2023-2024 оқу жылы МАД тобының сәуір айының циклограммасы" » Құрөзек негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құрөзек негізгі орта мектебі" отдела образования Шуского района
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7055752454
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » 2023-2024 оқу жылы МАД тобының сәуір айының циклограммасы"
08
апрель
2024

2023-2024 оқу жылы МАД тобының сәуір айының циклограммасы"

                                                     Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  Құрөзек негізгі орта мектебі

Мектепалды даярлық О  сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта      1– 5    сәуір    2023-2024 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма



Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу



Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен  кеңес , әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту



Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

«Құрымдалған ойын»

«Дұрыс көрсет, ажырат»

Мақсаты: Балалардың тағамдар мен ыдыстар туралы біледі, олардың атауларын айта алады. 


«Құрымдалған ойын»

«Өзім және отбасым»

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы айта алады бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсінеді.


«Құрымдалған ойын»

 «Мамандықтың     бәрі  жақсы»

Мақсаты:  балалар әр     түрлі  мамандық иелерін біледі.


«Құрымдалған ойын»

«Бұны қай кезде киеді?»

Мақсаты:  әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндай алады.


«Құрымдалған ойын»

Бақша да ма,бау да ма?

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата алады.




Ертеңгілік жаттығу


                 Таңғы жаттығу кешені № 11



 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

«Психомоторлық жаттығу»

Көздеріңді ашыңдар,
 Кірпіктеріңді көтеріңдер.
 Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
 Бір - біріңе жымиыңдар,
 Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
 Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер.  

«Психомоторлық жаттығу»

«Күлімдеген күн»

Күн күлімдеп нұр төкті, 

Жақсы сөздер нұр септі, 

Еске сақтап кеңесті, 

Кел,қосылып айтайық  бір-бірімізге..


«Психомоторлық жаттығу»

«Табиғатпен үндестік» 

Шеңбер бойлап жүремiз,

Әр гүлге көңiл бөлемiз.

Сұлулық пеп махаббатты

Сезiнiп өмiр сүремiз.

«Психомоторлық жаттығу»

«Біз әдепті баламыз»

Әдеп сақтап әманда,

Әрбiр адал адамға.

Жасасаң бiр қамқорлық,

Қайтарады саған да.

«Психомоторлық жаттығу»

Көңілденіп күленіп,
 Бақытты боп жүремін.
 Бәрін біліп алатын,
 Мен ақылды баламын.



Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ


                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет



Сөйлеуді дамыту  

Міндеті   Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

Мақсаты Балаларды ертегіні рөлдерге бөліп сахналату арқылы әртістік қабілеттерін дамыту. 


-Күшік пен мысық ертегісін есімізге түсірейік.

–Енді осы ертегіні рөлдерге бөліп сахналайық (атрибуттарын кигізу).

Марғау мысықтың баласы екенін түсіндіреді.

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тауып жүрісін сал». Ойын шарты: Ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.











Сауат ашу негіздері 

 Міндеті:      -Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру

Мақсаты   өткен тақырыптарды пысықтау. 


Дидактикалық ойын: «Орамал тастамақ».

Педагог дыбысты айтып, бір баланың үстеліне орамал тастайды. Бала сол дыбысқа сөз

ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек.

Мысалы: «а» алма, «о» оқ, «а» алқа «д» доп, «б» балық, «ж» жапалақ, «с»сағыз, «р»

рауғаш, «у» уық, «к» кілем , «т» тарақ, «қ» қызылша, «ш» шырша, «а» асқабақ, «к» картоп,

«о» ожау, «ж» жаңбыр, «ш» шапалақ, «е» елік, «н» нағашы, «г» Гүлмира, «ш» шалғы, «щ»

щетка, «з» зымыран, «ф» фабрика, «ы» ыдыстар, «п» парта, «л» лақ, «э» элеватор т.б.

Сауат ашу негіздері

 Міндеті      -Сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау 

Мақсаты  сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау          ...  


 Дидактикалық жаттығу: «Сөйлемге қажетті сөзді қос»

– Мен сендерге бір сөзі жетпейтін сөйлем айтамын, ал сендер сөйлем дұрыс құрылу

үшін, мағынасы бойынша келетін сөз қосуларың керек.

Мысалы:

Əкем балғамен шегені ... (шегеледі).

Əжем шұлық ... (тоқыды).

Көбелек гүлге ... (қонды).

Бағдаршамда қызыл түс ... (жанды).

Құрылысшы кірпіш ... (қалады).

Дəрігер науқасты ... (емдеді).

Атам газет ... (оқыды).

Балалар далада ... (ойнады).

Əпкем ыдысты ... (жуды).

Ағай кдом... (тартты).  

Сауат ашу негіздері

 МіндетіСөйлем құрау жəне сөйлемді толықтыру, өз ойларын толық жеткізе білу дағдыларын жетілдіру 

Мақсаты   сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау 


  Дидактикалық ойын: «Сөйлемді толықтыр»

Мақсаты: Сурет бойынша сөйлемдерді құрауға, жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету.

Көрнекілігі: «Аулада» тақырыбындағы мазмұнды сурет.

Мазмұны: педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрап айтады, мысалы:

Əсем ойнап жүр.

Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Əсем аулада ойнап

жүр.

Келесі бала тағы бір-екі сөзді қосады. Əсем аулада досымен ойнап жүр.

Көркем әдебиет 

Міндеті:  Белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.  

Мақсаты ертегіні мазмұндау арқылы театр мəдениетіне

баулу.


Суретте жиналған аңдарды ата.

Арыстан аңдарды не үшін жинады?

Аңдар арыстанның сұрағына қалай жауап берді?

Көктемнің сəні не? Ойыңды ортаға сал.

2. Қай суреттер көктемнің сəні дегенге сəйкес келеді? Белгіле.

Педагог ертегіні сахналауды ұсынады. Бала сиқырлы қоржыннан қай аңның суретін алса,

сол аңның қимылын көрсетіп, сөзін айтады. Басқа балалар көрермен болады



                                                                                   Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар «Торғайларп мен мысық»



Сюжеті-рөлдік ойын

Тақырыбы : «Хайуанбақ » 

Мақсаты:

Ойын сюжетіне байланысты бірнеше топшаларға бөлініп,ойын аяқталған соң бір ұжымға жинала білу дағдысын қалыптастыру . Хайуанбақ жұмыскерлелерінің еңбектерін ,негізгі мамандықтарды түсініп: хайуанбақ директоры , мал дәрігері ,жол сілтеуші ,асхана жұмыскерлері ,топжорықшы аңдарға қызмет етудін негізгі жұмысымен таныстыру . Жағдаят:

Хауанбаққа билет алу;

Хайуанбақ жоспарымен танысу,жол жүру көлігін тандау ;

Хауанбаққа топ жорық, жануарларды тамақтандыруды қадағалау, жинастыру;Дем алыс аланы. Орман тұрғындары сырқатанып қалды . Дәрігер Айболитқа хат жолдау, дәрігер Айболтын жолындағы кедергілер ,

Аңлардын сауығуы.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Хайуанбақ директоры рөлінде аңдарға қорек керектігін,қамауды жөндеп,мал дәрігерін шақыруды ескереді, Балаларға дәрі-дәрмек жинап дәрігер Айболитқа хат жазуға көмектеседі

Балалардың іс-әректі:  хайуанбақ бойынша топжорық жүргізіп хайуанатар жайында әңгімелейді . Күзетші қамауларды тексеріп,келушілерге аңдарға қорек беруге болмайтындығын ескереді ,хайуанбақты күзетеді

Жұмыскерлер жұмыс күнінің аяғында аңдармен мейірімді сөйлесіп,дәрумендер береді ,Кассир билеттер мен жол сілтемелерді сатып хайуанбақта жана аңдар пайда болғаның ескереді

Дәрігер Айболит аңдар жаңбырдан кейін сырқатанып қалғанын естіп көмекке келеді,жолда кедергілер кездеседі жаңбырдан соң көл тасыпты ,айналып кліп көмек көрсетеді.Аңдар суығады .





