Түзетуді қажет ететін оқушылармен математика пәні бойынша 2-сыныпта  қосымша сабақ өткізілді. 1.4.1.3.жұп  құру   арқылы  нысандар  жиындарын   салыстыру, тең  жиындарды, бос  жиындарды  анықтау   мақсатында «Жиындарды салыстыру. Тең   жиындар»  тақырыбында  сабақ   өткізілді.Оқушылар   жиындардың  тиісті  және   тиісті  емес  элементтерімен  терең   танысты.Мысалы,  құстар  жиынындағы   тиісті  емес  элементті   немесеүй  жануарлар  жиынындағы   тиісті  емес  элементті   ажырата  білді. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылардың деңгейін анықтау барысында тапсырмалар орындады.
 
    Құрөзек негізгі орта мектебінің 2-сынып оқушыларымен әдебиеттік  оқу пәні бойынша біліміндегі олқылықтарды жою мақсатындағы қосымша сабақ өткізілді. 1.2.1.2  оқудың  түрлерін (буындап  оқу,   жиі  кездесетін  сөздерді   тұтас  оқу,түсініп  оқу) қолдану   мақсатында «»Денсаулық-зор   байлық»   тақырыбында  «Кім   жылдам?»  әдісі  арқылы минутқа  оқыд .Тақырып бойынша оқушылар өз білгендерін ортаға салып, бір-бірін толықтырып отырды. Нәтижесінде,оқушылар « Басбармақ» арқылы кері байланыс орнатты.
 
2- сынып білім алушыларымен қазақ  тілі   пәнінен «Менің  туған  өлкем»   бөлімі  бойынша1.3.8.1. «Әңгіме  оқимын. Сөйлемдегі  сөздердің   байланысы  тақырыбында » қосымша сабақ өткізілді.Өткен тоқсандағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және  оқу жылына арналған оқу бағдаламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша сабақ өткізілді.Қосымша сабақ барысында оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «  Қарлы  кесек» әдісін қолдандым. Нәтижесінде,оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып,осы әдісті ары қарай жалғастыруды қолға алдым.
 
Математика пәнінен 2- сынып оқушыларымен «Логикалық  есептер   шығару »тақырыбында қосымша сабақ өткізілді.Оқушыларда есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды логикалық есеп шығаруға үйрету,математика сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін  2- сынып оқушыларымен өткізілген сабақтар өз нәтижесін көрсетті.
 
2- сынып білім алушыларымен әліппе пәнінен қосымша сабақтар өткізілді.Өткен тоқсандағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және  оқу жылына арналған оқу бағдаламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша   өткен   тақырыптарды   қайталау  барысында   қосымша  сабақтар өткізілді.
Сабақ мақсаты :   Берілген тапсырмаларды орындап,дұрыс жазуға және дұрыс оқуға қалыптастыру . 
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда ,олардың ойлау,қабылдау,түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен сауатты сөйлеудің маңызы ерекше.Бұл үшін оқушы оқу дағдысына көбірек мән беріліп,күрделі нәрселерді меңгеруі қажет.Осындай маңызды қажеттіліктерді ескере отырып ,2-сынып оқушыларымен түсінбей қалған немесе меңгерілуі қиын деген тақырыптарды  қайтадан түсіндіріліп ,жұмыстар жүргізілді. Қосымша сабақтар барысында оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Еркін   микрофон» , «Кім  жылдам?», «Мессенгер», «Бес саусақ» әдістері қолданылды. Нәтижесінде,оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып,осы әдісті ары қарай жалғастыруды қолға алдым. Сат  Аружан, Кенжебек  Рамазан,Есенгелді  Ерсұлтан осы оқушылармен ары қарай жұмыстар жүргізіледі. 
                                                                Математика пәнінен 2- сынып оқушыларымен «Көлемді  қалай   өлшейміз?», «Шамаларды өлшеу», «Жиындар» «Литр» тақырыптарында қосымша сабақ өткізілді.Өткен тоқсандағы білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының   меңгерілуін  қамтамасыз ету мақсатында қосымша сабақ жүргізілді.
 2-сынып   қазақ  тілі,  әдебиеттік   оқу  пәнінен олқылықтарды жою мақсатында өткізілген  бақылау жұмысының салыстырмалы мониторингі.
ПәніОрындаған оқушылар саны                 Бағалары1 - тоқсан2- тоқсанСапа айырмасы 
2345
математика8
32357636
Қазақ     тілі8
32360633
Әдебиеттік     оқу8
32354639
 
       2- сынып оқушыларынан олқылықтарды жою мақсатында өткізілген жұмыстардың нәтижесі ретінде бақылау жұмыстары алынды. 1-тоқсанға қарағанда 2- тоқсанда математика пәнінен 6%, қазақ тілінен 3%, әдебиеттік оқудан 9% сапа көтерілді. Бұл жұмысты әрі қарай жоспармен олқылықты жою мақсатында, сапаны көтеру мақсатында жұргізілетін болады. Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен -63% сапаны құрайды. Бұл тиімді әдіс-тәсілдерді қолданғанның арқасында. Мысалы: қар көшкіні, ыстық микрафон, жылдам жауап және т.б. Алдағы уақытта жұмысты жоспар бойынша жалғастырамыз.
 
       Оқушыларда есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды логикалық есеп шығаруға үйрету,математика сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін әртүрлі карточкаларға есептер, «Кім шапшаң»,   әдістері арқылы 2- сынып оқушыларымен өткізілген сабақтар өз нәтижесін көрсетіп   Аружан, Кенжебек  Рамазан,Есенгелді  Ерсұлтан сияқты     оқушылардың  өз   ойларын  жеткізуде,есеп шығарудан  ілгерілеушіліктері   байқалады. Осы оқушылармен олқылықтарды түзету жұмыстары ары қарай жалғастырылады
3- сынып оқушыларының білімдеріндегі олқылықтарды жою және оларды толықтыру мониторин
 
Пәні1-тоқсанАйырмашылығы 2-тоқсан
қазақ тілі70%10%80%
жаратылыстану70%10%80%
әдебиеттік оқу70%10%80%
дүниетану70%10%80%
              3-сынып оқушыларымен 1-жарты жылдықта  олқылықтарды жою мақсатында жоспар құрылып, білім алушылармен жұмыс жүргізілді. 
1- тоқсан соңында-70%, 2- тоқсанда -80%  айырмашылығы 10 пайызды құрады. Бұл сапа алдыңғы сапалардан әлде қайда жақсы. Себебі өткен тақырыпты пысықтау мақсатында түрлі әдістерді қолдандық. Мысалы: Еркін микрафон балаларға сұрақ қою кезінде, кім жылдам, кім тапқыр, Аквариум, Ара ұясы, Аударыспақ және т.б.  Бұл білім сапасын ары қарай өсіру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жоспар бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
3- сынып оқушыларының 2021-2022 оқу жылындағы пәндер бойынша білім сапасын салыстыру  мониторингі
 
ПәніҚазақ тіліЖаратылыстануӘдебиеттік оқудүниетану
1-тоқсан70%70%70%70%
2-тоқсан80%80%80%80%
Айырмашылығы 10%10%10%10%
   3-сынып оқушыларының білім сапасы 1-тоқсанда 70%, 2- тоқсанда 80% құрайды. Айырмашылығы 10% пайызды құрап  отыр. Себебі дүниетану пәні 2-ші тоқсанда бағаланғандықтан және бір оқушы екпінді болғанына байланысты  пайызы өсті. Алдағы уақытта сыныптың сапасын өсіру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жұмыс жүргізілетін болады.
      Қазақстан тарихы бойынша 1-ІІ тоқсан сапа көрсеткіштері-59%,  үлгерімі-100% Қорытылмаған, үлгермейтін оқушылар жоқ. Әр оқушылармен жеке жұмыс жасалып, жоспарланған бағдарлама толық орындалды. Сапа көрсеткіші   Дүниежүзі тарихынан 61%, үлгерімі-100 %.  Қорытылмаған, үлгермейтін оқушылар жоқ.
5,6,7,8,9-сыныптарда   тарих   пәнінен  бойынша оқушыларда     көптеген   қиындықтар болды. «олқылықтардың орнын толтыру» бойынша вебинар өткізілді. Вебинар барысында 0-дік срез жұмыстары алынғаны туралы және сол бойынша жоспар құрылып,қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жіберілген  олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтар өткізіліп, сабақтарда   әдіс-тәсілдер қолданылып,оқушының білім алуына қызығушылығын оятып жағдай жасалынды.
            Математика пәні бойынша 3-сынытағы олқылықтарды жою мақсатында түзетуді қажет ететін оқушылармен  сабақтан тыс қосымша іс –шаралар жүргізілді. Түзетуді қажет ететін оқушылар оқу-тәрбие үдерісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және оның алдын алу жұмыстары көбірек болуы үшін көбірек ынта жігер қажет. Пән бойынша балаға білім беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, сөйлеу мәнеріне үйрету. 
Олқылықтарды жоюдың пән бойынша негізгі мақсаты: 
Математика  бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
Оқушыларды жеке тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
Түзетуді қажет ететін оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып,математика пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
 
    Математика пәні бойынша 3-сынып оқушыларына төмендегі мақсаттағы сабақтар қиындық туғызды: 
100 көлемінде ауызша қосу және азайту. 2.1.1.1. 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. 
Көпбұрыштың түрлері.Шаршының және тіктөртбұрыш -тың қасиеттері. 
2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау 
2.3.1.2. көпбұрыштарды төбелер саны бойынша жіктеу.
проблемалары тақырыптары бойынша қосымша сабақтар өткізіліп, модульдеу сабағын жүргізіп, картамен жұмыс жасауына ықпал етілді. 
  1. Бұрыштардың түрлерін анықтап, жаз: тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш
 
Тест жұмыстары алынды. Тест қорытындысы бойынша қиналған сұрақтарын спиральді оқыту әдісі бойынша жеңілден қиынға қарай жұмыс жүргізілді.
Көбейтудің ауыстырымдылық заңы. 2.1.2.2 - көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау
 
  
    Түзетуді қажет ететін оқушылармен математика пәні бойынша 3-сыныпта қиындық туғызған сабақ мақсаттары төмендегідей болды. 
2.1.2.2. Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
  2.2.1.3.Қосу мен көбейтудің қасиеттерін əріпті теңдік түрінде:a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c); ab=ba көрсету жəне қолдану.
Талқылауға арналған сұрақтар: 
Не себепті......деп ойлайсыз
1.50 санын 3 көбейтсек қанша болады?
 2.80: 2  өрнегі математикалық терминмен қалай айтылады?
 3. 30  санын  2   көбейтсек қанша болады?
Есепте.
70*3=210            40*3=120                 90*3=270 
50*3=150            80*3=240                 60*3=180 
70*4=280           40*4=160                  90*4=360 
50*4=200           80*4=320                  60*4=240 
70*5=350           40*5=200                  90*5=450 
50*5=250           80*5=400                  60*5=300    
Ауызша түсіндіре отырып есепте.
23*2=20*2+3*2=40+6=46
230*2=200*2+30*2=400+60=460
23*20=20*20+3*20=400+60=460
34*2=30*2+4*2=60+8=68
340*2=300*2+40*2=600+80=680
34*20=30*20+4*20=600+80=680
Осы қиындықтарды жою мақсатында тест жұмысы алынып, сол тест жұмысының нәтижесі бойынша оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар, карточкамен жұмыстар берілді. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 1-ші тоқсанмен салыстырғанда оқу сапасы едәуір көтерілгендігі байқалады. 
  
  
 
Оқушыларда дамудың жеке варианттарының көптүрлілігі бар. Ол таным компоненттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекті-құралдармен, дидактикалық материалдармен, әртүрлі көрнекіліктермен қамтамасыз етілді.Сол себепті өткізілген сабақ өз мақсатына толық жетті.
          Математика пәні бойынша олқылықты түзету мақсатында 3 сыныпта 1-тоқсанда сапасы -30 пайыз болды, 2-тоқсанда -40-50пайызға дейін көтерілді.1-ші мен 2-ші тоқсанда салыстыпғанда 5-10 пайызға сапасы көтерілді.
математика пәні бойынша 3-сынытағы олқылықтарды жою мақсатында түзетуді қажет ететін оқушылармен  сабақтан тыс қосымша іс –шаралар жүргізілді. Түзетуді қажет ететін оқушылар оқу-тәрбие үдерісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және оның алдын алу жұмыстары көбірек болуы үшін көбірек ынта жігер қажет. Пән бойынша балаға білім беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, сөйлеу мәнеріне үйрету. 
Олқылықтарды жоюдың пән бойынша негізгі мақсаты: 
Математика  бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
Оқушыларды жеке тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
Түзетуді қажет ететін оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып,математика пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
  
   Оқушыларда дамудың жеке варианттарының көптүрлілігі бар. Ол таным компоненттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекті-құралдармен, дидактикалық материалдармен, әртүрлі көрнекіліктермен қамтамасыз етілді.Сол себепті өткізілген сабақ өз мақсатына толық жетті.
        Математика пәні бойынша олқылықты түзету мақсатында 3 сыныпта 1-тоқсанда сапасы -30 пайыз болды, 2-тоқсанда -40-50пайызға дейін көтерілді.1-ші мен 2-ші тоқсанда салыстыпғанда 5-10 пайызға сапасы көтерілді.
математика пәні бойынша 3-сынытағы олқылықтарды жою мақсатында түзетуді қажет ететін оқушылармен   сабақтан тыс қосымша іс –шаралар жүргізілді. Түзетуді қажет ететін оқушылар оқу-тәрбие үдерісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және оның алдын алу жұмыстары көбірек болуы үшін көбірек ынта жігер қажет. Пән бойынша балаға білім беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, сөйлеу мәнеріне үйрету. 
Олқылықтарды жоюдың пән бойынша негізгі мақсаты: 
Математика  бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
Оқушыларды жеке тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
Түзетуді қажет ететін оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып,математика пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
4- сынып математика пәнінен олқылықтарды жою мақсатында 
жүргізілген жұмысының анықтамасы
Математика пәні бойынша оқушылармен олқылықты жою мақсатында өткен тақырыптарды қайта еске түсіру жұмыстары жүргізілді. 1.2 Сандармен амалдар орындау. 5.1 Есептер және математикалық модель7 санына  көбейту және бөлу кестесі3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану. Оқушылар өткен тақырып бойынша жақсы жұмыс атқарды. Берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілді.
 
