Құрөзек негізгі орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында «Жас маман» жобасының атқаратын жұмыс жоспары. мен атқарылған іс шаралар анықтамасы » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7055752454
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Құрөзек негізгі орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында «Жас маман» жобасының атқаратын жұмыс жоспары. мен атқарылған іс шаралар анықтамасы
27
март
2023

Құрөзек негізгі орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында «Жас маман» жобасының атқаратын жұмыс жоспары. мен атқарылған іс шаралар анықтамасы

Құрөзек негізгі орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында «Жас маман» жобасының атқаратын жұмыс жоспары. 
Мақсаты: Жас мамандарға  педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша  практикалық көмек беру арқылы кәсіби түрғыдан сәтті қалыптастыру
Міндеттері:
  1. Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
  2. Оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түр мен әдістерді қолдануын қалыптастыру;
  3. Нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;
  4. Жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау;
Жұмыс түрі
  • Теория бойынша сөз сөйлеу;
  • Психологпен, тәжірибелі ұстаздармен, оқу ісінің орынбасарымен кездесу;
  • Ашық сабақтар(мастер-класс), психологиялық тренингтер;
  • Іскерлік ойындар;
  • Семинарлар;
  • Сауалнама жүргізу.

ТақырыбымерзіміТүріЖауапты
1Сабақ жоспарларын құрастыру бойынша практикум.
  • Күнтізбелік жоспарларды құрастыру ережесі
  • Сабақ жоспарларын жазу үлгісі
  • Сабақтың үш бірдей дидактикалық мақсаттылығы
қыркүйекпрактикумБукирова А.Н.
Тәлімгерлер
2Мектеп құжаттарын жүргізу практикумы
  • Күнделік кз жүргізу ережесі
  • Дәптерлерді тексеру ережесі
  • Күнделіктерді тексеру ережесі
қазанпрактикумБукирова А.Н.
Жас мамандар
31. Семинар. Мұғалім портфолиосы. Портфолио мазмұны. 
Портфолио презентациясы
қарашасеминарЖас мамандар
41. Сынып тәрбие жоспарының жүйелі-рөльдік моделі ( сынып жетекші жұмысының диагностикасы, мақсаттарының жобаланыу, ұжым бірлігі     мен дамыту жолындағы іс-әрекеті, оқушы тәртіптілігін бағалау шарттары.)желтоқсанОтырысБукирова А.Н.
Жас мамандар
ДТІЖО Тулегенова А.И.
5Практикум. «Қазіргі заманғы сабақ» әдістемелік нұсқауы 
Сабақ құрылымы, кезеңдері
Сабақ талдауына қойылатын талаптар
Сабақ түрлері мен типтері
Баяндама «Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы рөлі»
қаңтарПрактикумБукирова А.Н.
Жас мамандар
6«Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі» практикумнаурызпрактикумБукирова А.Н.  Тәлімгерлер
7Өзара сабаққа қатысу. Сабақтың сараптамасы мен өзіндік талдау жасау Сабақтың талдауы мен өзін-өзі талдауы «Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?»  тақырыбында пікірталас.
«Жас маман-2022» байқауының ережесін талқылау
сәуірПікірталасБукирова А.Н. Тәлімгерлер
Жас мамандар
6.1«Жас маман-2022» байқауы.
2. Жас маман мектебінің жұмысын қорытындылау.
3. Жас маманның кәсіби қиыншылықтарын айқындау мақсатындағы сауалнама,  жас маманның ұжымда өзін-өзі сезіну дәрежесін анықтау.
мамырОтырысБукирова А.Н.
Жас мамандар
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
Жас мамандар отырысының
№ 1 хаттамасы 
Қатысқандар: 6                                                                                           5 қыркүйек 2022ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
  1. Сабақ жоспарларын құрастыру бойынша практикум.
  • Күнтізбелік жоспарларды құрастыру ережесі
  • Сабақ жоспарын дайындауға әдістемелік көмек.