Сюжеті-рөлдік ойын

Тақырыбы : «Сақтау қызметі» (қайталау)

Мақсаты : Әлуметтік шығармашылық орта қалыптастыру ,ойынын сюжетіне байланысты топтарға бөлініп,ойын аяқталған соң бір ұжымға жинала білу әдетін қалыптастыру .Сақтау қызметкерлерінің жұмыстары,олардың күтпеген жағдай туғанда қажетілігі жайында түсінігін молайту .Балалардың сөйлеу тілін дамыту .

Жағдаят: Дабыл бойынша шақыру;

Жағдай болған жерді қарап,сақтау қызметкерлерін бірнеше топтарға бөлу;

Арнайы техникалық құрал жабдықты пайдалану;

Жазғырылғандарды құтқару Алғашы медециналық көмек көрсету ;

Жағдай болған жерге керекті жабдықтарды жеткізу ;

Тәрбиешінің іс-әрекеті: ТЖМ басшысы рөлінде жағдай болған жерге шығар алдында арнайы құрал-жабдықты естеріне түсіртіп,арнайы үйретілген иттермен бағыттаушыларды,жедел жәрдемді шақырады .

Балалардың іс-әректі: Сақтау қызметі диспетчер сызба бойынша жағдай боған жерде жанатын қызыл оттшаларды бақылап ,желі бойынша , қандай сақтау қыдметінін жұмыс атқаратынын қадағалайды

ТЖМ әр түрлі жағдайдада ,әр уақыта ауа райы болжамына да қарамай қызмет көрсетеді,адамдарды табу үшін иттермен жұмыс істейді .

Арнайы техника жүргізушісі зардап шекендері тамақ .киімен қамтамасыз етеді .Өртен сақтандыру қызметі өртті болдырмайды .Жедел жәрдем науқасттын шақыру бойынша қызмет көрсетеді

Фотоға түсірушілер ТЖМ мен жағдай болған жерді фотаға түсіреді.


Сюжеті-рөлдік ойын

Тақырыбы : «Мұражай» (қайталау)

Мақсаты : Балаларды өз бетерінше рөлдерге бөлініп әрекет ету әдетін қалыптастыру.Ойында қоғамдық өмірдін көріністерін, мәдениеті ортада ұстамдылықты көрсете білу ,бір-біріне мейрімен қарауға үйретіп . Ойын барысында әңгімелесіп,сұрақ қоя білуге ,өз іс-әрекетерін көрсете білуге үйрету.

Жағдаят: Мұражайға баруға дайындалу ;

Жол сілтемелерді қарау;

Мұражайды таңдау;

Экспозицияларды хаттау;

Топ жорық ;

Жаңалау шеберханасы.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Мұражай директоры рөлінде мұражай мен жұмыскерлерді басқарады.

Балалардың іс-әректі: Кассир билетерді сатады жолсілтемелерді үлестіреді , Мұражай жұмыскерлері экспонатарды тандап паспортар жасайды , экспозицияны хаттайды ю

Суретшілер мұражайдын ашылу жарнамасын жасап,

Өңдеушілер ескі экспонатарды жөндейді

Топ жорықшы мұражай бойынша келушілерді сүймелдеп экспонатар жайында әңгімелейді

Келушілер билеттер сатып алып,бағдарламамен танысып ,экспонатарды қарап сұрақ

Дүнгіршек жұмысшысы фотосуреттер,открыткалармен өнер альбомдарын сатады .Жүргізушілер экспонатарды әеліп ,көлікті қадағалайды.












                                                                                                                                 2 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қоршаған орта

Міндеті: -Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу 

Мақсаты    Киіз домжабдықтарымен таныстыру.

  .

Балалар мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?

— Киіз домтуралы не білесіңдер?

— Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?

— Киіз үйді неден жасайды?

— Киіз домжабдықтарын білесіңдер ме?

— Жарайсыңдар балалар. Жауап берген балаларды алтын жұлдызбен бағалау.

— Балалар мен сендерге киіз домтуралы шағын мағлұмат беріп өтейін.

— Киіз домауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі).

Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.

Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.

Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады.

Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарық теріден жасалады.

— Үй жиһаздарына да толық мағлұмат беріп өту.

Абажа – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.

Кебеже – сүт ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген домжиһаздары.

Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық.

Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.

Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын домжиһаздары.

Асадал – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

Адалбақан – киім ілуге арналған домжиһаздары.

Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық – киім — кешек, т.б.     зат салуға арналған домжиһаздары.

Төсеніштер:

Алаша, киіз, сырмақ.

Тұскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұратын домбұйымы.

Қоржын – екі жағын тең етіп тоқылған, не құрап тіккен зат салатын дорба.

Аяққап – ыдыс – аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін о — — өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.

— Балалар, бізге білгішбек ағамыздан     хат келіпті, қане бәріміз бірге ашып көрейік. Төрт топтың балаларына тапсырмалар жіберіпті.

— Топпен жұмыс жасау.

1 – топ «Шаңырақ» Шаңырақтың суретін саласыңдар.

2 — топ «Уық» Киіз домнеше бөліктен тұрады санмен санап айтасыңдар.

3 – топ «Кереге» сендерге киіз үйді жабдықтары туралы әр түрлі пішіндер берілген киіз үйді құрастырыңдар.

4 – топ «Есік» Киіз үйдің ішіндегі домжиһаздарын атаңдар.

Математика негіздері

 Міндеті: Заттарды өлшеу практикалық дағдыларын қалыптастыру

Мақсаты  заттарды өлшеу практикалық дағдыларын қалыптастыру. 


Топтық практикалық жұмыс. Таразымен жұмыс. Заттарды салмағы бойынша салыстыру.

Балаларға жұптарға бөлініп, үстелдерге өту ұсынылады.

Жұптағы бір бала таразы табақшасына бір затты салады, екінші бала екінші затты салады, заттардың салмағы әртүрлі.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырманы жұмыс дәптерінде орындауды ұсынады.

– Суреттерге қарайды. Қандай заттар жеңіл екенін атайды. Әр жұптағы ауыр затты атайды және бояйды.

Бұл тапсырманы қолда бар материалдардан таразы жасап, орындауға болады. Мысалы, қорап, пенал т.б заттарды тірек ретінде алып үстіне сызғышты орнатады. Салмақтары жеңіл және ауыр екі ойыншықды ойластырған таразының екі жағына салады. Балаларға әртүрлі таразы үлгілерін көрсетеді. 3–5 баладан кезек-кезек шықырып, оларға әртүрлі заттардың жұптарын өлшеуді ұсынады. Тапсырманы орындайды.

Балалар заттардың жұптарын өздігінен өлшейді.

Балалар «жеңіл», «ауыр» сөздерін қолдана отырып, өздерінің іс-әрекетін түсіндіреді

Математика негіздері

Міндеті  Заттарды таразыға салмағы бойынша салыстыруға болатындығы туралы түсінікті бекіту

Мақсаты:  заттарды өлшеу практикалық дағдыларын қалыптастыру.


Қай табақша төмен түседі? Салмағы ауыр ма немесе жеңіл ме?

Таразы бойынша қай табақша ауырырақ екенін анықтайды. Кім (не) ауырырақ?

Блиц-сұрақ.

Не ауыр – ашықхат па, қарындаш па?

Таразы табақшаларын теңестіру үшін не істеу керек?

Дәптермен жұмыс

Педагог 2- тапсырманы орындауды сұрайды.

Заттарды таразыға салады. Оларды жапсырады.

Заттардың салмағы таразының орналасуына қарай анықталады:тең,жеңіл және ауыр.

Сол жақтағы таразыға қарбыз бен қауынды салады, оң жақтағы таразыға – үш-үштен жеміс салады.

Математика негіздері

 Міндеті Заттарды таразыға салмағы бойынша салыстыруға болатындығы туралы түсінікті бекіту

Мақсаты   заттарды өлшеу практикалық дағдыларын қалыптастыру. 


Педагог 3- тапсырманы орындауды сұрайды.

– Суреттерді қараңдар. Әр табақшадағы көгөністер мен жемістерді санаңдар. Санын жазыңдар.