4-сынып бойынша қазақ тілі пәнінен олқылықты жою мақсатында жүргізілген жұмысының анықтамасы
  Қазақ тілі пәнінен өткен оқу жылындағы бағдарламалардың меңгерілуін бақылау үшін оқушылардан аталған пән бойынша тест алынды.  Тест тапсырмаларында Қазақ тілінде қанша дауысты, дауыссыз дыбыстар бар?, Түбірлі, қосымшалы сөздерді табу, Мәтін түрлерін табу, Мақалды жалғастыру және т.б.
Нәтижесінде оқушылар білімінде кейбір тақырыптарда кемшіліктер байқалды. Кенжебек Бердігүл,  Аймаг Дінмұхамбет осы тақырыптар бойынша қателіктер жіберген.   Алдағы уақытта аталған тақырыптар бойынша қосымша жұмыс жүргізіледі.
 
       Оқушылар өткен «Менде еліме қызмет етемін» тағы басқа  тақырыптар бойынша оқу жылдамдығы тексеріледі.
      Нәтижесінде оқушылар Нұрахмет Айару, Ауелкан Санжар 1- минутта 135 сөзден асырып  оқып жоғары нәтиже көрсетті. 
Оразхан Әлішер, Ғабиденұлы Марлен, Полат Арайлым , Құмарбек Жұлдыз, Даниярұлы Ерасыл оқу жылдамдығының нормаларын орындаса,
Кенжебекқызы Бердігүл, Маулит Тілеуберді, Аймаг Дінмұхамбет, нормадан төмен оқыды.  Алдағы уақытта төмен оқып отырған оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіледі.
 4- сынып  дүниетану пәні бойынша олқылықтарды жою мақсатындағы анықтама
      Оқушылардың өткен  тақырыптар бойынша өткен тақырыпты қайталау жұмыстары жүргізілді. Тапсырмалар мынандай тақырыптарды қамтыды.– Сәулет өнері, Уақыт, Өнер, Атақты тұлғалар бөлімдері бойынша қайталау сұрақтары мен қайта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тапсырмаларын тексеру барысында төмен баға алған Аймаг Дінмұхамбет, Ақан Ақбота. Нәтижесінде өткен оқу жылындағы қамтылған таақырыптардың дұрыс меңгерілмеу себебінен   оқушылар біліміндегі кемшіліктер байқалды . Төмендегі тақырыптар бойынша Көкжиек тұстары,ауанын қасиеттері, судың қасиеттері ,тірі табиғат т.б
Алдағы уақытта осы аталған тақырыптар бойынша қосымша жұмыс жүргізіледі. 
 
         «Көксерек» тақырыбында бақылау диктанты алынды.  Оқушылар  жұмысының нәтижесі төмендегідей болды. Өте жақсы жазған оқушы: Ауелкан Санжар, Нұрахмет Айару. Орташа жазған Полат Арайлым, Құмарбек Жұлдыз,  Оразхан Әлішер, Даниярұлы Ерасыл, Ақан Ақбота. Төмен деңгейде жазғандар: Тарғын Дамиля, Кенжебек Бердігүл. Жіберілген қателер тізімі: әріптерді тастап кетуі, сөздердің дұрыс тасмалданбауы, тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауы және т.б. осы аталған қателер бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетін болады.
 
      Математика пәні бойынша оқушылардан бақылау жұмысы алынды. Бақылау жұмысы 5-тапсырмадан тұрады. 1. Есепті баған түрінде есептеп шығар.2. Есепті шығар. 3.Теңдеуді шеш. 4. Амалдарды орында. Логикалық тапсырма. Алынған бақылау жұмысының нәтижесінде Аймаг Дінмұхамбет, Кенжебек Бердігүл, Маулит Тілеуберді төмен деңгейде орындады. Осы қамтылған тақырыптар аясында аталған оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілетін болады.
 
Қазақ тілі пәнінен олқылықты жою мақсатында 4-сыныптан алынған бақылау диктантының анықтамасы
         «Кірпіш» тақырыбында бақылау диктанты алынды.  Оқушылар  жұмысының нәтижесі төмендегідей болды. Өте жақсы жазған оқушы: Ауелкан Санжар,Нұрахмет Айару. Орташа жазған Полат Арайлым, Құмарбек Жұлдыз,  Даниярұлы Ерасыл, Халаш Дархан. Төмен деңгейде жазғандар: Тарғын Дамиля, Кенжебек Бердігүл. Жіберілген қателер тізімі: әріптерді тастап кетуі, сөздердің дұрыс тасмалданбауы, тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауы және т.б. осы аталған қателер бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетін болады.
 
       Математика пәні бойынша оқушылардан бақылау жұмысы алынды. Бақылау жұмысы 4-тапсырмадан тұрады. 1. Амалдарды орында .2. Қалдықпен бөлуді орында 3.Теңдеуді шеш. 4. Тіктөртбұрыштың периметірін табу. Алынған бақылау жұмысының нәтижесінде Аймаг Дінмұхамбет, Кенжебек Бердігүл, Маулит Тілеуберді төмен деңгейде орындады. Себебі Амалдардың орындалу ретінің дқрыс еместігі. Сонымен қатар көп таңбалы сандарды бөлуде қиындықтар туындады. Осы қамтылған тақырыптар аясында аталған оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілетін болады.
 
    6-сынып бойынша оқушылармен және жеке оқушымен қыйындықтарды жеңуге жеке жұмыстар  жүргізілді. Осы аталған оқушылармен жеке қосымша  жұмыстар жасалып отырды. Қазақстан тарихынан көптеген тақырыпқа сабақтар өтілді.Мысалы, «Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы», 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру; «Сақтардың Александр Македонский әскеріне қарсы күресі» 5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау; тақырыптарында сабақтар өтілді.Осы тақырыптарда оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін  «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Броундық қозғалыс», «Стикердегі диалог»  әдістерін пайдаланылды. «Үштік» әдісі бойынша сынып тапсырманы оқиды, талдап ортаға ойларын салады. Соның нәтежесінде оқушылардың үлгерімі көтеріліп, өздігімен жұмыс жасаға талпынысы артты,пәнге қызығушылықпен қарайтын болды. 
 7-сынып   бойынша жалпы оқушылармен және жеке оқушылар Оразғали Ақерке, Полат Дінисламмен, Хлаш Оразалымен  жеке  жұмыс жасалды   және   ата-аналарымен  байланыс  жасап    отырылды. . Қазақстан тарихынан көптеген тақырыпқа сабақтар өтілді.Мысалы,  «Атлах шайқасы» 6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау; «X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер» 6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; Сабақтарда «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда , өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.Соның   нәтежесінде оқушылардың  сөздік   қоры  дамып  тарихи   оқиғаларды  өздігімен  айтуға, жұмыс   жасауға дағдылана  бастады. Пәнге қызығушылықтары артты.
 
    8-сынып бойынша оқушылармен және жеке оқушымен қыйындықтарды жеңуге жеке жұмыстар  жүргізілді. Осы аталған оқушылармен жеке қосымша  жұмыстар жасалып отырды. Дүниежүзі тарихынан көптеген тақырыпқа сабақтар өтілді.Мысалы, «Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?» 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; «Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?» 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; Сабақтарда «SWOT» – талдау әдісі қолданылды. Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі. Соның нәтежесінде Оқушылардың  пәнге қызығушылығы арта бастады.
 
9-сынып  бойынша жалпы оқушылармен және жеке оқушылар Оразғали Ақерке, Полат Дінисламмен, Хлаш Оразалымен  жеке  жұмыс жасалды   және   ата-аналарымен  байланыс  жасап    отырылды. . Қазақстан тарихынан   сабақтарта мысалы, «Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар) » 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру.Сабақта  «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі», «ПОПС формуласы», «Шахмат», «Фишбоун» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолдандым. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды. Оқушылардың  пәнге қызығушылығы арта бастады.Жеке оқушылар Асубай Бекежан және Есенгелді Бекзатпен нақты жеке сыйластық және сенімді қарым – қатынас жасалып орнатылды.
 
  Жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың үлгерімін жақсарту барысында үш түрлі бағытты атап көрсетуге болады. Осы үш бағыттың бірлігінде жұмыс үнемі орындалып отырды. Олар: психо-педагогикалық, медико-биологиялық және әлеуметтік бағыттар.Бұл бағыттар оқушының даму дәрежесіне, сабаққа қатысуына, оқу үрдісіне жеке оқушының өз қабілеті мен мүмкіншілігін пайдалану жолдарын ашуға көмек береді.
 Көптеген жүргізген жұмыстардың нәтежесінде  сыныптар бойынша оқушылардың үлгерім сапасы артты.   
Оқыту үдерісі кезінде орындалатын тапсырмалар:
  1. Үлгермеушілердің өздеріне қиын болып табылған сұрақтарды меңгеруіне қатаң бақылау жасау.
  2. Оқушының  жұмыстарын тиянақты қадағалау, жіберілген қателерімен  жұмыс жасау тексеру және түзету.
Жүргізілген қосымша жұмыстың нәтижесі:
Оқушылармен  қосымша сабақ жүргізілген кезде  көптеген өзгерісі байқалды. Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабақтарында ауызша сөйлету арқылы шәкірттің тарихи білімінің шамасын,тарихи ойы мен тілінің дамуы,сонымен қатар тарихи ұғымдар мен терминдерді т.б. анықтай алуға үйрене бастағандары анықталды
        5-9 сыныпта ағылшын тілі пәні бойынша жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, қосымша сабақтар өткізілді. Осы шақ яғни Present simple, Present continuous, Present perfect тақырыптары толық қамтылды.Қосымша сабақтар барысында оқушылармен грамматиканы үйрену үшін, грамматикалық карточкалармен,Present simple   тақырыптарында видеороликтармен жұмыс жүргізіліп, сөздіктерді жаттау үшін Bang-Bang  ойындары ойнатылды. Bang-Bang  ойыны барысында оқушылар жарысып сөздіктер айтты. Ойын  барысында Байдильдаев Дияс пен Ерхан Мирас жарысып. Нәтижесінде ең көп сөз айтып, Ертай Мирас жеңіске жетті. Осындай ойындар мен әдіс-тәсілдердің арқасында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары едәуір артқаны байқалды.           
        7- сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәні бойынша жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, қосымша сабақтар өткізілді. Үстеулер мен демеуліктерді қайталау мақсатында деңгейлік тапсырмалар алынды. Adverbs, Preposition of places тақырыбы бойынша қайталап, Learningapp бойынша тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар карточкалармен жұмыстар жүргізілді. Тақырыпты қортындылау мақсатында оқушылардан үсеулер мен демеуліктер бойынша тест жұмыстары алынды. тест жұмысының нәтижесі бойынша оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар, карточкамен жұмыстар берілді. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды оқуға деген ынтасын арттырып отырады.
 
4-9- сыныптар арасында, ағылшын тілі пәні бойынша жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, қосымша сабақтар өткізілді. Түзетуді қажет ететін оқушылар оқу-тәрбие үдерісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және оның алдын алу жұмыстары көбірек болуы үшін көбірек ынта жігер қажет. Пән бойынша балаға білім беріп қоймай оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, сөйлеу мәнеріне үйрету. 
Қосымша сабақтар барысында оқушылармен грамматиканы үйрену үшін, грамматикалық карточкалармен, видеороликтармен жұмыс, сөздіктерді жаттау үшін ойындар, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізілді. Осы шақ яғни Present simple, Present continuous, Present perfect тақырыптары толық қамтылды. Бейнематериалдар көрсетіліп спиральді оқыту әдісі қолданылды. Таным әрекетінің нәтижелілігі ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне ықпалын тигізді.
 
        4-9- сыныптар арасында, ағылшын тілі пәні бойынша жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, қосымша сабақтар өткізілді. Қосымша сабақтар Ағылшын тілі пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;Оқушыларды жеке тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
Түзетуді қажет ететін оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, ағылшын тілі пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу мақсатында жүргізілді.Қосымша сабақтар барысында оқушылармен грамматиканы яғни Conditionals тақырыбын  үйрену үшін, грамматикалық карточкалармен,Conditionals бойынша   видеороликтармен жұмыстар жүргізілді.
 
  Ағылшын тілі пәні бойынша диаграмма
 

4-сынып5-сынып6-сынып7-сынып8-сынып9-сынып
1-тоқсан61%57%60%63%60%50%
2-тоқсан69%57%60%63%60%50%
Айырмашылығы8%-----
Оқушыларда дамудың жеке варианттарының көптүрлілігі бар. Ол таным компоненттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты спиральді оқыту әдісі бойынша жеңілден қиынға қарай жұмыс жүргізілді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекті-құралдармен, дидактикалық материалдармен, әртүрлі көрнекіліктермен қамтамасыз етілді, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары біршама артты, сол себепті өткізілген сабақ өз мақсатына толық жетті.
математика  пәнінен оқу сапасының  1-2-тоқсан бойынша салыстырмалы мониторингі
 
Сынып1-тоқсан2-тоқсан
557%57%
657%60%
750%50%
860%60%
9 алгебра50%50%
9 геометрия50%50%
5-9-сынып оқушыларымен математика пәні бойынша «Олқылықтарды жою жоспары» негізінде қосымша сабақ өткізілді. 
5-сынып. Сабақ кезінде «Көбейту және бөлу» тақырыптарын қайталау жұмысы жүргізілді.
6-сынып. Сабақ кезінде «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыптарын қайталау жұмысы жүргізілді.
7-сынып. Сабақ кезінде «Рационал сандарға амлдар қолдану» тақырыптарын қайталау жұмысы жүргізілді.
8-сынып. Сабақ кезінде «Функция. Функцияның графигі. Статистика элементтері» тақырыптарын қайталау жұмысы жүргізілді.
9-сынып. Сабақ кезінде «Квадрат теңдеулер» тақырыптарын қайталау жұмысы жүргізілді. Тақырыптарды қайталау барысында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. Деңгейлік тапсырмалар барысында оқушылар өз білімдерін көрсетті
                            
5-9-сынып оқушыларының математика пәні бойынша оқу сапасының мониторингі
 
Тоқсанның қорытындысы бойынша
 5-сынып 57% ;білім сапасын көрсетті,
6-сынып 60% ;білім сапасын көрсетті, 
7-сынып 50% ;білім сапасын көрсетті, 
 8-сынып 60% ;білім сапасын көрсетті, 
9-сынып 50% ;білім сапасын көрсетті. Білім сапасын көтеру мақсатында   қосымша олқылықтарды жою  жоспары құрылып, білім алушылармен жеке жұмыстар жасалды, ата-анамен , сынып жетекшімен  тоқсан бойы байланыс болдым. 
    Биология,химия пәндері бойынша 7-9-сынытағы олқылықтарды жою мақсатында түзетуді қажет ететін оқушылармен  сабақтан тыс қосымша іс –шаралар жүргізілді. Түзетуді қажет ететін оқушылар оқу-тәрбие үдерісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және оның алдын алу жұмыстары көбірек болуы үшін көбірек ынта жігер қажет. Пән бойынша балаға білім беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, сөйлеу мәнеріне үйрету. 
Олқылықтарды жоюдың пән бойынша негізгі мақсаты: 
Биология , химия бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
Оқушыларды жеке тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
Түзетуді қажет ететін оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, биология пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
 
    Биология ,химия пәндері бойынша 8-сынып оқушыларына төмендегі мақсаттағы сабақтар қиындық туғызды:
Биология- 8.1.5.1.Зәр шығару жүйесінің құрылысы;
 8.1.2.2.Микробиология және биотехнология.
Осы тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізіліп, модульдеу сабағын жүргізіп,  ықпал етілді. Тест жұмыстары алынды. Тест қорытындысы бойынша қиналған сұрақтарын спиральді оқыту әдісі бойынша жеңілден қиынға қарай жұмыс жүргізілді.
Химия пәні бойынша қиындық туғызған тақырыптар :
8.1.3.2.Энергетикалық деңгейлер ;
8.2.4.4.Мталардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі .
 