Тыңдалды. 
    Жас мамандар отырысын бастауыш сынып мұғалімі  Букирова А.Н.  практикумның тақырыбымен таныстырды. 
Күнтізбелік   жоспар  тек  бағдарлама   негізінде  жасалады.  Оны   жазбас  бұрын  мұғалім   мемлекеттік  білім  стандартын, ҚР  білім   министрлігі  тарапынан  шығарылатын   әдістемелік  нұсқау  хатты   толық  зерделей  отырып,   бағдарлама  мен  оқулықтарды   анықтайды.  Соның  негізінде   түсініктеме  хат  жазылады.
Күнтізбелік  жоспар  төмендегідей   бөлімдерден  тұрады.
Р/сАуыспалы тақырыптарСабақтың тақырыбыОқу мақсаттарыСағат саныМерзіміЕскерту







Тақырып  бағдарлама  бойынша   анықталады. 1 тақырып   бойынша  1 ғана сағат  көрсетіледі.2-3 немесе  одан   көп  сағат  жазуға   болмайды.Мысалы : бағдарлама   бойынша  “Мәтін”тақырыбына  3  сағат  бөлінсе, күнтізбелік  жоспарда   оның  3  түрі   ашылып  көрсетілуі  тиіс. 
Сабақ жоспарын дайындауға әдістемелік көмек. 
Мұғалімге сабақтың жоспарында мыналарды ескерген жөн: күні, тақырыбы, мақсаты, сабақтың түрі, оқыту құралы, шамамен орындалу уақыты көрсетілген сабақ құрылымы(жоспары).
 Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дарибаева З.С. сөз сөйледі.
-Күнтізбелік жоспарға қосымша білімдерді қосуға бола ма?
-Күнтізбеліктегі сабақтардың өтілу мерзімі қалай қойылады?
Сөйледі. Оқу ісінің меңгерушісі Мушанова Ж.К.
Күнтізбелік жоспар қатып қалған дүние емес, жоғарыда аталған бөлімдер міндетті түрде болу керек, ал басқа бөлімдерді қосуға әр пән мұғалімнің өз еркі. Мысалы мен қазақ әдебеиті пәнінен жаттау, қосымша оқу деген бөлімдері қосылды.
Күнтізбелік жоспарда мерзімдер қаламсаппен қойылады. І жартыжылдық сабақ кестесі бойынша белгіленген күндерге жылдың соңына дейін қойылады.
   2-сынып жетекшісі Тулегенова А.И. сөз алды. Ол өз сөзінде: 
Сабақ жоспарында шығарылатын есептердің барлығын шығарып жазу керек пе?
ДОІЖО Мушанова Ж.К. өз сөзінде:
-Жас маманға сабақ жоспарын толық, ашып жазу керек. Өйткені, қай есептің шешімін мұғалім толық білу керек. Оқушыларға дәлелдеу ретінде де керек. Ұқсас есептердің бірін шығарып, келесінің берілгенін жазу керек. 
Қаулы:
  1. Күнтізбелік жоспарларды белгіленген үлгі бойынша жасау;
  2. Күнтізбеліктерді қайта тексеру;
  3. Сабақ жоспарларын әр сабаққа жазу;
  4. Сабақ жоспарының мақсатын сабақтың тақырыбына сай жазу.
Төрайымы:                          Мушанова Ж.К.
          Хатшы:                              Букирова А.Н.
Құрөзек негізгі орта мектебі КММ
Жас мамандар отырысының
№ 2 хаттамасы
Қатысқандар:    6                                                                                                      3 қазан  2022ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
  1. Мектеп құжаттарын жүргізу практикумы
  • Күнделік кз жүргізу ережесі
  • Дәптерлерді тексеру ережесі
  • Күнделіктерді тексеру ережесі
Тыңдалды. Бастауыш сынып мұғалімі Букирова А.Н.  мектеп құжаттарын жүргізу практикумның тақырыптарымен таныстырды.