Педагог балалармен талқылайды, санайды, цифрын жазады.

4- тапсырма жеке орындалады.

Педагог балаларға тапсырманы алгоритм бойынша бірге орындауды ұсынады:

– Қарындашты нүктеге қой. Бірінші тапсырмада көрсетілгендей 4 торкөзге жоғары сызық сыз.

– Тоқта.

– Шатаспау үшін, осы тапсырманы (жоғары 4 көрсеткіш сызық) сызып таста.

– Келесі команданы қараймыз және оқимыз (торкөздердің саны мен бағыты).

– Тапсырма бойынша жылжы, графикалық диктантта көрсетілгендей торкөздерді сыз. Қандай сурет шықты? Оны көрсет. Бұл ит.

Қоршаған орта

Міндеті:  Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу, қазақ халқының құндылықтарына құрмет таныту 

 Мақсаты      Балалардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға құрметтеп мақтан тұтуға тәрбиелеу..


 Ата мен әжесінен  сүйінші сұрап қыз бала жүгіріп келеді, сүйіншісін беріп, көршілерге қуанышты хабарды хабарлауға жұмсайды. Ата мен әже немерелі болдық деп қуанып, есім таңдап отырғанда, нәрестесін көтеріп келіні кіреді. Атасы немересін қолына алып, азан шақырып атын қояды.

Тәрбиеші:

Балаға ат қою рәсімі. Қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі балаға ат қою. Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүр. Ал енді,тәрбиешілер сіздердің де есімдеріңізді ырымдап қойған болар, сол туралы айтып өтсеңіздер. (әр тәрбиеші өз есімдері жайлы айтып өтеді)

Қазақтың балаға байланысты жасалынатын ырым-дәстүрлерін атап өту (тәрбиешілер балаға байланысты дәстүрлерін атап, соның ішінен бесікке салу дәстүрін көрсетеді)

Бесікке салу рәсімінен көрініс. Баланы бесікке салу – салтанатты рәсім.

Баланы бесікке салмас бұрын, баланың бесігіне, жын – шайтан жоламас үшін аластайды. Баланы бесікке салмас бұрын «тыштырма рәсімі» жасалынады. Бесіктің тесігінен тәттілер өткізіледі. Жиналған адамдар қолдарын созып, бесіктің астына алақандарын жаяды. Өткізілген тәттілер олардың алақандарына түседі.Бесіктің астына әрбір тәтті түскен кезде ,бесікке салған адам басқаларға «тышты ма?» деп сұрайды. Сол кезде жиналған жұрт «тышты, тышты»деп айтады. Осылайша «тыштырма» рәсімі «тышты ма?» деген сөзден шыққан. Баланы бесікке бөлегеннен кейін «бесік жыры» айтылады. Бесік жыры –дегеніміз балаға әндетіп айтылатын әуен. Бесік жыры бала мазасыз болып, жылап жатқанда немесе ұйықтай алмағанда айтылады. Бесіктің құрал –жабдықтарын атап өту. «Ел боламын десең ,әуелі бесігіңді түзе» деп қазақ атамыз тектен текке айтпаса керек. 


Мақал-мәтелдер.

Бала тәрбиесіне байланысты мақал- мәтелдерді сурет бойынша айту.



                                                      Үзіліс:      Жүгіруге арналған ойындар « Көбелектер бақалар»  



Ойын: «Алыптар мен ергежейлілер» 

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Арнайы сызықпен қоршаған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. “Алыптар” мен “қуғыншымын” қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі, “ергежейлілер” жүгіреді.

Ұсыныс: Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы, ойынды әрі қарай жалғастырады.






Ойын: « Көбелектер бақалар»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жәндіктерге қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Ойын барысы:Батпақтың шекарасы төртбұрышты етіп белгіленеді. Мұнда бақалар өмір сүреді. Гүлдерге көбелектер ұшып келіп қонады. Ұлдар бақа сияқты секіреді, қыздар көбелектер сияқты ұшады.

Ұсыныс: ойында  көбелектер,     бақалар болып балалар ойынаушылар қатысады, тәрбиеші де қатысады. 






3     - ұйымдастырылған     іс-әрекет              




Қазақ тілі

 Міндеті:  Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және  күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету 

 Мақсаты   өз іс-әрекеттерін айта алуға үйрету



 Арман мен Сәуле диалог жүргізеді.

– Сәуле, сен таңертең не істейсің?

– Мен таңертең тұрамын.

– Таң-ер-тең- ң тұ-ұ-ұ-ра-мын. Таңертең тұрамын (айнамен жұмыс).

– Бе-ті-і-ім-ді-і-і жуа-мын – бетімді жуамын.

– Ті-с-і-і-ім-ді-і-і та-за-лай-мын – тісімді тазалаймын.

– Ша-шым-ды та-рай-мын – шашымды тараймын.

– Жат-ты- ғу жа-сай-мын - жаттығу жасаймын.

– Ки-і-м-і-і-м-д-і-і-і ки-е-мі-і-і-н – киімімді киемін.

– Содан кейін анаммен балабақшаға барамың.

Балалар қуыршақтардың (педагогтің) соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды.

Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Үлестірмелі материалдардың көмегімен сөйлемді толықтырады.

Таңертең ... (тұрамын).

Бетімді ... (жуамын).

Тісімді ... (тазалаймын).

Қазақ тілі

 Міндеті -  Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру 

 Мақсаты      сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұлттық ыдыстардың атауымен таныстыру


 Ойын: «Сиқырлы қоржын». ( Ішінде кесе, қасық, тәрелке).

Балалар таныс заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.

Қандай кесе? Неше кесе? Түсі қандай? Қандай қасық? Қандай тәрелке? (Үлкен, кішкентай).

Қоржынның екінші жағынан ұлттық ыдыстарды алып, жаңа сөздермен таныстыру, ұлттық ыдыстар туралы қысқаша мағлұмат беру.

– Мынау – торсық.

– Мынау не? (Жеке-жеке «торсық» сөзін дұрыс айтып жаттығып, естеріне сақтайды).

– Торсық теріден жасалады.

– Торсық неден жасалады?

– Торсық теріден жасалады.

– Мынау – тостаған.

– Мынау не?

– Мынау – тостаған.

– Мынау қандай тостаған? (Үлкен, кішкентай).

– Тостағанмен қымыз, айран ішеді.

– Тостағанмен не ішеді?

– Тостағанмен қымыз, айран ішеді.

– Тостаған ағаштан жасалған.

– Тостаған неден жасалған?

– Тостаған ағаштан жасалған.

– Мынау – ожау.

– Мынау не?

– Мынау – ожау.

– Мынау – ұлттық ыдыстар.

– Мыналар – нелер?

– Мынау – ұлттық ыдыстар.

Балалар сөздерді және сөйлемдерді тыңдап, қайталайды.

– Тостаған, торсық сөздеріндегі бірінші дыбыс қандай?

«Т» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы. (Табақ, тауық, тәрелке, тышқан, түлкі,

Қима материалдармен жұмыс. Сөздерді бекітуге ойын: «Менде, сенде...». Балалар алдарындағы суреттерін атап, көршісінде ненің суреті екенін сұрайды. Мысалы: Менде тостаған. Сенде не?

Сөйлеуді дамыту

 Міндеті:     - Бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру

 Мақсаты       . Ертегіні мазмұны бойынша әңгімелету.


Ертегі: «Қасқыр мен түлкі»

(Педагог «Қасқыр мен түлкі» ертегісін оқып береді. Мазмұнын айтып түсіндіреді. Сонан соң ұл балаларға қасқырдың, қыздарға түлкінің сөзін қайталауды ұсынады).

Ертеде бір Қасқыр мен Түлкі дос болыпты. Екеуі келе жатып жол үстінен бір кесек ет көреді. Екеуінің де жегісі келіпті.

Қасқыр Түлкіге:

–Сен жей ғой, досым, – депті. Түлкі арсалаңдап:

–Менің аузым ораза ғой, сен-ақ жей ғой, – депті.