    Түзетуді қажет ететін оқушылармен Биология пәні бойынша 7-сыныпта қиындық туғызған сабақ мақсаттары төмендегідей болды. 
7.4..2. жасушаның құрылымы ;
7.1.3.5. Ксилма,флоэма;
7.1.4.2.Тыныс алу типтері.
Осы қиындықтарды жою мақсатында тест жұмысы алынып, сол тест жұмысының нәтижесі бойынша оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар, карточкамен жұмыстар берілді. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 1тоқсанмен салыстырғанда оқу сапасы едәуір көтерілгендігі байқалады. 
 
Химия пәні бойынша қиындық туғызған тақырыптар :
    7.1.1.3. Химиялық реакциялардың белгілері ;
    7.1.2.1. Атомдар және молекулалар .
Түзетуді қажет ететін оқушылармен 9-сыныпта Биология пәнінен төмендегі тақырыптар бойынша қайталау,пысықтау сабақтары жүргізілді .
9.4.1.1. Ферменттердің әсер ету механизмі ;
9.1.5.1. Нефрон ,ультрафильтрация .Абсорбция және десорбция.
Химия пәнінен қиындық туғызған тақырыптар :
9.4.1.1. Электролиттер және бейэлектролиттер ;
9.4.1.7. Электролиттік диссоциациялану .
Оқушыларда дамудың жеке варианттарының көптүрлілігі бар. Ол таным компоненттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекті-құралдармен, дидактикалық материалдармен, әртүрлі көрнекіліктермен қамтамасыз етілді.сол себепті өткізілген сабақ өз мақсатына толық жетті.
Биология :
 
Химия :
 
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ 3-тоқсан бойынша атқарылған 
іс-шаралар   анықтамасы
18.01 күні «PISA»-15 жастағы білім алушылардыың математикалық,жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеу тапсырмаларын құрастыру, «PIRLS» мәтінді оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеу тапсырмаларын құрастыру бойынша әдістемелік отырыстар өткізілді.
   
21.01 күні аудандық PISSA тапсырмаларын құрастыру тақырыбында өткізілген онлайн конференцияға география пәнінің мұғалімі  Ш.Сабаншиева , директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Ж.К.Мушанова қатысты.
  
25-қаңтар күні 3-сыныпта мектепішілік бақылау мен басшылық жоспарына сәйкес ағылшын тілі пән мұғалімі Ж.К.Мушанова ағылшын тілінен «Musical instuments » тақырыбында үлгілі сабақ өткізді. Сабақта рухани құндылықтарды дарыту мақсатында музыкалық аспаптармен оркестр ойнатылд. Оқушылар ұйымдастыру кезеңінде ағылшынша амандасып, психологиялық тренинг оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтумен басталды. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар өткізілді. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдері оқушылардың жас ерекшеліктері мен талапқа сай болды. Оқушылар сабақта белсенділік таныта білді. Оқушылар сабақта can модаль етістігін өтті, модаль етістігін қатыстырып сөйлемдер құрастыруды үйренді. Сабақта оқушылар алға қойылған мақсаттарына жетті. «Қар кесегі» әдісі үй тапсырмасын сұрау барысында, «Ыстық орындық » әдісі мәтінмен жұмыс уаұытында қолданылды. Оқушылар топтық жұмыста қағазда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырды. Сабақ барысында әрбір тапсырмаға дескрипторлар құрылған, қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіліп отырды.  Оқушылар тапсырмаларды орындап стикерлер арқылы  балл жинап отырды. Сабақ соңында оқушыларға медальдар берді. Оқушылар кері байланыста музыкалық аспаптарды бояп кері байланыс берді. Дәптермен жұмыс жүйелі жүргізілді. 
  
25 қаңтар күні аудандық өткізілген PISA тапсырмаларын оқу сауатылығы , қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында құрастыру бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ажикеева   онлайн семинарға қатысты. 
 
Ағылшын тілі пәнінен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы»
            5-сынып оқушыларымен «Healthy food» тақырыбында   сабақ өткізілді. Негізгі мақсаттары:Use appropriate subject-specific vocabulary and syntax to talk about a growing range of general topics, and some curricular topics. Give an opinion at discourse level on a range of general and curricular topics. Recognise the attitude or opinion of the writer on a growing range of unfamiliar general and curricular topics, including some extended texts. Сабақтың барысы:    
 
  Үй жұмысына берілген тапсырманы сұрау үшін «Bang-Bang» әдісі қолданылды. Ойын арқылы оқушылар сөздіктерді жарыса айтты.
  
Qr Code арқылы оқушылар жаңа сабақтың барысымен таныса отырып, тағамдар туралы сұрақтарға жауап берді.
 
  
Видеоролик көріп, ережемен танысқаннан соң LearningApps қосымшасы арқылы тапсырма орындалды.
 
Тақтамен жаттығу орындалған соң, оқушылар тақырып бойынша постер құрап, топтары бойынша қорғалды. Әрбір топ бір бірін стикерлар арқылы бағалады.
 
 Сабаққа Instagram арқылы кері байланыс ала отырып, оқушыларға алғыс хаттар берілді.
16.11.2021 оқу жылында Биология пәнінен  оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту мақсатында  «Заттардың тасымалдануы.Қанның құрамы,қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты : 8.1.3.2 Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу ; 8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау ;
Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушыларға «Өрмекші торы » арқылы психологиялық тренинг өткізілді.
Жаңа сабақта «Миға шабуыл » әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратын сұрақтар қойылды.  Мұғалім оқушыларға тиімді кері байланыс жасап отырды. Жаңа сабақ басында оқушыларды жаңа сөздермен таныстырды.  №6 зертханалық жұмыс орындатты. Презентациямен таныстырды. Қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатты. Тапсырмаларға нақты дескрипторлар құрылған. Талдау айдарында оқушылар кестемен жұмыс жасады. Терминология ағылшын термин сөздерін оқып, талдап, дәптерлеріне жазып алды. Сабақта оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды тиянақты орындап отырды. Сабақ өз мақсатына жетті. Кері байланыс « Білім шыңы » ағашы арқылы өткізілді. 
   
Сабақта  ағылшын тілінде тақырыпқа байланысты термин сөздер қолданылды.
Тақырыпқа сәйкес оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Фишбоун», «Бейнені танып біл» әдістері қолданылды. «Ватсап»желісі арқылы оқушылардан смс кері байланыс алынып , 10 баллдық жүйемен бағаланды.
Ақпан айының мектепішілік бақылау мен басшылық жоспарына сәйкес 25-ақпан күні мектепішілік «Жыл мұғалімі 2022 » байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты шығармашылықпен  жұмыс істейтін, талантты, ой –өрісі биік, парасатты, өзіндік авторлық жаңашыл идечсы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. 
1-кезең  өзін-өзі таныстыру. Таныстырылым кретивтілігі «Үздік мұғалім » моделі,спикердің  аудиториямен жұмыс жасай алуы,  материалды түсінікті жеткізе білуі бағаланды. 2-кезең  Сабақ  өткізу . Сабақ мақсатының жоспарланған оқуту нәтижесіне сәйкестігі , жаңашылдығы бағаланды. 
3-кезең өз өнерін  көрсету. Ұстаздар ұстаздық өмірінен өз өнерлерін көрсетті. Соңғы кезеңде 3 жылдық портфолиолары тексерілді. Мұғалімдердің ізденіс жұмыстары мен оқушылармен өткізіліп жүрген жобалар  туралы айтып өз портфолиоларын қорғады.  1-орын  Сабаншиева Шолпан география пәнінің мұғалімі, 2-орын Ержан Алтынай Ерланқызы ағылшын тілінің мұғалімі, 
3-орын Ажикеева айгул Манапбаевна қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі мен биология пәнінің мұғалімі Оразбекова Ақтоты Оразбековна иеленді. Мұғалімдер мектеп директорының құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында мектеп директоры сөз алып, жеңімпаздарды құттықтады. 
   
Өзін-өзі таныстыру кезеңі
   
Мұғалімдерге сандарды таңдау арқылы көрсететін өнерлері анықталды 
8-ші ақпан күні 4-сынып оқушыларымен ашық сабақ өтілді. Сабақтың негізгі мақсаты: Көмектес септік жалғауларын білесің; Өз пікіріңді дәлелдеуді үйренесің; Сабақ басында білім алушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіруден бастады. Үй тапсырмасын «Допты қағып ал» әдісі арқылы өткенді пысықтап өтті. Нәтижесінде білім алушылар 4-сыныпта қазақ тілінен өткен ережелерді естеріне түсірді. Сабақ барысында тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылды. Оқушылар жұмбақтың шешуі арқылы көмектес септік туралы ережені біліп, видео материалмен танысты. Сабақ барысында тақтамен жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс жасалынды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ мақсатына жетті. Қорытындылауды оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Білім шыңына»  жазып жабыстырды.
 
                                             1-сынып білім алушыларымен ана тілі пәнінен «Дыбыс және әріп» бөліміндегі «Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстар» тақырыбындағы «Қазақстанның Гимні мен Туы»тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа мектеп директоры Ш.С.Қамышбаева,ДОІЖО Мушанова Ж.К,бастауыш сынып мұғалімі Букирова А.Н  қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тақтамен жұмыс жасап,мұғалімнің көмегімен жаттығу орындады.Сергіту сәтінде  «Адай» күйі орындалып, «Сиқырлы қалпақ» ойыны ойнатылу арқылы өткен тақырыптардан сұрақ-жауап алынды. Оқушылар екі топқа бөлініп,топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыста жіңішке және жуан дауысты дыбыстарды ажыратып,жұп дауысты дыбыстарды табу арқылы оқушылар тапсырмаларды өте мұқият орындап шықты. Оқушылар әрбір орындаған тапсырмаларға кері байланыс ретінде «Бағдаршам» әдісін қолданды.Қорытынды ретінде оқушылар дыбыстық талдау жасады.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,сабақ барысында барлық тапсырмалар қамтылып,оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады. Оқушылар  тақырыпты түсінгендерін «Ақылды үкі» әдісі арқылы кері байланыс айланыс орнатып,сабақ өз мақсатына жетті. 
                                             8-сынып  оқушыларымен 18.01.2022ж.,биология  пәнінен «Бөліп шығару» бөліміндегі «Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы» тақырыбында   ашық сабақ өткізілді.  Сабақ барысында оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасап,тапсырмалар  орындады. Зәр шығару мүшелері : бүйрек,несепағар,қуық,несеп жолдары туралы мағлұматтар алып , «Виртуалды лаборатория»жүктемесі арқылы зәр шығару жүйесінің жұмысын  көріп , талдау жасап отырды.Оқушылар екі топқа бөлініп,топтық жұмыс орындады. Термин сөздерді тақырыпқа сай қолдану,ағылшын , орыс тілдерінде де тақырыпты меңгерулері қадағаланып отырды. Оқушылар әрбір орындаған тапсырмаларға кері байланыс ретінде «Ватсап» желісі әдісін қолданды .Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды,оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады,өз ойларын еркін жеткізіп отырды.
  
            24-ші ақпан күні 3-сынып оқушыларымен информатика пәнінне ашық сабақ өтілді. Сабақтың негізгі мақсаты: қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану; түстер палитрасы; мәтін енгізу. Сабақ басында білім алушылар бір-бірлеріне  жылы лебіздерін білдіруден бастады. Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында өткен тақырыптан сұрақтарға жауап берді.   Нәтижесінде білім алушылар  тақырыпты естеріне түсірді. Сабақ барысында тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылды. Оқушылар жұмбақтың шешуі арқылы түстер палитрасы  туралы   біліп, видео материалмен танысты. Сабақ барысында компьютермен   жеке жұмыс жасалынды. Оқушылар жеке жеке сурет салды, компьютерге өздері сақтады. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ мақсатына жетті. Қорытындылауды оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып бағдаршамға   жабыстырды.
 
                                             2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен «Дені   саудың –жаны  сау» бөліміндегі  «3  санына   көбейту  және  бөлу   кестесін бекіту» тақырыбында  ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа мектеп директоры Ш.С.Қамышбаева, ДОІЖО Мушанова Ж.К, бастауыш сынып мұғалімі Букирова А. бастауыш  сынып   мұғалімі А.Тулегенова   қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Психологиялық   ахуал  орнатып, оқушылар  бір-біріне   ыстық  лебіздерін  айтты. «Еркін   микрофон»  арқылы   өткен   сабақты  еске  түсіріп,сұхбат  алынды. Сабақ барысында оқушылар тақтамен жұмыс жасап,мұғалімнің көмегімен   мысал  есептер орындады. Оқушылар екі топқа бөлініп,топтық жұмыс,жұптық   жұмыс  орындады. Топтық жұмыста  көбейту  мен   бөлудің  есептері  беріліп,оларды  шығарған   соң, екі  топ  бір-бірін   бағалады. Оқушылар әрбір орындаған тапсырмаларға кері байланыс ретінде «Бағдаршам» әдісін қолданды. Сондай-ақ оқушылар салыстыру  есебінде тақтаға  шығарып, өз   білімдерін  көрсетті.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,сабақ барысында барлық тапсырмалар қамтылып,оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады. Оқушылар  тақырыпты түсінгендерін «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс айланыс орнатып,сабақ өз мақсатына жетті.
 
Арман -ПВ баспасы 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны. Оқыту үрдісінде электрондық қосымшаларды (СД диск, платформа қолданудың тиімділігі) атты вебинар
Время: 18 февр. 2022 11:00 AM Алматы ҚАТЫСАТЫН АУДАНДАР: Енбекшіқазақ, Іле, Қапшағай, Қарасай, Жамбыл, Кеген, Панфилов, Талғар, Ұйғыр, Райымбек.
 
 «Үздік ауыл мектебі», «Білім беру ұйымының үздік жоспары »,  « Педагогикалық оқу » мектеп әдіскерлері арасында аудандық байқауына қатыстық.
  
