Ата-аналар жиналысы «Баланың бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады?» » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы «Баланың бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады?»
07
июль
2022

Ата-аналар жиналысы «Баланың бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады?»

«Құрөзек негізгі орта мектебі»  КММ   7-  сынып  ата-аналары жиналысының №5 хаттамасы


 Өткізілген уақыт:  13.05.2022ж

    Сынып жетекшісі:    Бөкихаан А                                                                                

Қатысқандар саны: 8

Қатыспағандар саны:4


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Баяндама: «Баланың бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады?»

2.Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар.

3.Жазғы лагерь.

4.Ағымдағы мәселелер 


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Бала – ата –ананың, отбасының, адамгершілік өмірінің, тәрбиелілігінің айнасы» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Баланың бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады?» тақырыбында баяндама оқылып,слайд көрсетілді. Ата-аналар өз ойларын ортаға сала отырып,ұсыныстарында білдірді. 

Тыңдалды:

Ата-аналардан жарыссөзге шыққан Мухитова Бибінұр сөз алды. Ол өз сөзінде бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екенін айтса,7-сынып ата-аналарынан Дүзелбаева Набира осы сөзге қосылатындығын айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жазғы мектеп» ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы ДОІЖО Ж.К. Мушанова түсіндіріп берді. Ол өз сөзінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2021жылғы «26» мамырындағы №240 бұйрығына қосымша «Жазғы мектепті» ұйымдастырудағы жалпы ережелерді айтып түсіндірді.

«Жазғы мектеп» жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды) игеруге көмектесу маңыздылығын ескертті.

1. «Жазғы мектеп» жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.

2.Үй тапсырмасы берілмейді.

3.Еркін киім үлгісімен келеді.

4.Мектеп кітапханасына цифрлық білім ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі- дей келе басқа да тараулардағы ұсынымдарға тоқталып ,түсіндірме жұмыстарын тиянақты жүргізді.

Үшінші мәселе бойынша мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсат міндеттерімен ДТІЖО А.Р.Гайнуллина сөз алды. Лагерь жұмысын жобалау мен өткізудегі негізгі принциптері:

1.Өткізілетін шаралардың қауіпсіздігі.

2.Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.

3.Бос уақытын тиімді өткізу.Шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндіктері болып саналатындығын басты назарда ұстаймыз деп қадап айтты.

Тыңдалды:

Ата-аналардан Кужабаева Жұлдыз сөз алды. Ол өз сөзінде осындай лагерьдің ұйымдасып жұмыс жасауын құптаймын және өз балаларымды лагерьге жіберіп отырамын деді.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша сынып жетекші  Бөкихаан А сөз алып,ата-аналарға оқушылардың тәртібі,тазалығы,үлгерімі туралы айтты. Сонымен қатар жазғы мектеп бойынша өтініштерін жаздырып,жазғы лагерьдің маусымның 20 жұлдызынан басталатындығын ескертті.

Қаулы :

1. «Жазғы мектеп» 1-8 сынып оқушылары толық қатыстырылсын.

2. Білім алушылардың жазғы сауықтыру лагерьге келуі ұйымдастырылсын.

3.Бала қауіпсіздігі қатаң қадағалансын.


Мектеп директоры:                                       Қамышбаева Ш.С

Сынып жетекші:                                            Бөкихаан А    










Құрөзек негізгі орта мектебі КММ ата-аналар жиналысының мәліметі.


1,4-сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді. «Бала – ата –ананың, отбасының, адамгершілік өмірінің, тәрбиелілігінің айнасы» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Баланың бос уақытын қалай тиімді өткізуге болады?» тақырыбында баяндама оқылып,слайд көрсетілді. Ата-аналар өз ойларын ортаға сала отырып,ұсыныстарында білдірді. Ата-аналардан жарыссөзге шыққан  Мухитова Б  бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екенін айтса,7-сынып ата-аналарынан  Дүзелбаева Н осы сөзге қосылатындығын айтты.

«Жазғы мектеп» ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы ДОІЖО Ж.К. Мушанова түсіндіріп берді. Ол өз сөзінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2021жылғы «26» мамырындағы №240 бұйрығына қосымша «Жазғы мектепті» ұйымдастырудағы жалпы ережелерді айтып түсіндірді.

«Жазғы мектеп» жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды) игеруге көмектесу маңыздылығын ескертті.«Жазғы мектеп» жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайтындығы,үй тапсырмасы берілмейдігі жәнеде мектеп кітапханасына цифрлық білім ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі- дей келе басқа да тараулардағы ұсынымдарға тоқталып ,түсіндірме жұмыстарын тиянақты жүргізді.

Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсат міндеттерімен ДТІЖО А.Р.Гайнуллина таныстырып,лагерь жұмысын жобалау мен өткізудегі негізгі принциптеріне тоқталды:

1.Өткізілетін шаралардың қауіпсіздігі.

2.Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.

3.Бос уақытын тиімді өткізу.Шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндіктері болып саналатындығын басты назарда ұстаймыз деп қадап айтты.

Ата-аналардан А.Байсмакова  осындай лагерьдің ұйымдасып жұмыс жасауын құптаймын және өз балаларымды лагерьге жіберіп отырамын деді.1 және 4-сынып жетекшілері Ш.Сабаншиева мен А.И.Тулегенова ата-аналарға оқушылардың тәртібі,тазалығы,үлгерімі туралы айтты. Сонымен қатар жазғы мектеп бойынша өтініштерін жаздырып,жазғы лагерьдің маусымның 20 жұлдызынан басталатындығын ескертті.

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'