2020-2021 оқу жылындағы мектеп кітапханасының жоспар
Балаларды кітап оқуға тарту – жас ұрпақтың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой-өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізгі бағыт болып саналады.Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі, жас оқырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан азығы кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қадір-қасиетін ұғындыру Белгілі бағдар бейімі анық оқырман, оқырманның өзіне сенімін қалыптастыру, баспасөз беттерінде оқушы шығармашылығын жариялау. Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары, ата-ананың жауапкершілік сезімін көтеруге ықпал ету.
Мақсаты:
- Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республика үкіметінің кітапхана ісінің мәселелері жөніндегі шешімдерін, Білім министрлігінің бұйрықтарын және осы жоспарды басшылыққа алу;
- Кітапханада электронды ресурстар галлереясын ұйымдастыру;
- Электронды басылымдарға кеңейтілген түрде виртуалды көрмелер коллекциясын ұйымдастыру шараларын ойластыру;
- Оқушыны кітапқа құштарлыққа, кітапхананы пайдалана білуге және кітап оқу арқылы тіл байлығын кеңейтіп, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытуға, оқулықты таза ұстап, кітапты құрметтей білуге тәрбиелеу.
- Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру;
- Салт-дәстүрін құрметтеуге, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау;
- Жүргізілетін жұмыстың мақсаты – ұлттық рухани жіне интеллектуалды сілкінісінің қажетті құралы ретінде оқуға оқырмандарды тарту.
ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
- Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқушы дарынын жетілдіру үшін қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
- Кітап қорының жұмыс қалпын сақтау;
- Ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханның шығармаларын насихаттау;
- Школьникам отандық және шетел әдебиетінің құндылықтарын ұғындыру;
- Информациятық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұйымдастыру;
- Оқулықтарды күтіп ұстауға, жыл аяғына дейін жақсы дәрежеде өткізу үшін бақылау шараларын ұйымдастыру.
- Цифрландыру - серпінді дамудың өзегі, (алфавиттік, жүйелі каталогтарды, мақалаларды жүйеге алу картатекаларын электронды жүйеге енгізу);
- Кітапхананың қоғамдық іс-шараларын мектептің алға қойған мақсаттарына сай жүргізу;
- Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
- Оқушылардың танымдылық қабілеттері мен қызығушылығын кітап оқу арқылы дамыту.
- Кітапхана жұмысында мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, мектеп педагогикалық ұжымымен бірлесе даму және қалыптасу консепциясын құру;
- Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
- Білім алушыны кітап оқуға деген ықыласын артыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту;
- Библиографиялық ақпараттандыру – оқырмандардың сұранысына сәйкес библиографиялық ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету;
- Белгілі бағдар бейімі анық оқырман, оқырманның өзіне сенімін қалыптастыру, баспасөз беттерінде оқушы шығармашылығын жариялау.Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары, ата-ананың жауапкершілік сезімін көтеруге ықпал ету.
- Оқырманның өзін-өзі басқару арқылы әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы тәрбие жұмысында оқырманның жеке дамуын бақылау;
- Кітапханада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқырманның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КІТАПХАНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТІ
І.2020-21 оқу жылының кітапхана көрсеткіші
ІІ.Кітап қорын толықтыру
ІІІ.Кітап қорының есебі. Келіп түскен басылымдарды қабылдау.
IV.Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі
V. Кітаптарды жіктеу, авторлық белгілерді анықтау, қормен жұмыс.
VI.Оқырмандарға қызмет көрсету, жұмыс есебі.
VII.Информациятық – библиографиялық жұмыс.
VІII.Көпшілік мәдени-шараларға қатысу
КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Оқушыларды әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары
- Өлкетану ізденіс жұмыстарына оқушыларды баулу.
- Кітапхана активтерімен жұмыс ((
- Оқу үрдісіне ақпараттық жәрдем беру.
- Атаулы күндерге арналған кітап көрмелерін ұйымдастырып, іс-шаралар өткізу.
- «Жас өркен» баспасөз орталығы жас тілшілерінің жұмысын жалғастыру.