Аудандық 20-ө бұйрығы негізінде, Гайнуллина Анелья, Дарибаева Зухра  «Өрлеу БАҰО »АҚ Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің   біліктілігін арттыру институның 2022 жыл 1 ақпандағы №07-07-01-34 хаты негізінде біліктілік курсын тамандады.
         
« Жарқын болашақ » республикалық ғылыми-әдістемелік журналына бастауыш сынып мұғалімі Ж.К.Мушанованың «Ұланымыз ұлы елдің » тақырыбында қысқа мерзімді жоспары жарық көрді. 
  
«Күнделік. Кз » сайтымен жұмыс жүргізу туралы мұғалімдермен семинарлар өткізілді.
       Ақпан айының  10 нан-14 аралығында өзін-өзі  тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық  педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік декадасы өткізілді. 2020 жылдың 10.02-күні декаданың ашылуы салтанатты түрде өткізілді.
  
  
11 ақпан күні аралығында  «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік  «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде кітапханашы Р.Байсмакова балаларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызметі туралы,  рухани-адамгершілік болуы туралы әңгімеледі. Көрмеге кітаптар, балалардың балалары дайындаған ашық хаттар мен суреттер қойылды.
 
13 ақпан күні  «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс – шара бойынша «Мәнерлеп оқу» сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа 1-8 сынып оқушылары  қатысты. Балалар Отан туралы, достық туралы бейбітшілік туралы, Ана туралы тақпақтар арасында байқау жүргізілді. Мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары грамотамен марапатталып табыс етілді.
 
 
                                      Жоғары сынып оқушылары арасында  патриоттық, адамгершілік туралы дебат өткізіліп, оқушылар адамгершілік қасиетінің ең жоғары тұруы керектігін түсінді.
 
13 ақпан күні  «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс – шара бойынша «Ән көңілдің ажары» атты   балалар арасында  ән фестивальі  ұйымдастырылды. 
 
«Мейірім токкен анамыз»,«Мейірімділік –асыл қасиет», «Өнеге отбасынан», «Балаға  жүрек жылуы» тақырыптарында С.А.Назарбаеваға  тақырыптық сабақтар мен сынып  сағаттары өткізілді.  «Өзін-өзі тану» пән  мұғалімі   М.Р.Идрисова    «Сүйіспеншілік-өмір негізі» тақырыбында ашық сабақ  өткізіп,   оқушыларының  көңілді және  шабыттана   сабағына қатысуымен  куантты.  Балалар   мейірімділікпен  жанашырлық  туралы   өз  ойларын  өте   жақсы айта  алды. Сабаққа  белсенді қатысып,  алған   әсерлерін  ортаға  салды.
  «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.  
  «Бәрі де Сүйіспеншілікпен басталады» концерттік бағдарламасы  дайындалып  8 сынып    оқушыларының  белсенділер  топтары    флешмобтар  ұйымдастырып    бар   шабытпен  биледі.  Заман   талабына  сай өнерлі  балалардың   қызықты  және  тартымды   көрермен  қауымы  куә   болды.  Балалардың қызығушылықтары мен талабын байқай  отырып, театрланған  қойылымдар мен спектакльдер  қойылды.  Мысалы, 8   сынып  оқушылары  «Мейірімділік» тақырыбында қойылым  сахналап   көрсетті. Шынайы көңілмен  қарт адамның  жақындарынан  жылу   көрмеуі және  отбасындағы  балалардың   оған  қандай  көзқараспен   қарайтыны мен  ойларын іс-әрекеттерін бейнелеп көрсетті.
 
Балалардың  шығармашылығы шексіз.  Өзін-өзі тану   сабақтарында  белсенділік танытып отыратын оқушыларымыз бұл үлкен мерекені қуанышпен шаттықпен қарсалып ән, би өнерден аянып қалмады. Жүректен шыққан әсем әндерін, өлең жолдарын 12 ақпан  Сара Алпысқызының мерейлі мерекесі туылған күніне орай концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарламада, оқушылар Сара Алпысқызының өмір жолы,атқарған еңбегі, марапаттарымен алғыстарына ерекше тоқталып атап өтті. Мерекелік іс-шара салтанатты түрде ашылып, өлең жолдарын оқу, сахналық көріністер, ән,  билермен ұласты. Оқушылар мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік өмірдегі негізгі құндылық екендігін жүректерінен өткізіп, сезінді. Үлкенді сыйлау, қамқор болу сияқты қасиеттерін дамыта түсті.
14 ақпан күні өзін–өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік жабылуына балалар бірге жақсы тілектер айтып, мерекелік шарамен жабылды. Мерекелік шара соңында онкүндік аясында атқарылған жұмыстарға белсене қатысқан балалар мадақталды.
 
«Қош бол,әліппе!» ашық тәрбие сағаты концерт түрінде өткізілді. Концертке барлық оқушылар қатысып,әліппемен қоштасты. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.1-бөлім оқушылардың математика және әліппе пәндерінен алған білімдері тексерілді. Оқушылар сұрақтарға нақты,әрі дұрыс жауап берді. 2-бөлімде оқушылардың өнерлері тамашаланды. Әліппемен қоштасу кеші жоғары деңгейде өткізілді.
 
Құрөзек негізгі орта мектебі «Каникулдық мектеп» жобасы бойынша   1-сынып  оқушыларымен  әліппе   пәнінен «Кім жүйрік?» тақырыбында сайыс сабағы ұйымдастырылды.Мақсаты:әліппе пәнінен алған білімдерін көрсету,қорытындылау.Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Қыран», «Сұңқар»
Сайыс үш бөлімнен тұрады:
1-бөлім:
«Кім шапшаң?». Бұл сайыста оқушыларға 1минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде кім қанша  сөз оқиды сөздер беріледі,сол сөздерді шапшаң оқиды.  Бірінші сайыста «Сұңқар» тобы 7ұпай жинап алға шықты. 
2-бөлім:
«Мәтін оқимыз». «Дана адам» деген мәтін беріледі. Мәтінді оқып,мәтіннен екі топқа  кез-келген сөз беріледі. Сол сөзге дыбыстық талдау жасайды. Дыбыстық талдауды дұрыс жасаған топқа ұпай беріледі. «Қыран» тобы қоржындарына 7ұпай жинады.
3-бөлім:
«Бес саусақ». Бұл сайыста тақтада бес саусаққа сөздер жазылады,мұғалім кез-келген сөзді айтады,сол сөзді ортаға шыққан оқушы табуы керек. 1минут ішінде кім көп сөз табады,сол топқа ұпай беріледі. «Сұңқар» тобы 6 ұпай, «Қыран» тобы 8 ұпай жинады. «Кім жүйрік?» сайыс сабағында «Қыран» тобы алға шығып,жеңіске жетті.
 
«Әліппе бізге не үйретті?» тақырыбында шағын видеоролик түсіріліп,ауданға жіберілді. Видеороликте Асубай Айзере өзінің әліппе туралы тақпағын айтты жәнеде әліппеге деген алғысын жеткізді. Дүнентаева Зайтуна әліппе арқылы әріптерді танып,жаңылтпаштар жаттап үйренгендігін айтса,Мұхамбеджан Алдияр әліппеге деген ыстық ықыласын жәнеде әліппенің іші түрлі-түсті суреттермен оқушыларды өзіне баурап алатындығын,барлығы түсінікті,әрі нақты жазылғандығын жеткізді.
 
Ана тілі пәнінен «Дыбыс және әріп» бөліміндегі «Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстар» тақырыбындағы «Қазақстанның Гимні мен Туы»тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа мектеп директоры Ш.С.Қамышбаева,ДОІЖО Мушанова Ж.К,бастауыш сынып мұғалімі Букирова А.Н  қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тақтамен жұмыс жасап,мұғалімнің көмегімен жаттығу орындады.Сергіту сәтінде  «Адай» күйі орындалып, «Сиқырлы қалпақ» ойыны ойнатылу арқылы өткен тақырыптардан сұрақ-жауап алынды. Оқушылар екі топқа бөлініп,топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыста жіңішке және жуан дауысты дыбыстарды ажыратып,жұп дауысты дыбыстарды табу арқылы оқушылар тапсырмаларды өте мұқият орындап шықты. Оқушылар әрбір орындаған тапсырмаларға кері байланыс ретінде «Бағдаршам» әдісін қолданды.Қорытынды ретінде оқушылар дыбыстық талдау жасады.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,сабақ барысында барлық тапсырмалар қамтылып,оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады. Оқушылар  тақырыпты түсінгендерін «Ақылды үкі» әдісі арқылы кері байланыс айланыс орнатып,сабақ өз мақсатына жетті.
 
Халықаралық  зияткерлікті дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мәнерлеп оқудан Дунентаева Зайтуна мен Асубай Айзере қатысып дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар дайындағаны Тулегенова А.И үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
 
Қазақстан – Ресейлік мұғалімдер қауымдастығы «Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – 91 жыл» Республикалық конкурсынан мәнерлеп оқудан Дунентаева Зайтуна қатысып дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар дайындағаны Тулегенова А.И үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
 
«Үздік сынып жетекші» сайысы өткізілді. Сайыс үш бөлімнен тұрды. 1-ші бөлім таныстыру,2-бөлім сынып жетекшінің портфолиясы тексерілді, 3-бөлім өз өнерін ортаға салу. «Үздік сынып жетекші» сайысынан 3-орын алдым.
 
«Жыл мұғалімі 2022ж» сайысы өткізілді. Сайыс үш бөлімнен тұрды. 1- бөлім өзін-өзі таныстыру,2-бөлім мұғалім портфолиясы,3-бөлім өз өнері сайысы. Сайыс соңында мақтау қағазын алдым.
 
2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен  «Теңге. Монета және қағаз ақша» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. Зерттеу сабағында Султанов Диас сабаққа белсенді қатысып отырды.  Көбейтудің компоненттерін атау кезінде өте көп қателіктер жіберілген. Сабақ барысында тақтамен жұмыс жасалып , белсенді қатысып отырды. Өзін-өзі тексеру кезінде Диастың қолына 1000теңгелік ақша берілді. Мақсаты осы ақшаны екіге бөлу кезінде,сұраққа толық,әрі жылдам жауап берді. Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндірген кезде сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Сабаққа қатысуы жақсы,өзін еркін ұстайды. Жазу коллеграфиясын жөндеу керек.
 
2 -сынып білім алушыларымен математика пәнінен  «Баға. Сан. Құн.» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. Зерттеу сабағында Султанов Диас сабаққа белсенді қатысып отырды. 5 санының көбейту кестесін толық,әрі нақты жауап берді. Дәптерін тексеру кезінде үй тапсырмасынан өте көп қателіктер жіберілген.  Мұғалім сабақ барысында тақтамен жұмыс жасау кезінде теңдеулерді шеше алмады,өте көп қателіктер жіберді. Сұрақ-жауап бөлімінде сұрақтарға толық,әрі нақты жауап берді. Өзін-өзі тексеру кезінде Диастың қолына 500теңгелік ақша берілді. Мақсаты осы ақшаны екіге бөлу кезінде,сұраққа толық,әрі жылдам жауап берді. Көңіл-күйі құбылмалы,мұғалімнің қойған сұрақтарына нақты жауап береді.Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндірген кезде сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Сабаққа қатысуы жақсы,өзін еркін ұстайды. 
 
Султанов Диаспен  сұхбаттасу анықтамасы.
Математика пәнінен Султанов Диаспен әңгімелесу нәтижесінде бірнеше сұрақтар қойылды. Сабақтың мақсаты:  Монеталарды ажырату және олармен әртүрлі амалдар орындауды үйрену.Оқушыға бірнеше сұрақтар қою арқылы, оқушы сабақ өзіне өте қатты ұнағандығын жәнеде қызықты өткендігі туралы айтты. Сабақ несімен ұнады деген сұраққа: Сабақта монеталарды қолдану әдісі жәнеде  тақтаға есеп шығарған өзіне ұнайтындығын жеткізді. Көбейту кестесін жаттау,бөлу және теңдеу амалдарына есеп шығару кезінде қиналатындығын айтты.  
Қорыта келе,оқушы сабаққа өте белсенді қатысты.Мұғалім сабақ барысында тақтамен жұмыс жасау кезінде теңдеулерді шеше алмады,өте көп қателіктер жіберді. Сұрақ-жауап бөлімінде сұрақтарға толық,әрі нақты жауап берді. Өзін-өзі тексеру кезінде 500теңгелік ақша берілді. Мақсаты осы ақшаны екіге бөлу. Көбей және бөлудің компоненттерін атау кезінде өте көп қателіктер жіберді. Оқушының деңгейі өзіне сәйкес келеді. Көңіл-күйі құбылмалы,мұғалімнің қойған сұрақтарына нақты ,әрі жылдам жауап береді.Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндірген кезде ,сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Сабаққа қатысуы жақсы,өзін еркін ұстайды.
 
              2021-2022 оқу жылының бастауш сыныптар апталығы аясында       3- сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбында үлгілі сабақ өткізілді.Оқушылар жаңа сабақты меңгерді.Сабақ барысында өткенді қайталаудан бастап, жеке тапсырмалар,жұптық және топтық тапсырмалар орындады. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.
  
                 2021-2022 оқу жылының бастауыш сыныптар апталығы аясында        
               5- сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінен «Эстафкталық ойындар» тақырыбында үлгілі сабақ өткізілді.«Кедергілер арасымен жүгіру»,«Кім көп тигізеді?»,«Берде отыр»,«Қозғалмалы нысана»,«Шеңбер және секіргішпен өткізілетін эстафета».Аталған кезеңдерде екі топқа бөлінген Қуаныш командасы және Мирас командасы эстафеталық ойын кезінде белсене жарысты.Ойындар оқушылар үшін өте қызықты болды.Нәтижесінде Қуаныш командасы жеңіске жетті.Оқушылар сабақ соңында өздері жинаған ұпай сандарымен танысып,бағаланды.
  
3- тоқсан аралығында «Дарынды оқушымен жұмыс»    бойынша жүргізілді.Есенгелді Еңлік сабақ барысында тапсырмаларды жылдам орындағандықтан түрлі әдіс –тәсілдерді пайдалану арқылы   жұмыс жасалып отырды.Мысалы«Ыстық орындық», «Кім жылдам ?» , «Ойлан,тап» т.б
Қосымша тесттер, сұрақтар, жазба жұмыстары жүргізілді.    
 
                                                   «Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс» аталғандай үлгерімі төмен 3- сынып бойынша Қалықжанұлы Мейірқаз және Есенгелді Еркебұлан  екеуімен жқмыс жүргізілді.Жазу үлгісі, сауатты жазуға дағдыландыру және көшіру кезіндегі кемшіліктерді жою т.б.Оқу нормасына  аса назар аудару арқылы күнделікті оқуға тапсырмалар беріп, оқу жылдамдығымен жұмыстар жүргізілді.Есте сақтау қабілеттерін дамту үшін әдістер пайдаланылды, қосымша жаттаулар беріліп отырды..
 
«Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану тиімділігі» атты cеминар zoom арқылы өткізілді.
Семинар барысында тиімді әдіс-тәсілдерді сабақтағы тиімділігін түсіндірді.
Бастауыш сынып мұғалімдері бір- біріне түрлі сұрақтар қойып,білгендерімен бөлісті Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының жас eрeкшeліктeрін eскeрe отырып, ынтымақтастық атмосфeрасын қалыптастыру үшін eң алдымен топ eрeжесін құру, оң ахуал тудыру, бірлeскен іс-әрeкeт, топтық жұмыс, қолайлы орта туғызу кeрeк болды. Ол үшін тренинг өткізіп алу қажет eді. Бұдан күтілетін нәтижe: бірлeсіп жұмыстанады; қызығушылығы, ынтасы артады, өзін-өзі рeттейді.Мысалы: Алдардың «Үш сом» әңгімесін үзіп, өз ойларымен жалғап, басқа бір әңгіме құрастырып шығарды. Оқулықтан «Шығайбай» әңгімесін іштей жеке оқып, жұпта талдап, топта  Шығайбайдың жағымды, жағымсыз тұстарын венн диаграммасына салып, балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктің бірі сыңаржақтылықтың болмауы, болжамды көзқарастармен мүмкіндіктердің барлығын қарастыруда «алты қалпақ» әдісін пайдалануда «ақ қалпақ» тобы бүгінгі өткен «Алдаркөсе» сабағында не үйренгенін  қорытындылады
 
                Бастауыш сыныптар апталығында 4-сынып оқушыларымен  қазақ тілі пәнінен «Көмектес септік» тақырыбында 8-ші ақпан күні ашық сабақ өтілді. Сабақтың негізгі мақсаты: Көмектес септік жалғауларын білесің; Өз пікіріңді дәлелдеуді үйренесің; Сабақ басында білім алушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіруден бастады. Үй тапсырмасын «Допты қағып ал» әдісі арқылы өткенді пысықтап өтті. Нәтижесінде білім алушылар 4-сыныпта қазақ тілінен өткен ережелерді естеріне түсірді. Сабақ барысында тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылды. Оқушылар жұмбақтың шешуі арқылы көмектес септік туралы ережені біліп, видео материалмен танысты. Сабақ барысында тақтамен жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс жасалынды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ мақсатына жетті. Қорытындылауды оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Білім шыңына»   жазып жабыстырды.
 
         3- тоқсан аралығында оқушыларды «Дарынды оқушылармен жұмыс», «ООЖБ» дайындық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында қазақ тілі, математика, жаратылыстану, дүниетану пәндері бойынша өткенді қайталау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында түрлі әдіс –тәсілдерді пайдаланды. Мысалы «Ыстық орындық», «Кім жылдам ?» , «Ойлан,тап» т.б Қосымша тесттер, сұрақтар, жазба жұмыстары жүргізілді.    
 
          4-сынып оқушыларының арасында «Жүзден жүйрік» атты сайыс сабақ өтілді.   Мақсаты: Оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп топта   бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету; қатысушылардың шеберліктерін, ой — өрісін, қызығушылығын дамыту   ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.  Сайыс сабақ 7 кезеңнен тұрды. Әр топ өз өнерлерін, білімдерін барынша ортаға салды. Екі топта әділ бағаланып, жеңімпаз ең көп житон жинаған топ Зерек тобы алға шықты.  Бұл сайыста білім алушылар көптеген жаңа мәліметтер алып, өз білімдерін шыңдай түсті. 
 
       4-сынып оқушыларымен  «Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс» жүргізілді. Үлгерімі төмен оқушыларға Кенжебек Бердігүл, Маулит Тілеуберді, Аймаг Дінмұхамбет. Аталған оқушылармен жазу үлгісі, сауатты жазуға дағдыландыру және көшіру кезіндегі кемшіліктерді жою мақсатында қосымша жұмыстар жүргізілді. Қазақ тілінен диктант жұмыстары, мәтіндермен жұмыс, ереже қайталау, математикадан көбейту, бөлу, теідеулер, карточкалармен жұмыс және т.б. Сонымен қатар оқу нормасына  аса назар аудару арқылы күнделікті оқуға тапсырмалар беріп, оқу жылдамдығымен жұмыстар жүргізілді.Есте сақтау қабілеттерін дамту үшін әдістер пайдаланылды, қосымша жаттаулар беріліп отырды..
 «PISA халықаралық бағдарламасы – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы» атты cеминар zoom арқылы өткізілді.
      Семинар барысында PISA-2012 халықаралық салыстырмалы зерттеуінде 15 жас шамасындағы мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығына баса назар аударылды. Бұл дегеніміз тест тапсырмаларының 2/3 бөлігінің математикалық ойлау деңгейін анықтауға және логикалық тапсырмаларды шешу барысында математикалық терминдерді қолдануға, математикалық түрде ойлауға және тапсырмаларды шешудің қалыпсыз әдістерін қолдануға бағдарланғандығын көрсетті.Зерттеудің статистикалық мәліметтері ақпараттық базасының талдауы білім алушылардың математика бойынша тест тапсырмаларды орындау пайызы Қазақстан бойынша орта есеппен алғанда 41%-ды құрайтынын көрсетті. Оқушылардың жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығын қалыптастыру деңгейін анықтауда жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін шынайы жағдайларда қолдана алу қабілеті бағаланды дей отырып т.б көптеген мәліметтермен таныстырып өтті.
 
3-тоқсанда   мектепішілік бақылау бойынша 2,7,8 –сыныптардың сапасы төмендігінің себебін анықтау мақсатында « Lesson Study »  зерттеу сабақтары өткізілді. Арнайы мектеп директорының бұйрығына сәйкес 4 топ құрылып, әр топ мұшелері өз сыныптарының оқушыларының деңгейін анықтап, басты проблемаларды анықтады. 
3-тоқсан қорытындысы бойынша, 2-5-7-сыныптар мектепішілік бақылауға алынды. Аталған сыныптардың сапасын көтеру мақсатында  Lesson study сабақты зерттеулер жүргізу тапсырмалары мектеп директорының бұйрығы бойынша орындау бұйырылды. 
5-6- сынып оқушылары «Мың бала » зияткерлік олимпиадасына онлайн режимінде қатыстырылды.
9-сынып оқушыларына арнайы бұйрықтар мен кесте жасалып, қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп отырды.
Бастауыш сынып мұғалімі Байсмакова Роза Қуатовна  «Адамның   үйлесімді дамуы  ұлттық институты  коммерциялық емес  акционерлік қоғамы ның ұйымдастыруымен, «Өзін-өзін тану » пәнін оқытудың ғылыми- әдіснамалық негіздері тақырыбында біліктілік арттыру курсын 72 академиялық сағат оқыды. Мектеп мұғалімдеріне «Құндылықтар өмір негізі» тақырыбында   коучинг өткізіп өз тәжірибесімен бөлісті. Коучинг барысында  мұғалімдерге тыныштық сәті әнмен бастап, құндылықтар туралы слайд көрсетті. Сынық құмыра ертегісін тамашалап, соның негізінде ақ қағаздан тұлға шығару тапсырды. Топтық жұмыс орындалып, ұстаздар кері байланыс өткізді. 
Жас мамандар апталығы өткізілді. Бөлінген кесте бойынша пән мұғалімдері жас мамандардың сабақтарына қатысты. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Мушанова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Ержан Алтынайдың 4-сыныптағы сабағына қатысты.
   
7-8-сыныптар жасөспірімдер арасында математикалық бағыт бойынша 10 оқушы аудандық олимпиадаға қатыстырылды.
 
Жас маман  1-сынып жетекшісі Тулегенова Арна Исаевнаның сабағына  әдістемелік жетекшісі Айгул Манапбаевна мен бастауыш сынып мұғалімі Гулустан Нұрамбекқызы қатысты.
   
Дарибаева Зухра, Гайнуллина Анэля «Google disk-қа  тест тапсырмаларын құрастыру » тақырыбында коучинг өткізілді. Мұғалімдерге өте тиімді әдіспен тест құрастырып үйретті.
   
22-сәуір күні  «Ынтымақ» серіктес мектептер арасында озық тәжірибе тарату семинары өткізілді. Семинардың тақырыбы: « Функционалдық сауаттылық- сапалы білім беру кепілі» тақырыбында өткізілді. Семинар барысында  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Мушанова « Функционалдық сауаттылық- сапалы білім беру кепілі» тақырыбында коучинг өткізді.  Бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Арна Исаевна 1-сыныпта ана тілі сабағынан «Бас әріппен жазылатын сөздер. Нұрсұлтан мен Алматы» тақырыбында үлгілі сабақ өтті. Физика пәнінің мұғалімі Аккамиева Мөлдір Мейрамовна 8-сыныпта физика пәнінен «Линззалар, линзаның оптикалық күші, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескін алу» тақырыбында  үлгілі сабақ өткізді.
          Аудандық білім бөлімінде шығарылатын жинаққа мектебімізден 3 мұғалімнің  қысқа мерзімді жоспарлары өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі Гайнуллина Анэля Руслановна   Қазақ тілі пәнінен  3-сынып  «Сын есім» тақырыбы бойынша  үлгілі сабақ   жоспары ,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.К.Мушанованың 5-сыныпта «Дружба –это дар», бастауыш сынып мұғалімі  Тулегенова А.И. ана тілі сабағынан сөз және оның мағынасы тақырыбында қысқа мерзімді жоспар жіберілді.
Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында Дарибаева Зухра мен  Гайнуллина Анелья Руслановна 21.02-9.03 аралығында оқып келді.
PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттырудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша Идрисова Майра Рахатовна, Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша Ержан Алтынай 11.05-20.05 аралығында оқуға барды. 
 22.04.2022 ж «Ынтымақ » мектептер арасындағы қоғамдастығы бойынша округтік семинар өткізілді. 
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ 1-сынып  оқушыларымен  ана тілі пәнінен «Бас әріппен жазылатын сөздер. Нұр-Сұлтан мен Алматы» тақырыбында үлгілі сабақ өткізілді.
Мақсаты: мұғалімнің қалауымен мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою,сұраққа жауап беру; бас әріптен басталып жазылатын сөздерді(кісі аттары,жер-су атаулары,жануарларға арнайы қойылған аттар)анықтау
Оқушыларға алдымен көңілді әуенмен психологиялық ахуал орнатып,үй тапсырмасы сұралды. Үйге тапсырма «Нұр-Сұлтан мен Алматы» өлеңін жаттауға берілген. Оқушылар үй тапсырмасын толықтай айтып берді. Жаңа тақырып түсіндіріліп, «Жалғасын тап» әдіс-тәсілі арқылы қала,адамның есімдерін жәнеде үй хайуанаттарының аттарын тауып, тақтамен жұмыс жүргізілді. «Моншақ тізу» әдісі арқылы «Екі дос» ертегісінен мәтін құрап оқыды . «Балық қаңқасы» арқылы оқушылар мәтінді талдап, сұрақтарға жазбаша түрде жауап берді. Оқулықпен жұмыс жасалып,QK -пен жаңылтпаш тыңдап, дәптермен жұмыс жүргізілді. Сабақ соңында «Ақылды үкі» әдісі арқылы кері байланыс орнатты. Осылайша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына толықтай жеттім.
 
«Функционалдық сауаттылық- сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында  өткізілген коучинг анықтамасы.
МАҚСАТЫ: Оқушылардың білім сапасын жетілдірудегі,  функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Деңгейі әртүрлі оқушылардың  бір- біріне ықпал етуін қалыптастыру.
МІНДЕТТЕРІ:
1.       Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдану.
2.       Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін сабаққа   қолданып, күтілетін нәтижеге жетуге бағыт-бағдар көрсету.
Мерзімі: 22.04.2022 ж
Коучинг  басында «Екі өтірік, бір шындық » тақырыбында мұғалімдерге шеңберде тұрып тренинг өткізілді. 
  
« Ranlom Group Generator » программасы арқылы топқа бөлінді. Топтың ережесін қабылдап, топ басшысын қабылдады.
  
«Аялдама» әдісі арқылы функционалдық сауаттылықтың индификаторлары жазылған парақшалар таратылды. 1 топ ақпараттық сауатылық, 2-топ коммуникативтік сауаттылық, 3-топ технологиялық сауаттылық бойынша топтық жұмыстар қорғалады. Өз бойларындағы ақпараттарын, ойларын жинақтап жазып суреттеп өз ойларын айтты.
Спинер арқылы әр топтан өз ойлары сұралды. Әр топ шапалақ әдісі арқылы бір-бірін бағалады. 
   
Топтық жұмыс « оқыту мен оқуда 21 ғасыр мұғалімі қандай болу керек?» деген  сұраққа жауаптарды модельдеп берді.
  
  
« Біздің қиялымыздың әлемі » стратегиясы арқылы өз қиялдарындағы 1 суреттерін салып, өз ойларымен «Кір жайғышқа » ілу арқылы тізбегі бойынша әңгіме құрастыру.
  
WHATSSAP WEB  , QR  код арқылы  өзара кері байланыс. Қатысушылар кабинет ішін аралап жүріп, бір-біріне алғыс білдіреді. «Бүгінгі коучингте сізден  ... үйрендім, ол мен үшін өте құнды болды, ...» . QR  код арқылы осы сұрақтарға жауап берді.
1-9 сыныптар мультимедиялық сабақтар жобасы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Жобалық әдіс мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін барынша ашуға, ақпараттың үлкен теңізінде шарлау, басты нәрсеге назар аудару, қабылдау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін ең перспективалы педагогикалық технология ретінде атап өтуге болады. жауапкершілік және шешім қабылдау. Информатика сабақтарында оқытудың дәстүрлі түрлерін де (әңгімелесу, лекция, өз бетінше жұмыс, компьютерде көрнекі көрсетіліммен топтық сабақ) және оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі жаңа формаларын (жобалық әдіс, шағын топтарда жұмыс) біріктіру ұсынылады. , ойын әдістері, жеке оқыту бағдарламаларын кеңінен қолдану, оқыту ).Мультимедиа – заманауи техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, интерактивті бағдарламалық қамтамасыз етудің басқаруымен көрнекі және дыбыстық эффектілердің өзара әрекеттесуі, олар мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуреттерді, бейнелерді бір сандық бейнеде біріктіреді. Оқушыларға осы тақырыпта видио, слайдтар көрсетілді. Балалар өзара сұрақ жауап арқылы талқылады. Балалар өзара сұрақ жауап арқылы талқылады. Әр түрлі комьпютермен өзіндік жұмыстар жасалынды.
 
