18
апрель
2023
Рухани жаңғыру – елдің болашағы
Рухани жаңғыру – елдің болашағы
Қыркүйек -қазан айлары бойынша мәлімет
Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толқындарын қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып,толғана, тебірене сыр шертеді.Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына арқау болып өрілген.Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін Қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, қзық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық жобаларды ілгерілетуі маңызды.Елбасының көрегендік саясаты бүкіл әлемге мәжбүр боп, қазақ елінің басындағы бағы зор «Мәңгілік ел» екендігін дәлелдейтін ұстанымдарға ұстаздар қауымы барынша атсалысып келеміз.Елбасымыз «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру»атты мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртті.Осы идеяны басшылыққа ала отырып, жуырда мектеп оқушыларының өткен тарихымызх, болашағымыз туралы білімдерін саралау, тереңдету мақсатында «Рухани жаңғыру-елдің болашағы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Ауылымыздың тарихи орындарын оқушылар сынып жетекшілерімен бірге аралап шықты.
«25 кітап», «25 ән» жобасы аясында оқушылар сыныптар бойынша кітап кітап оқып, әр бейсенбі күні ән айтылады.Тіл мерекесі қарсаңында 6-9- сыныптар А.М.Ажикеева мен Қ.Әділқасым апайларының жетекшілігімен «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» атты ашық тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізді. «Қарттарым аман-сау жүрші» атты ауыл қарттарымен кездесу өткізіп, 4-сынып оқушылары концерттік бағдарламасын өткізді. «Астанаға 20 жыл» атты округтік концертке Қырбалтабай ауылына 3-сынып оқушылары қатысты.Мектеп әкімшілігі көрмемен таныстырды.
Ұстаздар күніне орай «Ұстазыңды құттықта» акциясы өткізілді. Бұл акцияда 6-9-сынып оқушылары өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқып, ұстаздарын құттықтады. 1-сынып оқушылары «Ұстазым менің ұстазым» атты ашық тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізді.