02
июль
2022
"Жаман әдеттен аулақ болайық" деген тақырыпта өткізілген сынып сағаттары
1-9сыныптар арасында сынып сағаттары «Жаман әдеттен аулақ болайық» деген негізгі тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында білім алушыларға тақырыпқа байланысты видео материал көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Зиянды заттардан, яғни арақ ішу, темекі тарту, нашақорлық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға. Оған ешуақытта үйір болмау керек екендігі жайында айтылып өтті. Болашағымызға балта шаппас үшін ондай заттардан аулақ болу керек, оған қарсы екенін оқушылар айтты . Оқушылар денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып, кері байланыстарын берді. Нәтижесінде білім алушылар түсінгендері мен білетіндерін ортаға салды.