Информатика пәні бойынша оқушылармен «Мультимедиялық сауаттылық» білімдерін жетілдіруге қосымша сабақтар өткізілді. Тақырыпты қамту барысында оқушылырға деңгейлік тапсырмалар берілді.Тапсырмаларды «Меңзер» әдісі орындап, өз білімдерін көрсетті. 
 
Мультимедиа – заманауи техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, интерактивті бағдарламалық қамтамасыз етудің басқаруымен көрнекі және дыбыстық эффектілердің өзара әрекеттесуі, олар мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуреттерді, бейнелерді бір сандық бейнеде біріктіреді. Оқушыларға осы тақырыпта видио, слайдтар көрсетілді. Балалар өзара сұрақ жауап арқылы талқылады. Әр түрлі комьпютермен өзіндік жұмыстар жасалынды.
Оқушыларға информатика пәнінен әр түрлі тапсырмалар берілді. Оқушылар өз деңгейінде тапсырманы орындап шықты. 
     Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
     Маусым  айында 2021-2022  жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап,  әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық  жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.
Тамыз айында жылдық жоспар құрылып,оқушылардың әлеуметтік паспорты жағдайларына байланысты құрылды.
     Мектепке жол акция барысында тамыз айында әлеуметтік мәртебеге ие оқушылар кітапханашы З.Дарибаева оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етті. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 1-9 сынып аралығында көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға жыл бойы көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.Мектеп бойынша баланың жалпы саны -86. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 33 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 3 бала, жартылай жетім оқушылар саны 5 бала, қамқорлықтағы оқушылар саны 3 бала.      
        24 қазан күні әлеуметтік педагог Т.Б.Кашаганова «Баланың құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында 7-9 сынып аралығында ашық сабақ өтілді.      
29  қазан  Қамқоршылар күні.
Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балаларға, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.Мектебіміздегі үш қамқоршы оқушыға көңіл бөлу мақсатында «Балаға мейірім сыйла» атты акция өткізілді.Жалғыз анасының тәрбиесіндегі балаларғв
 
2021 жылы желтоқсан айының 27 жұлдызында аудан әкімінің  шырша тойына  мектебімізден 1 оқушы барды.Көпбалалы  отбасынан шыққан 
4 сынып оқушысы Халаш Дарханға спорттық киім, аяқ киім, қыстық куртка,қыстық тақия, жаңа жылдық сыйлық берілді .  
2021 жылдың тамыз,қыркүйек , қазан, қараша, желтоқсан айларында ұстаздардың демеушілігімен 8 оқушыға киім , мектеп сөмкелері және оқу құралдары  берілді.
       Аталған көмек  6- сынып оқушысы Талқанбай Ғазиза, 9- сынып оқушысы Асубай Бекежанға мектеп формасы берілді.Жалғыз анасының тәрбиесіндегі 2- сынып оқушысы Сат Аружанға мектеп сөмкесі және оқу құралдары берілді. Жалғыз анасының тәрбиесіндегі 6- сынып   Есенгелді Бекжанға қыстық етік берілді. Сондай ақ көпбалалы отбасынан шыққан Қали Айым, Бөкенбай Гүлнұр, Полат Арайлым аталған оқушыларға қыстық куртка берілді. . 
 
Сондай ақ әлеуметтік мәртебесі бойынша тізімдегі оқушыларға демеуші тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді.«Жалпыға бірдей білім беру» қорынан жартылай жетім 3 оқушы , Асубай Айзере, Дәлел Берік,Сатов Рамазанға мектеп формалары берілді.  
2021 жылдың желтоқсан айында«Жалпыға бірдей білім беру» қорынан жартылай жетім 4  оқушы Асубай Бекежан, Дәлле Берік ,Сатов Рамазан , және Тарғын Бектұрсынға ,көпбалалы отбасынан шыққан Полат Арайлымға қыстық куртка берілді.  
Мектебімізде 2022 жылы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша айлық өткізілді.  
Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, сондай-ақ материалдық көмекке мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жетім және жартылай жетім балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.  Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
Міндеті:
- жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау;
- дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу;
- олардың сабақтарға қатыспау себептерін анықтау;
- күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты тарту.
   Акция өткізу барысында жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды, сондай-ақ материалдық көмек көрсетуге мұқтаж және әлеуметтік себептер бойынша сабаққа келмей жүрген балаларды анықтау үшін рейдтер жүргізіліп үйлерін аралап ата-аналарынан себептері анықталып,жазбаша түсініктеме алынды. Айлық іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге мектептің әлеуметтік педагогі мен қатар барлық сынып жетекшілері  қатыстырылды. 
 
 
Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың тізімі анықталды. Мектеп бойынша көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 33 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 2 бала, жартылай жетім оқушылар саны 5 бала, сәтсіз отбасы саны 3 бала. Әлеуметтік педагог  Т.Б.Кашаганова  және сынып жетекшілермен бірге тұрғын үй жағдайы зерттелді. 
«Жақсылық  менен   басталады » жоба аясында   демеуші ұстаздар  тарапынан  қаңтар , ақпан , наурыз ,сәуір айларында әлеуметтік мәртебесі бойынша тізімде тұрған жалғыз анасының тәрбиесіндегі Оразхан Нурисламға мектеп сөмкесі және оқу құралдары берілді.Талқанбай Ғазизаға қыстық куртка ,Есенгелді Еңлікке мектеп сөмкесі,Ақан Нұрсұлтанға ақ жейде, Ғабит Іңкәрға ақ кофта ,Асубай Айзереге ақ кофта берілді. 
Сондай ақ  ауыл қариясы ,Қалиев Райс атаның үйіне жас ұстаздар ыдыс жуып т.б үй шаруасын атқарып берді.Сонымен қатар азық –түлік апарып берді.
Қария алғысын білдірді.  
 
«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бағытында  іс-шара жоспары жасалынды. Осы бағыт бойынша 20 қаңтар күні
5-9  сынып оқушылар арасында  әңгіме - сұхбат жүргізілді. Онда қаралған мәселелер: 1. «Ата заңымызды ардақтайық» тақырыпта  құқық пәні мұғалімі М.Б.Нысырбаев баяндама оқыса, 2-ші  мәселеде  әлеуметтік педагог Т.Б.Кашаганова  «Тәртіп бұзушы және қараусыз жасөспірімдерді жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы тәрбиені жандандыру» тақырыпта бейнебаян көрсетіліп, әңгіме жүргізді. Қатысқаны -35 оқушы.                
           2022 жылдың 15 ақпанында  «Сен және сенің құқығың» атты  құқықтық білім апталығына іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Мектебімізде 15-25 ақпан аралығында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Сен және сенің құқығың» атты  құқықтық білім апталығы өткізілді. Апталық барысында сынып  оқушыларының  кунделікті  сабаққа  қатысуы  қадағаланды.
                8 сынып жетекшісі Г.К.Камирдинова 8-9  сыныпта 16 ақпан күні  «Құқық әлемінде» тақырыбында  баяндама оқыды.
Баяндаманың мақсаты,  оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң  алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге және саяси сауаттылыққа баулу.
    Мектеп кітапханаларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға арналған бұрыштар, стендтер ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу бағытында  ата-аналармен  байланыс  жасай отырып, күн сайын оқушыларға тәлім - тәрбие беріліп  келеді.
       23 ақпан күні әлеуметтік педагог Т.Б.Кашаганова  9- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру және  кәсіптік қызметті таңдауда көмек көрсету үшін кеңес берілді. Талабына, қабілеттілігіне, жеке ерекшеліктеріне сәйкес жастардың саналы және еркін түрде кәсіп түрлерін таңдауына дайындау бойынша жүргізілді. Қатысқаны 9 сыныптан 4оқушы,   қатысты.
   15 наурыз күні салауатты өмір салты бойынша барлық оқушыларға әңгіме жүргізілді. Онда ауыл медбикесі Р.Байсмакова «Туберкулез» -аса қауіпті індет екенін айтып өтсе, әлеуметтік педагог Т.Б.Кашаганова салауатты өмір салтын сақтау туралы бейнебаян көрсетіп, түсіндіріп өтті. 
     Президент  Қасым –Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасына сәйкес«Мектепке жол » қайырымдылық   акциясына қамқоршылар тарапынан   ақшалай көмек көрсетілді . Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларыды киіммен қамтамасыз ету мақсатында жиналған қаржыға киім алынып, оқушыларға берілді. 
   
20 мамыр жазғы сауықтыру лагеріне   оқушылардың тізімі жасалып,құжаттары стандарт бойынша жинақталып білім бөліміне өткізілді «Тау-Жаңашар» жазғы сауықтыру лагеріне 1- аптаға 4  жолдама   профсоюз тарапынан берілді. «Тау Жаңашар» лагеріне көп балалы, азқамтылған, үздік оқушылар тізімі жасалып, құжаттары өткізілд.
Қорыта келгенде 2021-2022 оқу жылы аралығында әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды жыл бойы 100 пайызға қамтылды. Сонымен қатар оқушылардың білім алуға жағдай жасап, назардан тыс қалдырмадық. 
2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен «Дені  саудың –жаны   сау» бөліміндегі  «3  санына   көбейту  және  бөлу   кестесін бекіту» тақырыбында  ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа мектеп директоры Ш.С.Қамышбаева, ДОІЖО Мушанова Ж.К, бастауыш сынып мұғалімі Букирова А. бастауыш  сынып   мұғалімі А.Тулегенова   қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Психологиялық   ахуал  орнатып, оқушылар  бір-біріне   ыстық  лебіздерін  айтты. «Еркін   микрофон»  арқылы   өткен   сабақты  еске  түсіріп,сұхбат  алынды. Сабақ барысында оқушылар тақтамен жұмыс жасап,мұғалімнің көмегімен   мысал  есептер орындады. Оқушылар екі топқа бөлініп,топтық жұмыс,жұптық   жұмыс  орындады. Топтық жұмыста  көбейту  мен   бөлудің  есептері  беріліп,оларды  шығарған   соң, екі  топ  бір-бірін   бағалады. Оқушылар әрбір орындаған тапсырмаларға кері байланыс ретінде «Бағдаршам» әдісін қолданды. Сондай-ақ оқушылар салыстыру  есебінде тақтаға  шығарып, өз  білімдерін   көрсетті.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,сабақ барысында барлық тапсырмалар қамтылып,оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады. Оқушылар  тақырыпты түсінгендерін «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс айланыс орнатып,сабақ өз мақсатына жетті.
 
2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен «Салт-дәстүр   және фольклор» бөлімі  бойынша» « Теңге. Монета  және  қағаз   ақша» тақырыбында  зерттеу  сабағы   өткізілді.
Мақсаты:Монеталарды ажыратуды  және  олармен әртүрлі  амалдар   орындауды  үйрену.
 Оқушылардың   оқу  деңгейін  анықтау   барысында  сабаққа  бастауыш сынып мұғалімі Букирова А. бастауыш  сынып  мұғалімі А.Тулегенова және  мұғалім   Дүзелбаева  Н   қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Психологиялық  ахуал  орнатып, оқушылар  бір-біріне   ыстық  лебіздерін  айтып «Құстарға  қамқорлық» әдісі   арқылы    өткен  сабақты  еске  
түсіріп,сұралды. Жаңа  сабақтың  тақырыбын    жұмбақ  арқылы  ашты. Сабақ барысында оқушылар тақтамен жұмыс жасап,мұғалімнің көмегімен  мысал  есептер орындады. Ақшаның  шығу   тарихы   туралы  видеоролик   көрсетілді. Оқушыларға   200,500,1000  теңгелік  қалай   ұсақталатыны  туралы  мағлұмат   берілді. екі топқа бөлініп,топтық жұмыс,жұптық  жұмыс   орындады. Топтық жұмыста   көбейту  мен  бөлудің   есептері  беріліп,оларды  шығарған   соң, екі  топ  бір-бірін   бағалады. Оқушылар әрбір орындаған тапсырмаларға кері байланыс ретінде «Бағдаршам» әдісін қолданды. Сондай-ақ оқушылар салыстыру  есебінде тақтаға  шығарып, өз  білімдерін   көрсетті.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,сабақ барысында барлық тапсырмалар қамтылып,оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады. Оқушылар  тақырыпты түсінгендерін «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс айланыс орнатып,сабақ өз мақсатына жетті.
 
2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен «Салт-дәстүр   және фольклор» бөлімі  бойынша «Жиындар  мен  оларға   амалдар  қолдану »  «Ұлттық әшекейлер»тақырыбында  зерттеу   сабағы  өткізілді.
Мақсаты: тең жиындардың бірігуін және жиыннан оның тең бөліктерін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу.
 Оқушылардың   оқу  деңгейін  анықтау   барысында  сабаққа  бастауыш сынып мұғалімі Букирова А. бастауыш  сынып  мұғалімі А.Тулегенова және  мұғалім   Дүзелбаева  Н   қатысты. Сабақ  орташа деңгейде өткізілді. Психологиялық  ахуал   орнатып, оқушылар  бір-біріне  ыстық   лебіздерін  айтып «Жас  тілші   » әдісі   арқылы   өткен   сабақты  еске  түсіріп,сұралды.
«Мюссенберг»  әдісі арқылы жүрді.Берілген әріптер арасынан мағыналы   сөздерді тауып, тақырыпты шығарды.   Оқушылар берілген  есептер  бойынша әр   сандықшаға  қанша  білезіктен   салынатынын  айтып,Сонымен  қатар   мысал  есептерді  тақтаға   жазып, шығарып, өз   білімдерін  көрсете  білді,диаграмма  арқылы   көрсетіп  берді.Әрбір  орындаған   есептерін  бір-біріне  бағалап   отырды.Сабақ  соңында  оқушылар   түсінгендері  туралы  «Стикер»   арқылы кері  байланыс  жасады.Сабақ   өз  мақсатына  жетті.
 
2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен «Салт-дәстүр   және фольклор» бөлімі  бойынша «Баға.Сан.Құн. »  «Ұлттық  кәдесыйлар   дүкенінде»тақырыбында   зерттеу  сабағы  өткізілді.
Мақсаты: монеталарды   ажыратуды  және  лоармен   әртүрлі  амалдар  орындауды   үйрету.
 Оқушылардың   оқу  деңгейін  анықтау   барысында  сабаққа  бастауыш сынып мұғалімі Букирова А. бастауыш  сынып  мұғалімі А.Тулегенова және  мұғалім   Дүзелбаева  Н   қатысты. Сабақ  орташа деңгейде өткізілді. Психологиялық  ахуал   орнатып, оқушылар  бір-біріне  ыстық   лебіздерін  айтып «Қарлы  кесек » әдісі   арқылы    өткен  сабақты  еске   түсіріп,сұралды. Сабақ  барысында баға, сан  құн  ұғымдарын   еске  түсірді. «Дүкенге  саяхат» әдісі   бойынша қай  заттың, қанша  тенгеге   сатып  алатынын,  сонымен   қатар олардың  бағасын, санын, құнын  қалай  есептеу   керек  екенін  түсіндіріп, берілген  есептерді   орындап  отырды. Сондай  оқулықта   берілген  теңдеуді, баған  түрінде   есеп  шығаруды  тақтамен   жұмыс  барысында  орындады. Оқушылар  бір-бірін   бағалап, кері  байланыс  жасады. Оқушылар  сабаққа   белсене  қатысып,өз  білімдерін   көрсетті.
 
