әдістемелік құжаттар » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
июль
2022

әдістемелік құжаттар

                         «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»       

              коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есептер 

  Өткізген коучинг сабағымның тақырыбым:  «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету». Мақсатым: Мұғалімдердің іс –тәжірибесіне сүйене отырып  оқудағы жаңа тәсілдер туралы түсінік беру. Сын тұрғыдағы ойлауды тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Мұғалім- әріптестеріммен  топ жұмыстарын ұйымдастыру, сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, жолдарын талқылау, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін   әр түрлі әдіс-тәсілдердің рөлі туралы түсініктер қалыптастыру және осы әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақтарында қолдану.

Менің мақсатым мұғалім –әріптестерім сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушыларының білім сапасын арттыру. Сын тұрғысынан ойлау туралы мағлұмат беріп өттім. 

Жағымды психологиялық ахуал туғызып, бір-бірімен амандасып алды.  Әр мұғалімге өз есімінің басқы әріпіне байланысты сипаттама беруін сұрау . Сергіту сәтін орындайды, жақсы көңіл-күймен сабаққа ынталанады.

Топқа біріктіруді ұйымдастыру. Мұғалімдер  топқа бөлінеді. Геометриялық фигуралар (шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш)

Аудио жазбаны тыңдап,өзінше жалғастыру,топтастыру«Ақ орамал» шағын әңгімесінің аудио жазбасын тыңдатып, белгілі жерінде үзіп, жалғастырту жазғандарын оқыту. Әңгіменің қалған жерін тыңдату. Салыстыру. Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады. Слайд арқылы таныстырылым жасайды .Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point қысқаша мәлімет береді . Жаңа материалды мұқият тыңдап, сыни тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады. «Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не? Постер қорғап, флипчартқа 1 сурет және 5 сөз жазып беріп және топта қорғайды. «Адам бейнесі» арқылы кері байланыс алып, қатысушылар «Адам бейнесінің»аяғына-нені білемін, қолына-нені үйрендім, басына-нені тәжірибемде қолданамын деген тәсілмен кері байланыс жасайды.






«Мотивациясы төмен және жоғары оқушыларды топтық жұмыс арқылы  ынтымақтастыққа баулу»

              коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есептер 


25.09.2021 жыл .Сабақ тақырыбы: Мотивациясы төмен және жоғары оқушыларды топтық жұмыс арқылы  ынтымақтастыққа баулу. Жалпы мақсат: Бір-бірімен қарым – қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, келісімге қол жеткізуге, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік беру. Оқу нәтижесі -Өзара ынтымақтастықты  іс- әрекет жасау арқылы мақсатқа жету. Түйінді идеялар: Бірлік болмай- тірлік болмас. Мұғалімдер. Шаттық шеңбері «Өрмекші»ойыны. Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады, оралған жіпті бір- біріне тілек айтып тұрып, лақтырады. Қағып алған адам дәл осындай жолмен келесі адамға лақтырады. Жіп алмаған адам қалмауы керек, шұбатылған жіпті артынша тағы лақтыра отырып, қайта орайды. Мұғалімдер ортаға   шеңбер құра тұрып, жіпті бір-біріне

Лақтырады, тілек айтады. Болғаннан кейін жіпті қайта орайды. Мұғалімдер бір –бірімен ынтымақтастық орнатып, бір-бірімен сыйластық білдіреді.   

Пазлдар арқылы шағын топқа бөлу.Сабақ басындағы көңіл-күйді смайликпен белгілеу, партаның астына жабыстырады. Коуч, коучинг туралы түсінік беру. «Құмырсқа» бейнефильмін көру

Бұл бір -біріне мотивация береді. -Топпен жұмыс дегенді қалай түсінесіздер?

-Топпен жұмыс қалай жүргізілу керек деп ойлайсыздар? Топта ақылдаса отырып, ойларын ортаға салу.

Топтық жұмыс Әлемдік жаhандану кезеңіндегі заманға сай «Мектеп макетін» құру. Топ мүшелері түрлі- түсті парақ, скотч, степлер, желім қолдану арқылы жазылған тапсырма бойынша макет жасайды. Қорытындылау Ортада талқылау. Әр топ бір-біріне баға беру. Тапсырма:

«Көктем сәні» Көктемді бейнелеу (Бейнелеу, өлең, әңгіме түрінде)

Рефлексия Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы салып, сабақ басында көңіл-күйін белгілеген смайликпен салыстыру Стикерге өз көңіл-күйлерін бейнелейді және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазады. 6 түрлі қалпақ

Флипчарт, маркер, желім, қайшы  қолдану 

Мотивациясы төмен және жоғары оқушыларды топтық жұмыс арқылы  ынтымақтастыққа баулу



Орындаған: Ж.К.Мушанова




Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'