- «Оқитын отбасы» сайысын жалғастыру.
І. Көрсеткіштер 2020-2021 оқу жылы
Р/с | Көрсеткіштер | |
1 | Оқырмандар саны | 150 |
2 | Келу саны | 180 |
3 | Кітап беру саны | 220 |
ІІ. Кітап қорын толықтыру.
р/с | жұмыстың атауы | жұмыс көлемінің өлшемі | Жауапты | |
1. | «Үзілісте кітап оқу», «Отбасымның сүйікті кітабы» (акцияларын жалғастыру.) республика-лық «Бір ел-бір кітап», "Кітап әлемді бағындырады" кітап сыйлау акциясы, | бір дана | Кітапханашы | |
2. | «Информация тынысы» (Мерзімді басылымдарға жазылу) | бір тапсырыс | Кітапханашы |
ІІІ. Кітап қорының есебі.
р/с | жұмыстың атауы | жұмыс көлемінің өлшемі | Жауапты |
Жаңа оқулықтарды ілеспе құжат арқылы тексеріп, саны мен құнын есептеу, инвентарьлық номер қойып, жиынтық есеп кітабына жазу | бір атау | Кітапханашы | |
Жаңадан түскен мерзімді басылымдарды картотекаға тіркеп, 3-17 мөр басу. | бір атау | Кітапханашы | |
Жаңа басылымдар келгенде толықтырып отыру | Бір атау | Кітапханашы | |
IV. Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі
Р/с | жұмыстың атауы | жұмыс көлемінің өлшемі | |
Жауапты | |||
1 | Қалалық білім бөлімінің бұйрығы бойынша стандартқа сай келмейтін оқулықтардың актісін жасап қаржы бөліміне есеп беру. | бір акт | Кітапханашы |
2 | Жоғалған кітаптардың, оқулықтардың орнына оқырмандардан қабылдаған кітаптарды арнайы құжатқа толтырып, оқырманның қолын қойғызып, арнайы инвентарь кітабына белгі соғып, акті бойынша шығару. | бір құжат | Кітапханашы |
3. | Шығыстан шығарылған кітаптарды мұғалімдердің сұранысы бойынша оқу кабинеттеріне таратып, қалған бөліктерін макулатураға өткізіп арнайы берілген счетқа ақшасын салып түбіртегін тігіп отыру | бір дана | Кітапханашы |
V. Кітаптарды жіктеу, авторлық белгілерді анықтау.
Р/с | жұмыстың атауы | жұмыс көлемінің өлшемі | |
Мерзімді басылымдарды реттік нөмірі бойынша орналастырып, тігіп отыру. | бір құжат | Кітапханашы | |
Кітаптарды кітап сөрелеріне әр ғылым саласы бойынша орналастыру (жаңадан келген). | бір құжат | Кітапханашы | |
Мақалаларды жүйеге алу картотекасын, жаңа басылымдар келгенде толтырып отыру. | бір атау | Кітапханашы | |
Тақырыптық папкаларды толықтырып отыру. | бір атау | Кітапханашы |
VI. Оқырмандарға қызмет көрсету.
Р/с | жұмыстың атауы | жұмыс көлемінің өлшемі | |
Жаңадан тіркелген оқырманға кітапхана ережесімен тұрақты таныстырып отыру. | 1оқырман | Кітапханашы | |
Жаңа оқу жылының оқулықтарын жыл соңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығы, Балқаш қаласының білім бөлімі 2017 жылғы 16 мамыр № 270 бұйрықтары негізінде сыныптар бойынша тарату. | 1 сыныпқа | Кітапханашы | |
Жоспар бойынша мәдени іс-шараларды өткізу. | 1 шара | Кітапханашы | |
Ашық есік күнін өткізу, кітапханаға саяхат. | 1 саяхат | Кітапханашы | |
Қарыз оқырмандармен жұмыс. | 1оқырман | Кітапханашы | |
Оқырмандарды мерзімді басылымдарға жаздыру. | 1оқырман | Кітапханашы | |
Өткен жылдың есебін жазу. | 1 есеп | Кітапханашы | |
Жылдық жоспар жасау. | 1 жоспар | Кітапханашы | |
VII. Информациятық – библиографиялық жұмыс.
Р/с | жұмыстың атауы | жұмыс көлемінің өлшемі | ||
жауапты | ||||
«Библиография – кітап таңдаудың кілті»(ақпараттық сабақ) | бір іс-шара | кітапхана | ||
Педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырысқа қатысып отыру. | бір кеңес | кітапхана | ||
VІII. Көпшілік мәдени-шаралар.