Қасқыр етті жейін деп тұмсығын соза бергенде мойнын қақпан қауып алып, ет ұшып кетіпті. Түлкі етті қағып алып жеп қойыпты.

Қасқыр:

–Ей, досым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – десе, Түлкі:

–Оразам сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті

Көркем әдебиет

 Міндеті: Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу 

Мақсаты     ертегіні мазмұндау арқылы театр мəдениетіне

баулу.


Ол ертегі «Көктемнің сəні» деп аталады.

Ертегі – əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Ертегі кейіпкерлерін салыстырып

сипаттайды. Ертегінің өлеңнен айырмашылығы – ертегіні ойдан, қиялдан шығарады.

Балаларға ертегіні толық оқып беріп, мазмұнын түсіндіреді


 Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар:

– Ертегі қалай аталады? Ертегі не туралы?

– Арыстан аңдарды не үшін шақырды?

– Қандай аңдар жиналды?

– Арыстан қандай сұрақ қойды?

– Аңдар не деп жауап берді?

– Елік дұрыс айтты ма?

Көктемнің сəні деген – гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің

жылуы, мөлдір су, көкмайса шөп.




Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Міндеті:     - балалардың ұлу туралы білімдерін жетілдіру

-- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік

- қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

- Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу


Мақсаты-ұлудың суретін салу,мүсіндеуүжапсыру,құрастыру


Топтық жұмыс














                                                                            Үзіліс:  «.     Секіруге арналған ойындар  «Кесіртке»ойыны  



Артикулыциялық жаттығулар:

Балықтар

Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,

Үп-үлкен ағаш жағада жатты,

Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп

Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,

Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,

Ал төртіншісі тоңа бастады,

Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,

-Жүзіндер мына жерден,

Әйтпесе жұтып қояды!


«Тіс щеткасымен ойын» жаттығу.

Ойын шарты: Балаларға тіс щеткалары таратылады. Щеткаларды бір-бірден алып саусақ ұштарына қойып, үйкелеп массаж жасайды. Бұл ойын балалардың миын дамытады, тілдерін дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырады.




Ойын: «Жоғарыда–төменде, биік-аласа»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Ойын барысы: Тақтаға бір бала шығып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.















4     - ұйымдастырылған іс-әрекет




Дене шынықтыру

Міндеті: -  Допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу 

Мақсаты  Көлбеу тақтайға жүгіріп шығу, түсу, биіктегі салмақ түсіру, тірелу нүктесінде тепе-теңдік сақтауға дағдыландыру 


Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аңшылар мен қояндар»

Қозғалып бара жатқан нысананы «ату» кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады.

Ойыншылар «аңшылар» мен «қояндарға» бөлінеді. «Аңшылар» сызықтың сыртына тұрады, ал «қояндар» сызықтардың ортасына тұрады. «Аңшылар» доппен «қояндарды» атып алуға тырысады. «Оқ тиген» қояндар ойыннан шығады. Барлық қояндарды атып алған соң командалар орнын ауыстырады 

Музыка

Міндеті:  - Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыт

Мақсаты  Балалардың қазақтың ұлттық ойынына деген қызығушылықтарын арттыру


: Музыка тыңдау:

«Ақ сиса» (Жаяу Мұса)

Ән айту:

«Наурыз тойы» (Т. Мұратов)

«Көктем» (Д. Гусинцев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Аюлар биі» (Е. Тиличеева) Билер: «Қамажай» х.ә. (өңдеген Н. Меңдіғалиев) Ойындар, хороводтар:

«Үйшік» (В. Витлин)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Сәулем-ай» қазақтың х.ә.

(өңдеген Б. Дәлденбай)


Дене шынықтыру

Міндеті:. Допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату

Мақсаты -   Заттардың арасымен дұрыс жүгіруді жалғастыру. Өз денесін басқаруды, арқаннан ұстап салбырап тұруды, ептілік, өз бетімен әрекет ету, күштілікті дамыту.

 .

 Текшелер мен сырық (ұзын ағаштармен) орындалатын негізгі қимылдарды орындау.

Қауіпсіздік ережелерін еске саламыз: бір-біріне қарама-қарсы жүруге болмайды.

Секірулер: сырықты жалғыз аяқпен секіріп, ілгері қарай айналып жүру. Секіргенде аяқтың басымен итеріліп, аяқтың басына қайта түсу.

Дене шынықтыру

Міндеті: - Допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу

Мақсаты  Заттардың арасымен дұрыс жүгіруді жалғастыру. Өз денесін басқаруды, арқаннан ұстап салбырап тұруды, ептілік, өз бетімен әрекет ету, күштілікті дамыту.


 «Ең сақ кім екен?»

Текшелерге   көтеріп      қойылған сырықтардың  астынан түрлі әдіспен (шынтақтап жорғалап, еңбектеп, шалқалап жатып) залдың бір жағынан екінші жағына дейін өту.

Түрлі әдіспен (шынтақтап жорғалап, еңбектеп, шалқалап жатып) залдың бір жағынан екінші жағына дейін өтеді. Сырықтың биіктігіне қарай тиімді әдісті таңдайды.

Музыка

 Міндеті      -  Ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.

 Мақсаты      Балалардың қазақтың ұлттық ойынына деген қызығушылықтарын арттыру


: Музыка тыңдау:

«Ақ сиса» (Жаяу Мұса)

Ән айту:

«Наурыз тойы» (Т. Мұратов)

«Көктем» (Д. Гусинцев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Аюлар биі» (Е. Тиличеева) Билер: «Қамажай» х.ә. (өңдеген Н. Меңдіғалиев) Ойындар, хороводтар:

«Үйшік» (В. Витлин)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Сәулем-ай» қазақтың х.ә.

(өңдеген Б. Дәлденбай









Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 











Серуен



Сәуір

Серуен-Бақылау  №3

Бақылау: Мойыл бұтасын бақылау

Мақсаты:

  • Бұталар  туралы білімдерін молайту; 
  • Бақылай, зерттей білу қабылеттерін дамыту;
  • Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. 

Бақылау барысы

Тәрбиеші әңгімесі:

Мойыл әрі дәрілік, әрі сәндік өсімдік. Мойыл гүлдеген кезде әдемілігімен көздің жауын алып, хош иісі мұрыныңды  жарады. Мойыл мамыр, маусым айларында гүлдейді, ал, жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Қоңыр күзде мойылдың жемістері өте дәмді болады. Жаңа піскен жидектерінен қант қосып тәтті сусындар мен кисельдер жасайды. Сол сияқты мойыл жидектерінің емдік қасиеті де өте жоғары. Одан жасалған дәрілермен іш ауруларын, көз ауруларын, безгек ауруларын емдейді. Сондықтан да мойылды кеспей, сындырмай сақтаған жөн. Мойыл гүлдері өте әдемі болғанмен, оның гүл шоғын көп етіп алсаңыз басыңыз ауырады, егер өте қызықсаңыз, бұтасын сындырмай ғана, екі-үш гүлін пышақпен кесіп алып, суға салып қойсаңыз, сол да жеткілікті болады. Мойылды өзіңіз де сындырмаңыз, өзгеге де жол бермеңіз. 

Балаларға сұрақтар

  • Мойыл ағашы қай уақытта гүлдейді? 
  • Мойылдың жемістері қай уақытта піседі?
  • Мойыл жидектерінен не жасайды?
  • Мойылдың басқа қандай қасиеті бар? 
  • Бұл ағашты не үшін сақтауымыз керек?

Еңбек 

Үлкендерге ағаш отырғызуға көмектесу.

Мақсаты: ағаш отырғызу және оны өсіруге деген ынталарын ояту, табиғатты көркейтуге тәрбиелеу. 


Сәуір

Серуен-Бақылау  №4

Бақылау: Тастарды бақылау

Мақсаты: тастардың әртүрлілігімен және олардың қасиеттерімен таныстыру. 

Бақылау барысы

Балабақша ауласындағы ойын алаңындағы бір ағаштың түбіне әртүрлі тастар салынған қапшықты тығу. Қапшық тығылған ағашты суреттеп айту. Қапшық табылғаннан кейін балалармен әңгіме өткізу.

