Құрөзек негізгі орта мектебі КММ бойынша "Махаббат пен Шығармашылық" апталығы
Ақпан айының 10 нан-14 аралығында өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік декадасы өткізілді. 2020 жылдың 10.02-күні декаданың ашылуы салтанатты түрде өткізілді.
11 ақпан күні аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде кітапханашы Р.Байсмакова балаларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызметі туралы, рухани-адамгершілік болуы туралы әңгімеледі. Көрмеге кітаптар, балалардың балалары дайындаған ашық хаттар мен суреттер қойылды.
13 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс – шара бойынша «Мәнерлеп оқу» сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа 1-8 сынып оқушылары қатысты. Балалар Отан туралы, достық туралы бейбітшілік туралы, Ана туралы тақпақтар арасында байқау жүргізілді. Мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары грамотамен марапатталып табыс етілді.
Жоғары сынып оқушылары арасында патриоттық, адамгершілік туралы дебат өткізіліп, оқушылар адамгершілік қасиетінің ең жоғары тұруы керектігін түсінді.
13 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс – шара бойынша «Ән көңілдің ажары» атты балалар арасында ән фестивальі ұйымдастырылды.
«Мейірім токкен анамыз»,«Мейірімділік –асыл қасиет», «Өнеге отбасынан», «Балаға жүрек жылуы» тақырыптарында С.А.Назарбаеваға тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді. «Өзін-өзі тану» пән мұғалімі М.Р.Идрисова «Сүйіспеншілік-өмір негізі» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушыларының көңілді және шабыттана сабағына қатысуымен куантты. Балалар мейірімділікпен жанашырлық туралы өз ойларын өте жақсы айта алды. Сабаққа белсенді қатысып, алған әсерлерін ортаға салды.
«Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
«Бәрі де Сүйіспеншілікпен басталады» концерттік бағдарламасы дайындалып 8 сынып оқушыларының белсенділер топтары флешмобтар ұйымдастырып бар шабытпен биледі. Заман талабына сай өнерлі балалардың қызықты және тартымды көрермен қауымы куә болды. Балалардың қызығушылықтары мен талабын байқай отырып, театрланған қойылымдар мен спектакльдер қойылды. Мысалы, 8 сынып оқушылары «Мейірімділік» тақырыбында қойылым сахналап көрсетті. Шынайы көңілмен қарт адамның жақындарынан жылу көрмеуі және отбасындағы балалардың оған қандай көзқараспен қарайтыны мен ойларын іс-әрекеттерін бейнелеп көрсетті.
Балалардың шығармашылығы шексіз. Өзін-өзі тану сабақтарында белсенділік танытып отыратын оқушыларымыз бұл үлкен мерекені қуанышпен шаттықпен қарсалып ән, би өнерден аянып қалмады. Жүректен шыққан әсем әндерін, өлең жолдарын 12 ақпан Сара Алпысқызының мерейлі мерекесі туылған күніне орай концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарламада, оқушылар Сара Алпысқызының өмір жолы,атқарған еңбегі, марапаттарымен алғыстарына ерекше тоқталып атап өтті. Мерекелік іс-шара салтанатты түрде ашылып, өлең жолдарын оқу, сахналық көріністер, ән, билермен ұласты. Оқушылар мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік өмірдегі негізгі құндылық екендігін жүректерінен өткізіп, сезінді. Үлкенді сыйлау, қамқор болу сияқты қасиеттерін дамыта түсті.
ғармашылық"