р/с | жұмыстың мазмұны | формасы | жауапты |
Ата Заң - мемлекеттің негізі | кітап көрмесі | кітапхана | |
Келешектің кепілі-кемел білім | кітап көрмесі | кітапхана | |
«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов және қазақ тілі» (Республикалық тілдер мерекесі) | апталық | кітапхана | |
«Кітап мәңгілік парасаттың киелі ғибраты» (оқуға міндетті 100 кітап жобасы) | оқу күні | кітапхана активтері, ата-аналар комитеті мүшелері | |
Цифрландыру - серпінді дамудың өзегі(алфавиттік, жүйелі каталогтарды, мақалаларды жүйеге алу картатекаларын | электронды жүйеге енгізу | кітапхана | |
«Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол» | ақпараттық сағат | кітапхана, | |
«Тарихи тұлғаның рухани мұралары» /Әбу-Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл/ | тарихи сағат | Кітапхана | |
Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің белгісі | қаржы сабағы | кітапхана | |
Бабалар сөзі-даналық көзі | Зияткерлік ойын | кітапхана | |
«Халықтың ұлы перзенті» (Бірінші Президент күніне арналған ) | портрет кеші | кітапхана, | |
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» | кітап көрмесі | кітапхана | |
ЖИТС-ХХІ ғасыр індеті | ақпараттық сағат | кітапхана. | |
"Өлең, мен сені аялап өтем..." | Библиографиялық-ақпараттық сағат | кітапхана, қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімдері | |
Елеулі күндер-ел тарихының айғағы | ақпаратты шолу | кітапхана | |
Абай тағылымы – халық тағылымы | сынып сағаты | кітапхана кеңесі, | |
Балалар әлемі-ертегілер елінде /әр халықтың ертегілеріне саяхат/ | ауызша журнал | сыныптар | |
Поэзия пайғамбары /М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл\ | Поэтикалық марафон | кітапхана | |
Халық поэзиясының дара тұлғасы/Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл\ | әдеби сағат | кітапхана | |
Алғыс айту – парызым! | кітап көрмесі | кітапхана | |
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз | Буктрейлер | кітапхана | |
«Көгілдір көктем қызықтары» (көктемгі демалыс) | әр түрлі іс-шаралар | кітапхана | |
«Интернет орнына кітап» бір күндік акциясы) | акция | кітапхана | |
«Кітап және оқу:жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы» (кітап апталығы) | дөңгелек үстел | кітапхана кеңесі мүшелері | |
«Оқитын отбасы-2021». (Оқимыз, талдаймыз, көреміз отбасылық бағытта өтетін) | отбасылық сайыс | кітапхана, 5-6 сынып оқушылары, ата-аналары | |
Жол көлік апаты және тұрмыстық жарақат | кітап көрмесі | кітапхана АткельтироваМ.С | |
"Кітап әлемді бағындырады" | кітап сыйлау акциясы | Кітапхана, | |
«Көкше көлінің ырысты мекені-Балқаш» /қаланың туған күніне орай/ | әдеби танымдық сағат | кітапхана 5-7 сынып жетекшілері | |
Мәңгілік елдің бірлігі- бекем! | кітап көрмесі | кітапхана | |
Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат! | ақпараттық сағат | кітапхана | |
«Отбасы- тәрбие бастауы» /халықаралық отбасы күні/ | тренинг | 2,3-сыныптар | |
Кітап – білімнің қайнар көзі | оқулық жинау | кітапхана | |
Жылдық есеп | 1 есеп | кітапхана | |
Жылдық жоспар жазу | 1 жоспар | кітапхана |