Тастар әртүрлі болады. Оларды жәй тас деп айтуға болмайды, себебі әр тастың өз ерекшелігі болады. Кейбір тастар бағалы, ал жәй тастардың да пайдасы өте көп.

Сұрақтар:

*Тастардың қандай түрлерін білесіңдер?

*Асыл тастарды не үшін пайдаланады?

*Жәй тастарды қай жерде, не үшін пайдаланады? 

*Гранит, мрамор тастарды көрген жерлерің бар ма, оларды не үшін пайдаланады? Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып, түсіндіреді.

*Балабақша ауласында, ғимарат құрлысында тастар бар ма?

Зерттеу жұмысы

Балабақша ауласынан түсі, көлемі әртүрлі тастарды тауып, жинау. 

Еңбек 

Ұжымдық жұмыс, балабақша аумағын тазалау. 

Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге,бастаған істі аяқтауға, біткен іске қуануға тәрбиелеу. 




Сәуір

Серуен-Бақылау  №5

Бақылау: Бұлттарды бақылау

Мақсаты: өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру. 

Бақылау барысы.

Көркем сөз. «Бұлт» 

Ө. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы?

Біле алмадым мұны әлі.

Білерім көк аспанның,

Бұлт-көшпелі бұлағы.

Тәрбиеші сұрақтары.

♦Бұлт дегеніміз не?

♦Бұлттардың түсі қандай болады?

♦Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен.)

♦ бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қат-қабат бұлттар, түнерген найзағайлы бұлттар)

♦  Неге түйдек бұлттар дейміз? (олар аспанда түйдек-түйдек болып тұрады) 

♦  Шарбы бұлттар неге ұқсады? (ақ ұлпаға, мамыққа, жақсылап аңғарып қарасаң олардан таныс бейнелерді көруге болады)

♦  Ең үлкен бұлттар қай бұлттар? (түнерген найзағайлы бұлттар) 

♦ Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түйдек бұлттар, түнерген бұлттар) 

♦Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады) 

Зерттеу жұмысы

Аспандағы  қандай бұлттар  екенін анықтау.

 Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу. 

Еңбек 

Алаңды егу жұмыстарына дайындау; қоқыстарды жинау, сыпыру.  

Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру.

Сәуір

Серуен-Бақылау  №6

Бақылау: Желді бақылау 

Мақсаты: 

- жел туралы түсініктерін бекіту;

- жел түрлерін есте сақтау.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ағаштарды шайқайды, 

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады. Сұрақтар қояды:

  • Желдің қандай түрлері болады?
  • Жел неге соғады? 

Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал, суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының  айырмашылығына байланысты. Ауа массасы барынша тез қозғалған сайын, желдің күші де соншалықты қатты болады. Желдің бағытын анықтаумен айналысатын адамдарды метеорологтар және синоптиктер деп атайды.

♦Барынша қатты желдердің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран.)

♦ Әлсіз желді қалай атайды?(«самал жел» деп атайды) 

♦Желдің ізін көруге болады ма? 

Зерттеу жұмысы

Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Флюгердің көмегімен желдің күшін анықтау. Еңбек Гүл өсіретін (клумба) алаңды дайындау

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау. 





Сәуір

Серуен-Бақылау  №7

Бақылау: Сутоғанды бақылау

Мақсаты: мұздың қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау. 

Бақылау барысы

Күн өткен сайын көктем қысты ысырып, өз жылуын алып келуде. Көктемнің ең бірінші жеңісі-жерді жібітеді. Алдымен қары еріген алаңқайлар пайда болады, өгей шөптер өсіп шығады. ал, екінші жеңісі-өзен-көлдердің ери бастауы. Жердегі, қар үйінділеріндегі қарлар еріп, сай-саланы қуалап, өзенге барып құяды. Өзен сулары көтеріліп, мұзды жарады. Жарылған мұздар ағыспен бір-біріне соқтығады. Мұздар жарылып, өзендер арнасынан асқан кезде ауа температурасы кенет төмендейді.  Ал, сутоғандардағы мұздар ұзақ уақыт тұрады. Себебі онда ағыс жоқ, су қозғалмайды. Бұл жерде мұздар жарылмайды, біртіндеп ериді.

Зерттеу жұмысы. Сутоғандағы мұздың қалыңдығын мұз өлшегіш құралмен өлшеу. Тоған бетіндегі мұздың еруін бақылау

Еңбек 

Ауланы қоқыстан, сынған бұталардан тазалау. 

Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген ынталарын тәрбиелеу





Серуеннен оралу

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру



Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты:  балаларға сурет оқу қызметі бойынша қарандашты  дұрыс  ұстауға     үйрету.


Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты:сөздерді дұрыс айтуды үйрету

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты:  Өлең, тақпақтар жаттату

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты:  Балалармен қарым -қатынаста болуын дағдыландыру

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қасиеттерін арттыру үшін, балаларға тақпақ жаттату 



Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

Қимылды ойын

«Біздің аулада не өседі?».

Мақсаты: ағаштар аттарын есте сақтауларын тиянақтау, аталған жерге тез жетуге, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға баулу. 

Жаттығу ойыны  Қимылдарын дамыту

Мақсаты: доп лақтыруға жаттықтыру.

Мақал-мәтел:

-Бір тал кессең, он тал ек.

Қимылды ойын. 

«Бәйге».

Мақсаты: нысанаға тез жетуге деген құлшыныстарын, жеңіске деген құштарлықтарын арттыру. 

Жаттығу ойыны.  Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты:                                                                    секіргіш жіппен секіруге жаттықтыру.

Қимылды ойын     «Қасқыр қақпан».

Мақсаты: ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу. 

Жеке жұмыс 

Математикалық жаттығулар.

Мақсаты: тақ және жұп сандарды санай білу дағдыларын жетілдіру.

Халық болжамы. Ерте көктемде найзағай ойнап, күн күркіремесе, жаз құрғақ болады.

Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту. 

Жаттығу ойыны  Бір-біріне доп лақтыру. 

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту. 

Халық болжамы. Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.

Қимылды ойын «Қасқыр қақпан»

 Мақсаты:

—            белгі бойынша әрекет етуге үйрету;

—            ойын шартын сақтап ойнауға баулу;

Жаттығу ойыны

Ұзындыққа секіру.

Мақсаты: ұзындыққа секіруге жаттықтыру.




Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

  Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 
 


Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.


















































                                          Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  Құрөзек ном

Мектепалды даярлық О  сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1I-апта      8-12    сәуір    2023-2024 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу


Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес , әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту


Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

 Үстел үсті ойыны – пазл: 

«Әсем гүлдер бағы »

Балалармен  әсем гүлдер туралы әңгімелесу.


Құрылыс ойындары:

«Біздің аула гүлдері»


 Фотосуреттер қарастыру: «Гүлдер,гүлдер көп гүлдер»

Фотосуретте бейнеленген ойын түрлерін атау.

Үстел үсті     театры:

«Раушан гүлдер» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.


Сюжеттік ойындар:

«Қош иісті гүлдер» еркін сурет салу.

Д/ойын: «Менің сүйікті гүлім»



Ертеңгілік жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 11


 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

«Табиғатым 

тамаша»

Табиғатым  тамаша,
 Көз  тоймайды қараса.
 Табиғатты  аялап,
 Жүрейікші  жараса.


 «Дала қандай тамаша»

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастарқан жайғандай,

Көз тоймайды қараса.


 «Табиғатқа қамқор боп»

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық,

Әдепті да,тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

«Табиғат...»

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
 Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
 Сен көлсің, сен ормансың.
 Сен - бұлбұлсың,
 Адамға сұлулықты шын ұқтырған!

«Дала қандай тамаша»

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастарқан жайғандай,

Көз тоймайды қараса.


Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ


                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Сөйлеуді дамыту  

Міндеті Өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану

Мақсаты  Бала бойындағы шешендік қасиетті, сөздік қорларын дамыту.


Педагог балаларға сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын пысықтайды.

–Ертегіде нелер жайлы айтылған?

–Қасқыр мен Түлкі дос болған ба?

–Екеуі жолдан не көрді?