Күнделік кз  жүргізу ережесімен таныстырды.
  1. Kundelik.kz мектептің әрбір мұғалімі мен сынып жетекшісі үшін жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады.
  2. Kundelik.kz дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау  мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісіне жүктеледі.
  3. Kundelik.kz әр пән мұғалімдерде өз логин мен құпмя кілттері болады. Жыл басында бекітілген КТЖ электронды күнделікке жүктеп, күнделікті сабақ өтілді деген батырманы басып, әр оқушыны бағалау ол әр пән мұғалімінің тікелей міндеті.
Сөйледі. Тулегенова А.И.
-Сынып журналын толтыруда бақылау жұмыстарының (мазмұндама, шығарма, диктант) атауы жазылу керек пе? Осы бақылау жұмыстарының бағасын қай уақытқа дейін қо керек?
Сөйледі. ДОІЖО Мушанова Ж.К.
Сабақтың тақырыбы бөлімінде өтілген тақырыптың аты жазылу керек. Егер диктант, мазмұндама болса, «мазмұндама» деп жазылып оның аты тырнақшаға алынып жазылады. Бақылау жұмсытарының бағасын келесі сабаққа дейін тексерілу керек. Себебі, қай бақылауды алмасаңыз келесі сабақта қатемен жұмыс жоспарлануда. Қазіргі таңда оқушы саны аз, сондықтан сабақтан тыс тексеріп, әр оқушының қатесін болдырмайтын қатемен жұмыс ұйымдастырылу керек. Қатемен жұмыс сабақтың алдында 10-15 мин уақытты алу мүмкін.
Тыңдалды. Оқу ісінің меңгерушісі Мушанова Ж.К.  дәптерлердің бірыңғай орфографиялық талаптардың орындалу ережесімен таныстырды.
Дәптер  сырты   білім  беру  мекемесінің   мөріне  сәйкес   толтырылады.
Мысалы:
Құрөзек негізгі
 орта мектебінің
4-сынып   оқушысы
Оразхан Нұрисламның 
қазақ   тілі  дәптері.
Бұл   бастауыш  және  ортаңғы   буын  оқушыларының  жазбаша   жұмыстарын  ресімдеу  жөніндегі   бірыңғай  әдістемелік  ұсыным   ретінде  ұсынылады.
Үлгідегі   жол  жазуының  сол    қалпында  сақталғаны  дұрыс.
( сынып   3-жолға , оқушының  аты-жөні 4-жолға  т.с.с.)
-Пән   мұғалімдері  тарапынан  пән  атының   дұрыс  жазылуына  үнемі   назар  аударылуы  тиіс.
-Дәптер   сыртының  бір  түсті   болуын    мұғалімнің  өзі     іске  асыра  алады.
 Мысалы: бақылау  жұмысы  дәптері   қызыл  түсті, жұмыс  дәптері   жасыл  түсті, шығарма  дәптері   көк  түсті т.с.с.)
-Дәптер   сыртын  оқушының тек  өзі   толтыруы  тиіс.(Мұғалім  немесе   ата-ананың  толтырып  беруі   дұрыс  емес.)
Оқушы   дәптерінің  талапқа  сай   болуын  бақылау  үнемі   іске  асырылуы керек.Тоқсанына  1  рет    дәптерлер  көрмесін  ұйымдастыру   ұсынылады..
Жазу   дәптердің  1-ші  жолынан     жазылады.Күн  санмен  жазылғанда   мынаны  ескеру  керек:
Бірінші   сан  жазылған  кезде   айдың  алдында  сызықша   қойылмайды.
М: 1 қыркүйек.   25  желтоқсан.
Егер   алдымен  ай  жазылса,   онда  сызықша  қойылады:   Қыркүйектің  5-і.  Ақпанның    22-сі.т.с.с.
Әріптерді   толық  меңгерген  кезде   қазақ  тілінен  күннің   жазбаша  жазылғаны  дұрыс. Ақпанның  жиырма  екісі.т.с.с.