Сонымен қатар   2-сынып  оқушыларымен   әдебиеттік   оқу  пәнінен  олқылықтарды   жою  мақсатында  сабақтар   өткізілді. Оқушылар  мысалдар  ,өлеңдер, әңгімелер  оқыды. Оқушылардың  оқу   жылдамдығын  текесру  мақсатында олар  минутқа   оқыды. Оқу  жылдамдықтары  жақсы, кейбір   оқушылармен  әліде  көптеген   жұмыстыр  жүршізу  қажет.
 
2- сынып   бойынша  үлгерімі  төмен   оқушыларына  сабақтан  тыс   уақытта  қосымша  тапсырма   беріп , сонымен  қатар тест  алынды.Алдағы   уақытта  олармен  қосымша жұмысты  тереңірек   жүргізіп, көптеген   жаттығулар  жасау  керек.
Зерттеу  сабағы   бойынша  қазақ  тілінен   « Зат  есім» тақырыбында  сабақ   өтті. Оқушылар  ережені  жаттап, зат   есімге  байланысты  мысалдар   келтіріп, сұрақтарға  жауап  берді.Әр   оқушы жауап  бергеннен  кейін   кері  байланыс жасап  отырды.
 
2-сынып  оқушыларымен   көктемгі  каникулдық  мектеп   өткізілді.  Олар  каникул   кезінде  сектепке  келіп, өз   білімдерін  одан  ары   көтеріп  отырды.Оларға  қосымша   тапсырмалар  беріліп, оларға  дұрыс   шығару  жолдарын  көрсетіп   беріп  отырдық.Сонымен  қатар   көркем  жазу  сабағыда   өткізілді. Оқушыларға   каллиографиясын  түзету  м ақсатында 
көптеген тапсырмалар   жазуға  беріліп  отырды.
Оқушыларды  ертегі   кітапқа  тарту,  олардың  қызығушылығын   ояту  мақсатында  олармен «Ертегілер  елінде»   тақырыбымен  кітапханаға  саяхатқа   шықты. Онда  көптеген  ертегі   кітаптарды  алып, оқып, сонымен  қатар ертегілер  кейіпкерлеін   сахналады.
 
          Наурыздың  9 –18  аралығында білімді  жетілдіру   курсы  өтті. «Өзін-өзі  тану» рухани-адамгершілік  білім  беру   бағдарламасы     бойынша өткен  курс  өте   қызықты  боды.  Ол   жерден  көптеген  өзіме   керекті  сабақтарды  үйреніп, толыққанды  қанағаттарлық   дәріс  алдым.                      
  
Курсты   бірітіп  келген  соң   әріптестермен  оқуда  не   үйрендім,не  үйретті  мақсатында «Құндылықтар-өмір  негізі» атты   тақырыпта  коучинг  өткілді. Онда бес  құндылықтың   әрқайсысына  тоқталып, жеке  айтылып   өтті. Әріптестермен  «Сынық  құмыра»   видеоролик  көріп,  оны   талқыладық.Сондай-ақ  «Бес құндылық» әнін  топпен  шырқадық. Қорыта  келе   адами  құндылықтар  туралы   толық  мағлұмат  алынды
          
География пәні бойынша 7-сынып оқушыларымен   21.10.2021 күні «Литосфералық катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында   Lesson study  зерттеу сабағы өткізілді. Сабақ өту барысында  әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, олқылықтарды жою мақсатында жаңа тақырыпқа сәйкес келетін «7.2.3.1 жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды  түсіндіру» деген сабақ мақсаттары кіріктірілді. Оқушыларды білу, түсіну, қолдану, талдау критерилері бойынша сабаққа бар ынтасымен қатысты. Оқушылардың деңгейін зерттеу мақсатында Lesson study зерттеу сабағына мұғалімдер қатысты.
 
Аталған мектепте наурыз айында мектепішілік Жыл мұғалімі-2022 байқауы өткізілді. Сол байқауда берілген бағдарлама бойынша кезең-кезеңімен тапсырмалар орындалды. Сабақтан үзінді көрсетіліп әдіс-тәсілдер туралы айтылып, қазіргі ұстаз бейнесін көрсете білдім. Соның нәтижесінде мектепішілік байқауда жеңіске жеттім.
 
Аптадан-аптаға жобасы бойынша іс-тәжірибе алмасу және тарату мақсатында 1-сыныпта Ана тілі сабағына қатыстым. Пән мұғалімі А.И.Тулегенова өткізген сабағында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңа бағдарлама бойынша қызықты сабақ өткізді.Оқушыларға алдымен жақсы көңіл-күй қалыптастырды. Үй тапсырмасын сұрап  «Миға шабуыл» әдісі бойынша жаңа тақырыпты ашты. Дәптермен тақтамен жұмыстар жүргізілді. Сабақтың соңында «Ақылды үкі» әдісі бойынша кері байланыс орнатты. Осы сабақты өту барысында пән мұғалімі өз мақсатвна толықтай жетті.  
   2022 жылдың 11 мамырында Азат орта мектебінде Мектеппен жоғары оқу орны арасындағы байланысының білім алушылардың білім сапасын арттыруға тиімділігі тақырыбындағы аудандық семинарға қатыстым. Семинарда оқушыға мамандық таңдуда әсер ететін ең маңызды дәлелерді айқындап берді. Мамандықтың негізгі салалары туралы жіктеді.Кәсіби бағдар беру жұмысының ішкі саласы тақырыбында видеоролик көрсетілді. 8-сынып оқушыларымен өткен тарих пәнінің сабағына қатыстым. Сабақ жақсы өткізілді. Тәжірибелі ұстаздан өзіме алатыным көп болды
   
 
 
 «Мектеп лигасы»
 «Дені саудың - жаны сау» атты іс- шара күз мезгілінде денсаулық фестиваліне  бастауыш сынып оққушыларарының қатысуымен өткізілді. Жарыстың  басы спорт алаңындажаппай таңғы жаттығулар жасалып,  түрлі спорттық ойындарға ұласып, флешмоб биледі.
Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрды. Үшініші кезеңде қатысушылар зияткерлік спортта және күресте өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Шара барысында   денсаулық бұрышы ұйымдастырылды. 
  
6- сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінен «Эстафкталық ойындар» тақырыбында үлгілі сабақ өткізілді.«Кедергілер арасымен жүгіру»,«Кім көп тигізеді?»,«Берде отыр»,«Қозғалмалы нысана»,«Шеңбер және секіргішпен өткізілетін эстафета».Аталған кезеңдерде екі топқа бөлінген Мақсат командасы және Айбар командасы эстафеталық ойын кезінде белсене жарысты.Ойындар оқушылар үшін өте қызықты болды.Нәтижесінде Мақсат командасы жеңіске жетті.Оқушылар сабақ соңында өздері жинаған ұпай сандарымен танысып,бағаланды.
  
3- сынып оқушылары ұлдары   арасында дене шынықтыру пәнінен «Кім мерген?» тақырыбында жарыс ұйымдастырылып , өткізілді.
Асық ату бойынша оқушылар өз мергендіктерімен сыналды.
Жарыс ойыны оқушылар үшін қызықты болды.  Оразхан Нурислам асық атудың шебері екендігін ойын барысында көрсетіп, жеңіске жетті. 
 
1,2,3 сыныптар арасында «Дойбы ойнаудың шеберімін » атты жарыс 
ұйымдастырылып,өткізілді.Оқушылар Ойлау қабілеттерінің жылдамдығын ойын барысында көрсете білді.1 –сынып оқушылары ішінде Мұхамбеджан Алдияр өз қатарластарын жеңіп шықты.
2- сынып оқушылары арасынан Ғабит Алисұлатан ойын барысында ойлау қабілетінің жоғары екендігін дәлелдеді.Сонымен қатар 3- сынып оқушысы Дюхан Самғат өз сыныптастар ішінен үздігі атанды.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткізілген іс-шара оқушыларға қызықты болды.   
            Бастауыш 3- 4   сыныптар арасында «Көңілді эстафета» атты дене шынықтыру пәнінен іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар екі топқа бөліну арқылы бір-бірімен жарысты. Жарыс 5 кезеңнен құрылып, өткізілді .Оқушылар өз жылдамдықтарын және мергендіктерін ойын барысында көрсетті.Жарыс соңында «Қыран» тобы жеңіске жетті.Оқушыларға жарыс соңында сыйлықтар берілді.
                              
. 5- 6сыныптар арасында «Спорт-денсаулық кепілі » атты дене шынықтыру пәнінен іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар екі топқа бөліну арқылы бір-бірімен жарысты. Жарыс түрлі эстафеталық ойындар арқылы өткізілді .Оқушылар өз жылдамдықтарын және мергендіктерін ойын барысында көрсетті.Жарыс соңында 5 сынып оқушылары  жеңіске жетті.Оқушыларға жарыс соңында мақтау қағазы   берілді.
5- сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінен «Эстафкталық ойындар» тақырыбында үлгілі сабақ өткізілді.«Кедергілер арасымен жүгіру»,«Кім көп тигізеді?»,«Берде отыр»,«Қозғалмалы нысана»,«Шеңбер және секіргішпен өткізілетін эстафета».Аталған кезеңдерде екі топқа бөлінген Қуаныш командасы және Мирас командасы эстафеталық ойын кезінде белсене жарысты.Ойындар оқушылар үшін өте қызықты болды.Нәтижесінде Қуаныш командасы жеңіске жетті.Оқушылар сабақ соңында өздері жинаған ұпай сандарымен танысып,бағаланды.
  
          «Наурыз-жыл басы» атты ұлттық ойындардан құралған іс-шара мектеп білім алушыларының ұлдары арасында өткізілді. Оқушылар салмақтарына қарай қарсыластар дайындалып,күресті. Іс –шара дене сергіту жаттығулардан басталып, өз жалғасын тапты.Іс-шараның  соңында жеңімпаздар анықталды.  
1-сынып білім алушыларымен ана тілі пәнінен «Дыбыс және әріп» бөліміндегі «Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстар» тақырыбындағы «Қазақстанның Гимні мен Туы»тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа мектеп директоры Ш.С.Қамышбаева,ДОІЖО Мушанова Ж.К,бастауыш сынып мұғалімі Букирова А.Н  қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тақтамен жұмыс жасап,мұғалімнің көмегімен жаттығу орындады.Сергіту сәтінде  «Адай» күйі орындалып, «Сиқырлы қалпақ» ойыны ойнатылу арқылы өткен тақырыптардан сұрақ-жауап алынды. Оқушылар екі топқа бөлініп,топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыста жіңішке және жуан дауысты дыбыстарды ажыратып,жұп дауысты дыбыстарды табу арқылы оқушылар тапсырмаларды өте мұқият орындап шықты. Оқушылар әрбір орындаған тапсырмаларға кері байланыс ретінде «Бағдаршам» әдісін қолданды.Қорытынды ретінде оқушылар дыбыстық талдау жасады.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,сабақ барысында барлық тапсырмалар қамтылып,оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады. Оқушылар  тақырыпты түсінгендерін «Ақылды үкі» әдісі арқылы кері байланыс айланыс орнатып,сабақ өз мақсатына жетті.
 
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ 1-сынып   оқушыларымен  ана тілі пәнінен «Бас әріппен жазылатын сөздер. Нұр-Сұлтан мен Алматы» тақырыбында үлгілі сабақ өткізілді.
Мақсаты: мұғалімнің қалауымен мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою,сұраққа жауап беру; бас әріптен басталып жазылатын сөздерді(кісі аттары,жер-су атаулары,жануарларға арнайы қойылған аттар)анықтау
Оқушыларға алдымен көңілді әуенмен психологиялық ахуал орнатып,үй тапсырмасы сұралды. Үйге тапсырма «Нұр-Сұлтан мен Алматы» өлеңін жаттауға берілген. Оқушылар үй тапсырмасын толықтай айтып берді. Жаңа тақырып түсіндіріліп, «Жалғасын тап» әдіс-тәсілі арқылы қала,адамның есімдерін жәнеде үй хайуанаттарының аттарын тауып, тақтамен жұмыс жүргізілді. «Моншақ тізу» әдісі арқылы «Екі дос» ертегісінен мәтін құрап оқыды . «Балық қаңқасы» арқылы оқушылар мәтінді талдап, сұрақтарға жазбаша түрде жауап берді. Оқулықпен жұмыс жасалып,QK -пен жаңылтпаш тыңдап, дәптермен жұмыс жүргізілді. Сабақ соңында «Ақылды үкі» әдісі арқылы кері байланыс орнатты. Осылайша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына толықтай жеттім.
 
           1-сынытағы түзетуді қажет ететін оқушылармен «К дыбысы мен әрпі» тақырыбында олқылықтарды жою мақсатындағы іс-шара өткізілді. Оқушыларға «К дыбысы мен әрпі» бойынша сабақ түсіндірілді.Оқушылар тақырыпты толық меңгеріп, «К дыбысы мен әрпін» дәптерлеріне жазып,оқу жылдамдығын арттыру мақсатында  «Сәбіз жинау»әдісі қолданылды. Оқушылар сабақ соңында кері байланыс орнатты.
   Әліппе   пәні бойынша 1-сынып оқушыларымен «М әрпі мен дыбысына» түзетуді қажет ететін оқушылармен қосымша сабақ өткізілді. Тақырыпты қамту барысында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. « Меңзер» әдісі арқылы тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін көрсетті.
 
   Түзетуді қажет ететін оқушылармен әліппе пәні бойынша 1-сыныпта «Ш дыбысы мен әрпіне» қосымша сабақ өткізілді. Сабақ барысында «Жұмыртқа жинау»әдісі қолданылды. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылардың деңгейін анықтау барысында тапсырмалар орындады.
 
    1-сынып оқушыларымен математика  пәні бойынша біліміндегі олқылықтарды жою мақсатындағы қосымша сабақ өткізілді. «Ауыр,жеңіл,килограмм» тақырыбы бойынша өткен сабақты естеріне түсірді. Сабақ барысында карточкаларға есептер берілді. Кіртастарға оқу құралдары қойылып, өлшелінді. «Әліппе мен математика» ойыны ойнатылды. Ойын барысында оқушыларға әліппе пәнін оқи отырып, есеп шығарды.Оқушылар есептерді шығару арқылы ,өз деңгейлерін көрсетті.Тақырып бойынша оқушылар өз білгендерін ортаға салып, бір-бірін толықтырып отырды. Нәтижесінде,оқушылар « Ақылды үкі» арқылы кері байланыс орнатты.
 