–Қасқыр Түлкіге не деді?

–Сонда Түлкі не дейді?

–Еттегі қақпанға қайсысы түседі?

–Түлкі сияқты айлакер, қу болу керек пе?

–Ертегі қызық бекен, сендерге ұнады ма? Жалғастырта 3– 4 баладан сұрап шығады. Дидактикалық ойын:

«Түлкінің құйрығын тап».

Ойын шарты: балалар қима суретерден Түлкінің құйрығын тауып көрсетеді.











Сауат ашу негіздері 

 Міндеті: Төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйретуді жалғастыру

Мақсаты  дыбыстық талдауды жасауды үйретуді жалғастыру


Дидактикалық ойын: «Сөз жарыс»

Педагог: Балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Мен бір тақырып айтамын

сендер сол тақырыпқа байланысты ғана сөздерді буынға бөлулерің қажет. Мысалы: киімдер,

гүлдер, сандар т.б. Кім көп сөз айтып, буынға бөлсе, сол жеңімпаз болады (сөз айтып, буынға

бөлген балаға жұлдызша беріліп отырады).

Жұлдызшаны санау арқылы жеңімпаз анықталады.

Дидактикалық ойын: «Қағып ал»

– Мен сендерге сөздің бірінші дыбысын айқынырақ айтып, допты лақтырамын. Сендер

мен айқынырақ айтқан дыбысты қайталап допты өзіме лақтырасыңдар Мысалы: қққасқыр(қ), ееетік(е), тттүлкі(т), өөөрік(ө), бббалық(б), сссағат(с), ааалқа(а),

жжжаз(ж), ммоншақ(м), қққоңыз(қ), қққолшатыр(қ), бббілезік(б), жжжұлдызша(ж),

ооотын(о), қққарға(қ), сссазан(с), шшшахмат(ш), тттау(т), кккерік(к), əəəтеш(ə), ееесек(е),

тттүйе(т), мммандарин(м), қққобыз(қ), сссандық(с), тттекемет(т), ееер(е), үүүзеңгі(ү),

ааарба(а) т.б.

– Қай дыбыстар созып айтылмайды екен. Оларды қандай дыбыстар дейміз?

Сауат ашу негіздері

 Міндеті      Төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйретуді жалғастыру 

Мақсаты дыбыстық талдауды жасауды үйретуді жалғастыру        ...


Дидактикалық ойын: Жоғалған дыбыс»

– Мен сендерге суреттер көрсетіп бірінші дыбысты айтпай сөз айтамын, сендер

жоғалған дыбысты жалғап толық сөзді айтасыңдар да допты кері бересіңдер.

Мысалы:... ерезе (т), ...ілем (і)і, ...алық(б), ...үрек(ж), ...ақыт (б), уыршақ...(қ), ...омбыра

(д), ...екемет (т), ...ышақ (п),... аймақ (қ), ...анан(б), ...ектеп(м), ...рік(ө), ...ияз(п) т.б.


Сауат ашу негіздері

 МіндетіСуреттен іс-əрекетті білдіретін сөздерді анықтап айта білуге, сөздердегі буын санын анықтауды жалғастыру 

Мақсаты дыбыстық талдауды жасауды үйретуді жалғастыру


 «Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы

(Əр дұрыс жауапқа педагог балаларға жұлдызша беріп отырады)

-ал буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты.

Мысалы: алма, алтын, алжапқыш, алға, аласа, ала, алқа, Алжан, алмас, алау,

Альбина, ал т.б .

-оқ буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты.

Мысалы: оқу, оқы, оқымысты, оқулық, оқ, оқыс, оқшаулау, оқтар т.б.

-жа буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты.

Мысалы: жас, жалын, жалғыз, жат, Жайық , жарқыра, жалқау, жаура, жалау,

Жамбыл, жалпылдақ, жалбыз, жаһұт, жау, жарайды, жалмауыз, т.б.      

Көркем әдебиет 

Міндеті: Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

Мақсаты əдеби шығармадағы қоғамдық өмір оқиғалары

туралы түсінігін қалыптастыру


Педагог «Мен ғарышкер боламын» өлеңін екінші рет қайталап оқиды.

– Өлеңнің бірінші жолы қалай басталады?

Өлеңді эмоциямен 2-3 рет қайталайды, бірге жаттайды. Педагог сөйлемнің басын оқып,

балалар жалғастыратын тəсілді қолданады. 3-4 бала өлеңді жатқа айтады.

Дəптермен жұмыс:

1 Суретте не бейнеленген?

Бала нені армандап тұр? Ойыңды ортаға сал.

Сенің ғарышкер болғың келе ме?

Қандай ғарышкерлерді білесің?

2. Суретті бастырып сыз. Боя.

Педагог үзік сызықтарды қосып сыздырып, боятады


            Үзіліс: Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар       «Мысықтар мен балалар»


БАЛАНЫҢ  ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН  ОЙЫНДАР

Дауыстарын қайтала.

Аң біткенмен алысқан

Ақырады арыстан:

А-а-а-а-а-а

Нәзік дауысы қозының

Естіледі алыстан:

Мә-ә-ә-ә-ә

Дөңгелетіп аузыңды,

Жіңішкертіп даусыңды,

Бұзаумын деп ойла да,

Дауысын оның қайтала:

Мө—ө-ө-ө

(Балақай, жан жануарлардың дауыстарые сала отырып, кей дыбыстардың жуан кей дыбыстардың жіңішке айтылатынына зер сал )

Майлыаяқ.

Жайлау толы малды аяп,

Күзетіп жүр Майлыаяқ.

Жолатпайтын ешкімді,

Дауысы алыстан естілді:

(ақырын дауыспен) –р-р-р-р-р-р

«Тамақ жеймін ашпын д»,-деп,

«Қорқып иттер қашсын», -еп,

Күжірейтіп желкесін

Ырылдады қасқыр кеп:

(орташа дауыспен)-р-р-р-р-р-р

«Қорықпаймын сенен»,-деп,

«Сазайыңды берем»,-деп,

Дірілдетіп қасқырды

Айбатын ит асырды:

(қатты дауыспен) –р-р-р-р-р

«Мынау бәле екен» деп,

«Түбіме бұл жетер» деп,

Қорқып қасқыр жөнелді,

Қайтып келмес ол енді.

(Балақай, қасқырдан да қорықпайтын төбет иттердің болатынын сен білесің бе?

Өзара екі топқа бөлініңдер де, қасқыр мен иттер болып алдымен ақырын, сосын орташа, ең соңында қатты дауыспен «р» дыбысын созып айтыдар.)







Ойын: «Мысықтар мен балалар»

Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу. 
 Ойынның шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады. 
 Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. Ойын 2-3 рет қайталанады.
 






2 - ұйымдастырылған іс-әрекет



Қоршаған орта

Міндеті: Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевті білу, оларды құрметтеу 

Мақсаты Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.    .


 Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?

- Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.

- Балалар аспаннан нелерді көруге болады?


Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

(балалардың жауабы ).

Тәрбиеші:

- Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әрбір мамандық адамзатқа өте қажет екен.

Мысалы: дәрігер-адамдарды емдейді, мұғалім-балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді.

Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер

- Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?

- Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар

Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»

Ойын шарты: балалардың алдына аспанд аболатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.


Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.

Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.   

  .

Математика негіздері

 Міндеті: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен

Мақсаты 10 көлемінде тура және кері санау дағдысын қалыптастыру.     


Педагог балаларды вагондар болуға шақырады. Он бала бір-біріне тіркесіп, пойыздың қозғалысын еліктейді. Балаларға 1-ден 10-ға дейін цифр жазылған карточкалар таратылады. Педагог басқа балаларға вагондарды 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды сұрайды. Вагондармен көрініс ойнатылады. Педагог вагондардың бір-бірден туннельге қарай кетіп жатқанын хабарлайды. Сандық сәуле бойынша педагог 1-ге азайту амалын көрсетеді. 

