Мушанова Жадыра Кунболатовна » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мушанова Жадыра Кунболатовна
15
апрель
2023

Мушанова Жадыра Кунболатовна

Мушанова Жадыра Кунболатовна Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 1988 жылы 19 маусымда дүниеге келген.  Білімі  жоғары, 2004-2008 жылы  Есік    педагогикалық колледжінің    бастауыш  сыныптарды оқыту және бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту   мамандығы  бойынша үздік дипломмен бітірді. 2009-2012 жылдар аралығында Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетін бастауыш сыныптарды оқыту мамандығы бойынша оқып , бакалавр дәрежесін алды. Педагогикалық    өтілі-14  жыл. Мұғалім   аталған   мектепте  14  жылдан   бері  еңбек етіп  келеді. 2018 жылы педагог –эксперт санатын иеленді. 
       2018-2021 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды. 
        2023 жылы 1 наурыздан бастап, Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрық №36-ж/қ  сәйкес, мектеп директоры лауазымына тағайындалды.
       Мушанова Жадыра Кунболатовна  өзекті   мәселесі  бастауыш  сыныптарды   оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру. Жаhандық құзыретіліктерін дамыту жолында сапалы білім мен саналы тәрбие беру.
                Заман талабына сай оқушыларды жеке тұлға қалыптастыруда оқыту мен оқудың жаңа бағыттағы технологияларын ұтымды пайдалана отырып, топтық, жұптық жұмыстарды тиімді жүргізеді. Шәкірттерінің сыни тұрғыда ойлауын дамытып, критералды бағалауды, кері байланыс жасау тәсілдерін сабағында шебер пайдаланады. АКТ ны тиімді пайдаланады.
              Жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Мушанова Жадыра кунболатовна туралы ата-аналары мен шәкірттері ерекше ілтипатпен айтып отырады. Жадыра Кунболатовна ұлағатты ұстаз ғана емес, білікті ұстаз, абзал көп балалы ана.
            Сонымен   қатар әр   ісіне  жауапкершілікпен, шығармашылықпен  қарай,  жалпы   азаматтық  тәрбие  беріп, оқушыларда  жоғары   адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыруға  ерекше   көңіл  бөледі.Жаңа  білім   мазмұны  бойынша  оқытуда,  тиімді әдіс –тәсілдерді , оның ішінде ойын технологиясын  қолдана  отырып, оқушы   белсенділігін  арттыруда, іздемпаздығын  күшейте   түсуге  ереше  көңіл   бөледі.
        Мушанова Жадыра Кунболатовна жаңартылған  білім  беру   мазмұны  жағдайында  сабақтарда   стратегиялар  мен  әдіс-тәсілдерді, критериалды  бағалаудың   тиімді  әді-тәсілдерін  қолдана   отырып, оқушы  белсенділігін  арттыруда,і зденімпаздығын  күшейте   түсуге,өз  бетінше  білім   алуға  ерекше  көңіл   бөледі. Педагогтың  өзіне  тән   коммуникативтік  және  ұйымдастырушылық  деңгейдегі   үйлесімді  қасиеттері  бар, талапқойғыш,  жауапкершілігі  бар   ұстаз, білікті басшы.
                            Мушанова Жадыра Кунболатовна мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. Озық іс-тәжірибесі аудан, облыс көлемінде таратылып келеді. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып талай шәкірттерінің алғысына бөленген тәжірибелі ұстаз. Істеген жұмыстарының нәтидесі бойынша түрлі алғыс хаттар мен мадақтамалармен марапатталған. 
                                                                         
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'