  1. сынып білім алушыларымен әліппе пәнінен «Р дыбысы мен әрпіне» қосымша сабақ өткізілді.Өткен тоқсандағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және  оқу жылына арналған оқу бағдаламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша сабақ өткізілді.Қосымша сабақ барысында оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жұмыртқа теру» әдісін қолдандым. Нәтижесінде,оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып,осы әдісті ары қарай жалғастыруды қолға алдым.
 
1-сынып білім алушыларымен
TIMSS бағдарламасы бойынша математика пәнінен сабақ өткізілгені  туралы анықтама.
Математика пәнінен 1- сынып оқушыларымен  «Тура және кері ретпен санау»тақырыбында сабақ өткізілді.Оқушыларда есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды логикалық есеп шығаруға үйрету,математика сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. «»Адасқандар сандар» ойыны ойнатылды. Бұл ойында оқушылар сандарды өз ретімен орналастырады.Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін  1- сынып оқушыларымен өткізілген сабақтар өз нәтижесін көрсетіп Кобылинец Титомир мен Ақан Нұрсұлтан   сияқты     оқушылардың  өз   ойларын  жеткізуде,есеп шығарудан  ілгерілеушіліктері   байқалады.
 
Зерттеу сабағы.
2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен  «Теңге. Монета және қағаз ақша» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. Зерттеу сабағында Султанов Диас сабаққа белсенді қатысып отырды.  Көбейтудің компоненттерін атау кезінде өте көп қателіктер жіберілген. Сабақ барысында тақтамен жұмыс жасалып , белсенді қатысып отырды. Өзін-өзі тексеру кезінде Диастың қолына 1000теңгелік ақша берілді. Мақсаты осы ақшаны екіге бөлу кезінде,сұраққа толық,әрі жылдам жауап берді. Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндірген кезде сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Сабаққа қатысуы жақсы,өзін еркін ұстайды. Жазу коллеграфиясын жөндеу керек.
 
2-сынып білім алушыларымен математика пәнінен  «Баға. Сан. Құн.» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. Зерттеу сабағында Султанов Диас сабаққа белсенді қатысып отырды. 5 санының көбейту кестесін толық,әрі нақты жауап берді. Дәптерін тексеру кезінде үй тапсырмасынан өте көп қателіктер жіберілген.  Мұғалім сабақ барысында тақтамен жұмыс жасау кезінде теңдеулерді шеше алмады,өте көп қателіктер жіберді. Сұрақ-жауап бөлімінде сұрақтарға толық,әрі нақты жауап берді. Өзін-өзі тексеру кезінде Диастың қолына 500теңгелік ақша берілді. Мақсаты осы ақшаны екіге бөлу кезінде,сұраққа толық,әрі жылдам жауап берді. Көңіл-күйі құбылмалы,мұғалімнің қойған сұрақтарына нақты жауап береді.Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндірген кезде сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Сабаққа қатысуы жақсы,өзін еркін ұстайды. 

  
Султанов Диаспен  сұхбаттасу анықтамасы.
Математика пәнінен Султанов Диаспен әңгімелесу нәтижесінде бірнеше сұрақтар қойылды. Сабақтың мақсаты:  Монеталарды ажырату және олармен әртүрлі амалдар орындауды үйрену.Оқушыға бірнеше сұрақтар қою арқылы, оқушы сабақ өзіне өте қатты ұнағандығын жәнеде қызықты өткендігі туралы айтты. Сабақ несімен ұнады деген сұраққа: Сабақта монеталарды қолдану әдісі жәнеде  тақтаға есеп шығарған өзіне ұнайтындығын жеткізді. Көбейту кестесін жаттау,бөлу және теңдеу амалдарына есеп шығару кезінде қиналатындығын айтты.  
Қорыта келе,оқушы сабаққа өте белсенді қатысты.Мұғалім сабақ барысында тақтамен жұмыс жасау кезінде теңдеулерді шеше алмады,өте көп қателіктер жіберді. Сұрақ-жауап бөлімінде сұрақтарға толық,әрі нақты жауап берді. Өзін-өзі тексеру кезінде 500теңгелік ақша берілді. Мақсаты осы ақшаны екіге бөлу. Көбей және бөлудің компоненттерін атау кезінде өте көп қателіктер жіберді. Оқушының деңгейі өзіне сәйкес келеді. Көңіл-күйі құбылмалы,мұғалімнің қойған сұрақтарына нақты ,әрі жылдам жауап береді.Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндірген кезде ,сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Сабаққа қатысуы жақсы,өзін еркін ұстайды.
«Каникулдық іс-шаралар»
  «Каникулдық мектеп» жобасы бойынша 1-сынып оқушыларымен математика  пәнінен 24,25наурыз күндері  қосымша сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты: Өткен тақырыптарға шолу жасау.Оқушыларды әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы  есептер шығарту арқылы,математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. 
24наурыз күні «қосу және азайту – өзара кері амалдар» тақырыбына қайталау мақсатында әртүрлі әдіc-тәсілдер арқылы кері есептер шығарылды. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы,өткен тақырыптарды еске түсірді.Оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында оқушы деңгейіне сай тапсырмалар берілді.Қосымша сабақта «Күшікті тойдыр», «Қоянға сәбіз жинайық»әдіс-тәсілдері арқылы оқушының есеп шығару жылдамдығын арттыру мақсатында қолданылды.
25наурыз күні «Өрнектер», «Теңдеулер» тақырыбында қосымша сабақ өткізілді. Қосымша сабақта «Маймылды тойдыр», «Кім жылдам?» әдіс-тәсілдер арқылы әртүрлі есептер берілді.Сабақтағы оқушылардың оқу мақсатын меңгергендіктерін тексеру мақсатында «Баспалдақ», «Бағдаршам» арқылы кері байланыс берді Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
 
«Каникулдық мектеп» жобасы бойынша  1-сынып  оқушыларымен   ана тілі  пәнінен 26,27 наурыз күндері  қосымша сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты :  өткен тақырыптарды,ережелерді қайталап,жазу үлгісін ретке келтіру және әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы ана тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
1-сынып оқушыларымен түсінбей қалған немесе меңгерілуі қиын деген тақырыптар қайтадан түсіндіріліп,тапсырмалар берілді.
  26наурыз күні ана тілі пәнінен «Дыбыс және әріп» бөліміне қосымша сабақ өткізілді.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда ,олардың ойлау,қабылдау,түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен сауатты сөйлеудің маңызы ерекше.Бұл үшін оқушы оқу дағдысына көбірек мән беріліп,күрделі нәрселерді меңгеруі қажет.Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап,еске түсірді. Тапсырмалар әртүрлі деңгейде болды.Берілген тапсырмалар тест түрінде өтілді. Сабақты түсінікті өткізу үшін  қызықты тапсырмалар берілді. 
27 наурыз күні «Буын және тасымал» бөлімін еске түсіру мақсатында қосымша сабақ өткізілді.Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру мақсатында «Маймылды тойдыр», «Сәбіз теру», «Кім жүйрік» әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақты түсінгендерін білу үшін әртүрлі смайликтермен жәнеде «Баспалдақ» әдісі арқылы кері байланыс орнатты.
 
Құрөзек негізгі орта мектебі «Каникулдық мектеп» жобасы бойынша  1-сынып   оқушыларымен  әліппе  пәнінен «Кім жүйрік» тақырыбында сайыс сабағы ұйымдастырылды.
Мақсаты:әліппе пәнінен алған білімдерін көрсету,қорытындылау.
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Қыран», «Сұңқар»
Сайыс үш бөлімнен тұрады:
1-бөлім:
«Кім шапшаң?». Бұл сайыста оқушыларға 1минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде кім қанша  сөз оқиды сөздер беріледі,сол сөздерді шапшаң оқиды.  Бірінші сайыста «Сұңқар» тобы 7ұпай жинап алға шықты. 
2-бөлім:
«Мәтін оқимыз». «Дана адам» деген мәтін беріледі. Мәтінді оқып,мәтіннен екі топқа  кез-келген сөз беріледі. Сол сөзге дыбыстық талдау жасайды. Дыбыстық талдауды дұрыс жасаған топқа ұпай беріледі. «Қыран» тобы қоржындарына 7ұпай жинады.
3-бөлім:
«Бес саусақ». Бұл сайыста тақтада бес саусаққа сөздер жазылады,мұғалім кез-келген сөзді айтады,сол сөзді ортаға шыққан оқушы табуы керек. 1минут ішінде кім көп сөз табады,сол топқа ұпай беріледі. «Сұңқар» тобы 6 ұпай, «Қыран» тобы 8 ұпай жинады. «Кім жүйрік?» сайыс сабағында «Қыран» тобы алға шығып,жеңіске жетті.
 
1-сынып ата-аналарымен «Функционалдық сауаттылық сіздің балаңызға қажет пе?» тақырыбында кезектен тыс қашықтықтан ватсап желісі арқылы жиналыс өткізілді. Мақсаты: ата-аналарға функционалдық сауаттылық туралы түсінік беру.
Алдымен ата-аналарға фунционалдық сауаттылық жайында баяндама оқылып,»функционалдық сауаттылық дегеніміз не?» деген сұраққа сынып жетекшісі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Тұлғаның ең басты функционалдық салалары:белсенділік,шығармашыл тұрғыда ойлауға ,шешім қабылдауға,кәсіби жолын таңдай алуға дайын болады. Міне осындай функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасатыны жәнеде оқушылар пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ететіні туралы сынып жетекші ата-аналарға айтып өтті. Ата -аналар бірауыздан функционалдық сауаттылық қажет деп кері байланыс орнатты. Ата-аналардың барлығы берілген ақпарат түсінікті екендігін жеткізді.
 
1,4-сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді.«Адам – өз өмірінің суретшісі» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Баланың бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады?» тақырыбында баяндама оқылып,слайд көрсетілді. Ата-аналар өз ойларын ортаға сала отырып,ұсыныстарында білдірді. Ата-аналардан жарыссөзге шыққан А.Тойлыбаева  бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екенін айтса,1-сынып ата-аналарынан Б.Мухитова осы сөзге қосылатындығын айтты.«Жазғы мектеп» ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы ДОІЖО Ж.К. Мушанова түсіндіріп берді. Ол өз сөзінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2021жылғы «26» мамырындағы №240 бұйрығына қосымша «Жазғы мектепті» ұйымдастырудағы жалпы ережелерді айтып түсіндірді.
«Жазғы мектеп» жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды) игеруге көмектесу маңыздылығын ескертті.«Жазғы мектеп» жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайтындығы,үй тапсырмасы берілмейдігі жәнеде мектеп кітапханасына цифрлық білім ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі- дей келе басқа да тараулардағы ұсынымдарға тоқталып ,түсіндірме жұмыстарын тиянақты жүргізді.
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсат міндеттерімен ДТІЖО А.Р.Гайнуллина таныстырып,лагерь жұмысын жобалау мен өткізудегі негізгі принциптеріне тоқталды:
1.Өткізілетін шаралардың қауіпсіздігі.
2.Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.
3.Бос уақытын тиімді өткізу.Шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндіктері болып саналатындығын басты назарда ұстаймыз деп қадап айтты.
Ата-аналардан А.Байсмакова  осындай лагерьдің ұйымдасып жұмыс жасауын құптаймын және өз балаларымды лагерьге жіберіп отырамын деді.1 және 4-сынып жетекшілері Ш.Сабаншиева мен А.И.Тулегенова ата-аналарға оқушылардың тәртібі,тазалығы,үлгерімі туралы айтты. Сонымен қатар жазғы мектеп бойынша өтініштерін жаздырып,жазғы лагерьдің маусымның 20 жұлдызынан басталатындығын ескертті.
 

Мектепішілік бақылау мен басшылық жоспарына сәйкес мектепішілік «Үздік сынып жетекші » байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты шығармашылықпен  жұмыс істейтін, талантты, ой –өрісі биік, парасатты, өзіндік авторлық жаңашыл идечсы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. 
1-кезең   өзін-өзі таныстыру. Таныстырылым кретивтілігі «Үздік сынып жетекші » моделі,спикердің  аудиториямен жұмыс жасай алуы, өз  сыныбын таныстыру, өзін-өзі таныстыру бағаланды. 2-кезең   өз өнерін  көрсету. Ұстаздар ұстаздық өмірінен өз өнерлерін көрсетті. Соңғы кезеңде 3 жылдық портфолиолары тексерілді. Мұғалімдердің ізденіс жұмыстары мен оқушылармен өткізіліп жүрген жобалар  туралы айтып өз портфолиоларын қорғады. 1-орын Г.Нұрамбековна,2-орын А.Ержан,3-орын А.Тулегенова марапатталды. Мұғалімдер мектеп директорының құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында мектеп директоры сөз алып, жеңімпаздарды құттықтады.
 
        Ақпан айының мектепішілік бақылау мен басшылық жоспарына сәйкес 25-ақпан күні мектепішілік «Жыл мұғалімі 2022 » байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты шығармашылықпен  жұмыс істейтін, талантты, ой –өрісі биік, парасатты, өзіндік авторлық жаңашыл идечсы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. 
1-кезең   өзін-өзі таныстыру. Таныстырылым кретивтілігі «Үздік мұғалім » моделі,спикердің  аудиториямен жұмыс жасай алуы,  материалды түсінікті жеткізе білуі бағаланды. 2-кезең  Сабақ  өткізу . Сабақ мақсатының жоспарланған оқуту нәтижесіне сәйкестігі , жаңашылдығы бағаланды.
3-кезең өз өнерін   көрсету. Ұстаздар ұстаздық өмірінен өз өнерлерін көрсетті. Соңғы кезеңде 3 жылдық портфолиолары тексерілді. Мұғалімдердің ізденіс жұмыстары мен оқушылармен өткізіліп жүрген жобалар   туралы айтып өз портфолиоларын қорғады.   Мұғалімдер мектеп директорының құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында мектеп директоры сөз алып, жеңімпаздарды құттықтады.
 
Құрөзек негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі                                                                                 Тулегенова Арна Исаевнаның жетістіктері.
  
 
«Қашықтықтан оқыту кезіндегі сынып жетекшілердің ата-анамен байланысын ұйымдастыру»
«Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар»
 
Диплом «Ең шынайы орындау» 1-орын алғаны үшін.                      
 
Диплом  1орын алғаны үшін, «Ең шынайы орындау үшін»
Орындаған:  МДОІЖО      Ж.К.Мушанова
                                                           
               


            
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'