Сонымен

10 – 1 = 9

9 –1 = 8

8 – 1 = 7

7 – 1 = 6






Математика негіздері

Міндеті  - 10 көлеміндегі сандарды салыстыру

Мақсаты: 10 көлемінде тура және кері санау дағдысын қалыптастыру. 


Карточкамен жұмыс Тақтада (демонстрациялық материал 21- кесте)

1 -ден 10-ға дейін сандар қатары ретімен тұрады.

Топтан екі баланы шақырады, олар цифрды тез және дұрыс қояды, тура және кері санайды. Бір бала санауды бастайды, екіншісі жалғастырады деген тәсілді пайдаланамыз

Математика негіздері

 Міндеті Саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару

Мақсаты  10 көлемінде тура және кері санау дағдысын қалыптастыру.  



 – 

5 – 1


 – 

7 – 1


 – 

4 – 1

Ойын жаттығуы: «Жазбаны шеш».

Балалар карточкалардың көмегімен үстелде және тақтада математикалық жазбалар жасайды.

Қоршаған орта

Міндеті:   Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.

 Мақсаты  Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеу, түсіндіру.


Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар:

- Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

- Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!

- Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Мақсатына жету үшін алдағы, Әубастан-ақ, дұрыс жолды таңдады. Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе, Орындаған бабалардың арманын


Күн өткен сайын құлпырып, Жайнадың гүлдей Астана, Елорда – менің Астанам, Елорда-менің бас қалам


Үзіліс:  Жүгіруге арналған ойындар «Сылдырмақпен сылдырлат»




Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

«Жасыру» саусақ ойыны.

Ойын шарты: Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз.

Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады. 

«Салат» саусақ ойыны.

Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап, 

тойғандықтарын көрсетеді)






Ойын: «Сылдырмақпен сылдырлат»
 Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
 Ойынның шарты: 5-6 балалар аланның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар /бал-ң санына сай/ жатады. «1-2-3, жүгіріңдер»- деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады, басқа ойнаушылар қатысады. 
 Ұсыныс: Ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп /жіптен, текшелерден, шеңберден өту, т.б./











3     - ұйымдастырылған     іс-әрекет              



Қазақ тілі

 Міндеті: -Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

 Мақсаты     мәдениетті, сыпайы сөйлеуге тәрбиелеу. 


Сюжеттік ойын: «Дүкен»

Балалар кезекпен дүкенге келеді. Педагог – сатушы.

Диалог үлгісі:

– Сәлеметсіз бе!

– Сәлеметсіз бе!

– Кесе беріңізші.

– Қандай кесе?

– Үлкен, екі жасыл кесе.

– Міне, кесе алыңыз.

– Рақмет. Сау болыңыз.

– Сау болыңыз.

Үлгі бойынша балалар кезекпен ойнайды


Қазақ тілі

 Міндеті -     -Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту 

 Мақсаты азық-түліктің қазақша атауларымен таныстыру.  


 Дидактикалық ойын: «Сиқырлы дорба», ішінде азық түлік (суреттер нан, сүт, май) бар.

Сиқырлы дорбада не бар?

Балалар дорбадан таныс азық түлікті (нан, сүт, май) алады, атайды.

– Сиқырлы дорбаны көрейік, тағы не бар екен. Ол үшін дорбамызды сиқырлайық, дорба туралы жақсы сөздер айтыңдар:

Дорба әдемі, дорба жақсы.

1, 2, 3, 4, 5

5, 4, 3, 2, 1

Міне, дорба ашылды!

Педагог дорбаның екінші түбінен тағамдарды (суреттерді) алып, жаңа сөздермен таныстырады.

Мынау – ет.

– Мынау не?

– Мынау – ет.

– Мынау – жұмыртқа. Жұ-мырт-қа.

– Мынау не?

– Мынау – жұмыртқа.

– Жұмыртқа – тағам.

– Жұмыртқа – ... (тағам)

– Мынау – ірімшік. І-рім-шік.

– Мынау не?

– Мынау – ірімшік.

– Ірімшік дәмді.

– Ірімшік дәмді ме?

– Ірімшік дәмді.

– Ірімшік – тағам.

– Ірімшік не?

– Ірімшік – тағам.

– Мынау – қант.

– Мынау не?

– Мынау – қант.

Сөйлеуді дамыту

 Міндеті:     - -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу

 Мақсаты     Ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру, тілдерін дамыту. 


 –Ай мен жұлдыздар әлемін ғарышкерлер зерттейді. Сендер қазақтың ғарышкерлерін білесіңдер ме?

–Ғарышкер немен ұшады?

–Ғарышкер қандай болу қажет?

Педагог Ж.Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» өлеңін мәнерлеп оқып береді.


Аспан, аспан арайлым, Саған жиі қараймын. Сені көзбен шоламын, Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер мен де боламын, Боламын десем, боламын. Таудай үлкен талабым, Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлаймын, Үлкен ғалым боламын, Боламын десем, боламын.

(Ж.Смақов)

Өлеңдегі бала кім болуды армандайды?

–Өз арманына жетеді деп ойлайсыңдар ма?

–Арманға жету үшін жақсы оқып, спортпен айналысу керек. Яғни көп еңбектенген адам арманына жетеді.

–Ал сендер өскенде кім болуды армандайсыңдар?

–Ол үшін сендер көп білім алып, оқуларың керек.

–Ал «Оқу – инемен құдық қазғандай». Педагог мақалды жаттап алуды ұсынады.

Көркем әдебиет

 Міндеті:     Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

Мақсаты   əдеби шығармадағы қоғамдық өмір оқиғалары

туралы түсінігін қалыптастыру  


Ғарышкер – аспан əлеміне ұшатын адамдар.

Ғарышкер ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарышкеме деп атайды. Олар ғарышқа

ұшып барып, аспан əлемін зерттейді.

– Кім ғарышкер болғысы келеді?

– Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Слайдтан қазақстандық ғарышкерлерді көрсетеді, атайды.

– Бүгін біз ақын Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» өлеңімен танысамыз.

Өлең – əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін

əсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.

Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді, жаттатады.

Мен ғарышкер боламын

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын




 !


Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Міндеті:     - - көктем  мезгілі  жайлы түсініктерін жетілдіру,көргендерін бейнелеу іс-әрекеті арқылы қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру

-- Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау

- Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

- Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу

 Мақсаты- көктем мезгіілінің суретін салу,мүсіндеу ,жапсыру, құрастыру.


Топтық жұмыс













                                                                            Үзіліс:  Секіруге арналған ойындар  «Көжектер» ойыны.


Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.







Ойын: «Көжектер»

Мақсаты:  Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
 Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.





4  - ұйымдастырылған іс-әрекет



Дене шынықтыру

Міндеті- 2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру  

Мақсаты Керілген баудың биіктігіне байланысты денені жинақтап жұмырлаудың түрлі тактикаларын қолдана білуін қалыптастыру


«Желпуіш саламыз»

Шаңғының ұшын 180айнала қозғалып, бұрылады.

«Тоннель».

Алаң бойымен бағандарға байланған бауларды түрлі биіктікте тартып қою. Осы баулардың астымен өткенде биіктігіне байланысты әртүрлі әдісті пайдаланатынын ескеру керек.

 Балалардың қажетті арақашықтықты, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қадағалау

 керек


Музыка

Міндеті:  - Жаңалықты, жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрету  

Мақсаты     : Жаңалықты, жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрету.


Музыка тыңдау:

«Бұлбұл» (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

«Наурыз тойы» (Т. Мұратов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би» (Т. Ломова)

Билер:

«Қоян биі» (В. Питерцев)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Латыш полькасы» (М. Раухвергер)


Дене шынықтыру

Міндеті:. Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру  

Мақсаты -   40-30-20 см биіктіктегі арқандардың астынан өту, 20-30 см биіктіктегі арқанның үстінен секіріп өтудегі жоғары нәтижеге жету үшін ең тиімді жолдарын таңдай білуге үйрету.

 Балалар залда бытырап жүреді. Бастаушының нұсқауларын бұлжытпай орындайды. Егер

«жер» - десе қолдарын төмен түсіреді, егер «су» - десе қолдарын алға созып, суда малтаған сыңай көрсетеді, «ауа» - десе құстай ұшып бара жатқандай болады, «от» десе қолдарын созып, алға, артқа айналдыра бастайды. 