Бірінші   жолға  сабақтың  өтілу   күні  жазылса,  екінші   жолға  сынып  немесе   үй  жұмысы  екені   көрсетіледі.
Сынып   жұмысы  мен  үй   жұмысының  арасынан  2   жол  қалдырылады.
Мұғалім   бағаны  дәптер   бетінің   сол  жағынан  үй   жұмысынан  кейін 
( немесе   сынып  жұмысынан  кейін) қалдырылған  2   жолдың  2-сіне  қояды   да,  бағадан соң  нүкте   қоюы  тиіс.
Мұғалім   тарапынан  баға  барлық   каллиграфиялық  талаптарға  сай   жазылуы  тиіс.
Нұсқа   бойынша  тапсырмалар  орындалған   кезде,   орфографиялық  ережеге   сай  рим  санынан   кейін  сызықшаның  қойылмайтыны   тек  қазақ  тілі   мұғалімдері  тарапынан  ғана  емес,басқа  барлық   пән  мұғалімдері  тарапынан   қатаң  сақталуы  тиіс.Мысалы: III  нұсқа,    I бөлім     V тарау.т.с.с.
Дәптер   саны  сыныптағы  оқушылар   санына  сәйкес келуі  тиіс.
Дәптердегі   баға  белгіленген  бағалау   нормаларына  сай  қойылуы   тиіс.
Сөйледі. Букирова А.Н.
Оқушының каллиграфиясы нашар болса, оны мен өзім толтыра аламын ба?. Ал егер дәптердің сыртында қателер жіберілсе мен түзету керек пе?
Дәптерлерді тексеру барысында үй тапсырмасына күнді қою міндетті ме?
Сөйледі. ДОІЖО Мушанова Ж.К.
Бастауыш сатыда 1-сыныпта мұғалім өзі толтыруға болады, ал одан кейінгі сыныптарда оқушы өзі толтытру керек. Оқушының каллиграфиясы нашар болғанда, жеке-дара , асықпай толтырту керек, ал егер сыртында орфографиялық қателер кезедісіп жатса, міндетті түрде түзету керек. Үй тапсырмасына күнді оқушының қалауынша жазуға да болады. 
Тыңдалды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Тулегенова А.И. күнделіктерді талапқа сай толтыру ережесімен таныстырды.
Қаулы:
  1. Қатаң есепте тұрған сынып журналын толтыруда жоғарыда аталған ескертулер орындалсын;
  2. Дәптерлердің бірыңғай орфографиялық талаптары орындалсын;
  3. Күнделіктерді жүргізу ережесі орындалсын.
Төрайымы:                          Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                   Букирова А.Н.
Құрөзек негізгі орта мектебінің 
Жас мамандар отырысының
№ 3 хаттамасы 
Қатысқандар:                                                                                                           қараша  2022ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
Семинар. 
Тақырыбы «Мұғалім портфолиосы. Портфолио мазмұны.» 
Тыңдалды. ДОІЖО Мушанова Ж.К мұғалім портфолиосы туралы, оның мазмұнымен таныстырды
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;  - Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;  - Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен       
                                                                                           пайдалылығы.
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;  - Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің 
                                                                                                    жоғарылығы
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
Портфолионы жасақтау қиындықтары
- Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау.                       - Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы.
- Тәжірибенің аздығы, біліктіліктің төмендігі.             - Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.
Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары
1.Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы.
2.Үлгілеуші: мұғалімдің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Мұғалім портфолиосының түрлері
1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері
“Автопортрет” бөлімі:
Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:
Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.
“Жұмыс материалдары” бөлімі:
Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен).
“Менің жетістіктерім” бөлімі:
Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.
Сөйледі. Бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова А.И.
Менің дайындаған портфолиом бар. Соны презентациясын жасайын.
Сөйледі. Жас маман Ерланқызы Алтынай
Мен де өз портфолиомды дайындау үстіндемін. Менде жоғарыда аталған бөлімдер қамтылған. 
Қаулы:
  1. Әр пән мұғалімі өзінің «мұғалім портфолиосын» дайындасын;
  2. Портфолиоларды презентациясын ұйымдастыру.
Төрайымы:                         Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                   Букирова А.   
Жас мамандар отырысының
№ 5 хаттамасы 
Қатысқандар:   4                                                                                                      16  наурыз  2023 ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
 Практикум   тақырыбы: «Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі» 
Тыңдалды. Оқу ісінің меңгерушісі Мушанова Ж.К. «Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі» тақырыбының мақсаты мен жұмыс жоспарымен таныстырды.
Мақсаты: 
•Сабақты өзіндік талдаудың мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне әсерін анықтау.
•Сабаққа сапалы өзіндік талдау жасауға нұсқау беру.
•Сабаққа дайындалуда өзіндік талдауды қолдану тәжірибесімен алмасу.
•Қорытындысы бойынша нұсқаулар дайындау.
Өзін-өзі талдауға қойылатын талаптар:
I. Талдауға алынған сабақтың оқылатын тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі алатын орнын анықтау, сабақтың мақсаттарын және жоспарының орындалуын негіздеу.
II. Сыныпқа мінездеме беру, осы сабаққа іріктелген оқу материалын дәлелдеу, оқушылармен жүйелі түрде орындаған тапсырмаларды,   жаттығуларды және  білімдерін бағалау
III. Сабақтың әдістемелерін таңдауды дәлелдеу, осы әдістемелердің сабақтың мақсаттары мен мазмұнына және қойылған міндеттерді шешуіне сәйкестігін бағалау.
IV. Мұғалім сабаққа қанағаттанды ма  немесе қанағаттанбады ма?
Сабақта қол жеткен нәтижелерді бағалау және негіздеу және белгіленген кемшіліктерді жою шараларын анықтау.
Мұғалімге сауалнама берілді.
 
«Мұғалім әрекетіндегі сабаққа өзіндік талдаудың рөлі»
Мен сабаққа талдау жасаймын:
Тек үлгерімі төмен сыныптарда;
Тек уақытым болғанда;
Тек ашық сабақтарда;
Тек әкімшіліктің талабымен;
Өзімнің әр сабағымда талдау жасаймын.
Әр жас маман өздерінің өткізген сабақтарына өзіндік талдау жасады. 
Пікірталас өткізілді.
Шешімі:
  1. Өзін-өзі талдау талаптары орындалсын;
  2. Әр сабаққа талдау жүргізілсін;
Төрайымы:                          Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                   Букирова А.Н:
 Жас мамандар отырысының
№ 4 хаттамасы 
Қатысқандар:  6                                                                                                        қаңтар  2023 ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
Практикум. «Қазіргі заманғы сабақ» әдістемелік нұсқауы 
Сабақ құрылымы, кезеңдері. Сабақ талдауына қойылатын талаптар.Сабақ түрлері мен типтері
Баяндама «Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы  рөлі»
Тыңдалды.  Оқу ісінің меңгерушісі Мушанова Ж.К.  Қазіргі сабақ туралы  әдістемелік нұсқау берілді.
Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. 
            Сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе.
Сабақ оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы бола отырып, жекелеген бөліктерден – кезеңдерден тұрады. Сабақтың жүйе құраушы элементі мақсаттар болып табылады. Мақсаттар барлық білім беру міндеттерін, сол арқылы сабақтың негізгі кезеңдерін бүтін бір дүниеге – сабаққа біріктіреді.
Сабақ білім берудің нақты мақсаттарын жүзеге асыру формасы болып табылады. Ол әрдайым уақытпен шектеулі. Бұл жерде мақсат деп оқытудың жоспарланған нәтижелерін түсіну керек.
Сонымен, сабақ мақсаттары екі түрде беріледі:
- Мұғалім іс-әрекетінің мақсаттары.
- Оқушылар іс-әрекетінің мақсаттары.
Білім беру барысында мақсаттардың екі түрін бөліп көрсетеді: біріншісі – бала тұлғасын дамытуға бағытталған, екіншісі – пән мазмұнын игертуге бағытталған. Пән мазмұнын игертуге бағытталған мақсаттардың бала тұлғасын дамытуға бағытталған мақсаттарды жүзеге асыру құралы екенін ескеру керек.
Білім игеру үрдісінің логикасы
 1.Қабылдау. 2.Пайымдау. 3.Есте сақтау. 4.Қолдану. 5.Жалпылау.
 Сабақтардың негізгі типтері
(толық ақпарат хаттамаға қоса тігіледі)
Тыңдалды. Жас маман Ержан Алтынай  «Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілетін дамытудағы  рөлі»   баяндамасын оқыды.
Шешімі:
  1. Сабақтарын жаңа технологияларды қолдана отырып өткізуді ұйымдастыру;
  2. Сабақта әр түрлі әдістерді пайдалану.
Төрайымы:                          Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                   Букирова А.Н.  

 
Жас мамандар отырысының
№ 4 хаттамасы 
Қатысқандар:   4                                                                                                желтоқсан   2023ж
Қатыспағандар: 
Күн тәртібінде:
  1. Сынып тәрбие жоспарының жүйелі-рөльдік моделі ( сынып жетекші жұмысының диагностикасы, мақсаттарының жобаланыу, ұжым бірлігі  мен дамыту жолындағы іс-әрекеті, оқушы тәртіптілігін бағалау шарттары.)
Тыңдалды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Тулегенова А.И. сынып тәрбие жоспарының жүйелі-рөлдік моделімен таныстырды.
Жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру. 
Тәрбеинің мақсаты.
Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері тануларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау 
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1.Балалардың қатынас өрісіне еру және тұлғаны дамыту.
Сынып жетекшінің ең басты қызметі:
1.Диогностикалық
2.Коммуникативтік
3.Тәрбиешілік
4.Жобалаушылық
5.Ұйымдастырушы-әрекет
6.Дамытушылық
7.Әдістемелік
8.Ынталандырушылық
9.Бағалаушылық
10.Қорғаушылық-қамқоршылық
11. Түзетушілік.
Сынып жетекшісінің   профессияграммасы:
Профессиограмма дегеніміз- кәсіби маңызды сапалар жиынтығын,қабілетін ,білімін,дағды икемдерін құрайтын мамандық сипаттамасы.
Сынып жетекшісінің құзыры,құқықтары.
1.Оқушының денсаулығы  және психикалық жағдайы туралы мағлұмат алу.
2.Сабаққа қатынасуын қадағалау.
3.Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушының мақсаты,   
 кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру.
4.Кіші педагогикалық кеңестер консиумдар арқылы оқушыларға тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру. 
5. Сыныптағы қыздар мен ұлдардың ата-аналармен өткізілетін жұмысты әлеуметтік тұрғыдыа өткізу.  Дәрігер , психолог, медбикемен бірігіп отырып жоспарлау.
6.Ата-аналарды мектепке шақырып тұру.
7.Мектептегі өзін-өзі басқаратын ұйымдардың жұмысына қатысу.
8. Тәрбие жұмысының әр саласына байланысты тәжірибелік –эксперименттік жұмыс жүргізу.
9. Өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру,формаларын таңдап алу әдістемелік бірлестікте.
Сөйледі. Сынып жетекшілер арасынан Таукибаева К.Қ. 
Сыныптың тәбие жоспарының мазмұнымен таныстырды.
Төрайымы:                         Мушанова Ж.К.
Хатшы:                                   Букирова А.Н.
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы,Шалқар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 А үй

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің " Құрөзек негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru
'margin-top:0cm;margin-right:0cm;margin-bottom:10.0pt;margin-left:0cm;font-size:15px;font-family:"Calibri","sans-serif";'