Дене шынықтыру

Міндеті: -  Допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу

Мақсаты  40-30-20 см биіктіктегі арқандардың астынан өту, 20-30 см биіктіктегі арқанның үстінен секіріп өтудегі жоғары нәтижеге жету үшін ең тиімді жолдарын таңдай білуге үйрету.


 40-30-20 см биіктіктегі арқанның астынан өту.

Кедергінің биіктігіне қарай одан өту тәсілі таңдалады.

Кедергінің биіктігіне қарай одан өту тәсілін таңдай отырып, барлық білім-біліктерін қолдануға тырысады. Арқанды іліп кетпес үшін өз қимылын қадағалап, мүмкіндігінше жұмырланады. (3 рет).

Музыка

 Міндеті      -- Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұнын элементтерімен байланыстыру  

 Мақсаты   Жаңалықты, жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрету..


 Музыка тыңдау:

«Бұлбұл» (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

«Наурыз тойы» (Т. Мұратов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би» (Т. Ломова)

Билер:

«Қоян биі» (В. Питерцев)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Латыш полькасы» (М. Раухвергер)






Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 









Серуен



Сәуір

Серуен-Бақылау  №8

БақылауТопырақты бақылау

Мақсаты: торф топырағының қыртысымен таныстыру  

Бақылау барысы

Біздің айналамызда шалшық көп. Ал, шалшықтар торфқа (шымтезек) бай болады. Торф-бұл әрі тыңайтқыш, әрі отын.ол қатты қызған кезде тез тұтанады. Торф дымқыл, жабысқақ, көктемде ылғал кезінде ол ауыр. Ол суды нашар өткізеді, егер ылғал торф үстімен өтсең, ол аяқкиіміңе жабысып қалады. Сондықтан да бұндай соқпақпен (жолмен( жүрмеген дұрыс. Торфты атызға (жүйек) және ағаш түптеріне тыңайтқыш ретінде қосады..

Зерттеу жұмысы

Торфтың құрғақ және ылғал  кесектерін салыстыру.

Құммен торфты салыстыру;

Жер қыртысы қай жерде тез кебеді.

Еңбек 

Ағаш түптері мен атызға торф тасу. 

Мақсаты: торфтың пайдалы қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау. 



Сәуір 

Серуен-Бақылау  №9

Бақылау: Сутоғанды бақылау

Мақсаты: мұздың қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау. 

Бақылау барысы

Күн өткен сайын көктем қысты ысырып, өз жылуын алып келуде. Көктемнің ең бірінші жеңісі-жерді жібітеді. Алдымен қары еріген алаңқайлар пайда болады, өгей шөптер өсіп шығады. ал, екінші жеңісі-өзен-көлдердің ери бастауы. Жердегі, қар үйінділеріндегі қарлар еріп, сай-саланы қуалап, өзенге барып құяды. Өзен сулары көтеріліп, мұзды жарады. Жарылған мұздар ағыспен бір-біріне соқтығады. Мұздар жарылып, өзендер арнасынан асқан кезде ауа температурасы кенет төмендейді.  Ал, сутоғандардағы мұздар ұзақ уақыт тұрады. Себебі онда ағыс жоқ, су қозғалмайды. Бұл жерде мұздар жарылмайды, біртіндеп ериді.

Зерттеу жұмысы. Сутоғандағы мұздың қалыңдығын мұз өлшегіш құралмен өлшеу. Тоған бетіндегі мұздың еруін бақылау

Еңбек 

Ауланы қоқыстан, сынған бұталардан тазалау. 

Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген ынталарын тәрбиелеу



Сәуір

Серуен-Бақылау  №10

Бақылау: Желді бақылау 

Мақсаты: 

- жел туралы түсініктерін бекіту;

- жел түрлерін есте сақтау.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ағаштарды шайқайды, 

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады. Сұрақтар қояды:

  • Желдің қандай түрлері болады?
  • Жел неге соғады? 

Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал, суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының  айырмашылығына байланысты. Ауа массасы барынша тез қозғалған сайын, желдің күші де соншалықты қатты болады. Желдің бағытын анықтаумен айналысатын адамдарды метеорологтар және синоптиктер деп атайды.

♦Барынша қатты желдердің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран.)

♦ Әлсіз желді қалай атайды?(«самал жел» деп атайды) 

♦Желдің ізін көруге болады ма? 

Зерттеу жұмысы

Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Флюгердің көмегімен желдің күшін анықтау. Еңбек Гүл өсіретін (клумба) алаңды дайындау

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау. 


Сәуір

Серуен-Бақылау  №11

Бақылау: Тастарды бақылау

Мақсаты: тастардың әртүрлілігімен және олардың қасиеттерімен таныстыру. 

Бақылау барысы

Балабақша ауласындағы ойын алаңындағы бір ағаштың түбіне әртүрлі тастар салынған қапшықты тығу. Қапшық тығылған ағашты суреттеп айту. Қапшық табылғаннан кейін балалармен әңгіме өткізу.

Тастар әртүрлі болады. Оларды жәй тас деп айтуға болмайды, себебі әр тастың өз ерекшелігі болады. Кейбір тастар бағалы, ал жәй тастардың да пайдасы өте көп.

Сұрақтар:

*Тастардың қандай түрлерін білесіңдер?

*Асыл тастарды не үшін пайдаланады?

*Жәй тастарды қай жерде, не үшін пайдаланады? 

*Гранит, мрамор тастарды көрген жерлерің бар ма, оларды не үшін пайдаланады? Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып, түсіндіреді.

*Балабақша ауласында, ғимарат құрлысында тастар бар ма?

Зерттеу жұмысы

Балабақша ауласынан түсі, көлемі әртүрлі тастарды тауып, жинау. 

Еңбек 

Ұжымдық жұмыс, балабақша аумағын тазалау. 

Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге,бастаған істі аяқтауға, біткен іске қуануға тәрбиелеу. 




Сәуір

Серуен-Бақылау  №12

Бақылау: Ұшып келген құстарды бақылау

Мақсаты: көктем құстары жайлы білімдерін бекіту. Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Ұя» Қ.Баянбаев

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған,

Күттім қашан сайрауын.

Сол ұяны талдағы,

Қараторғай мекендеп,

Күні бойы сайрады,

Жылы пәтер екен деп.

Балаларға сұрақтар:

*Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер? 

*Жыл құстары деп неге айтамыз?

*Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

*Құстар туған жеріне қай уақытта ұшып келеді?

*Ауламызға ұшып келген құстарға қандай қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?

Дидактикалық тапсырма: Құстарды топқа бөл.

Мақсаты: құстар суреттерін қыстап қалатын құстар және жыл құстары тобына бөліп, ұяларға орналастыру. 

Еңбек: Гүл егетін орынды тазалап, гүл отырғызуға дайындау. 

Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге деген құпшыныстарын арттыру. 



Серуеннен оралу

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру



Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс: Сөйлеуді     дамытудан 

Мақсаты:  тілдің     грамматикалық  құрылымы бойынша   қарапайым  сұрақтарға     жауап беруге үйрету.

Жаттығуы: «Дұрыс,  бұрыс»

Мақсаты:  Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар  дұрыс     болса 

«дұрыс» деп, дұрыс емес  болса «дұрыс емес» деп жауап  береді.


Музыкалық -ырғақтық  жаттығулар

Биік музыкалық сүйемелдеуге  сәйкес түрлі  қарқынды     таныс  дене жаттығуларын    орындату.

ойын:Көктем мезгілі туралы әңгімелесу.

Мақсаты: Қарапайым сұрақтарға жауап береді.

Жеке баламен жұмыс:

Сөйлеуді дамытудан  

Дәрумендер сөзін  дұрыс     айтуға үйрету.


Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

Қимылды ойын

«Аққу-қаздар».

Мақсаты: берілген кеңістікте белгі бойынша қашқандарды қуып жету, ойын шартын сақтау. 

Жаттығу ойыны

Секіргіш жіппен жаттығу ойындары.

Мақсаты: секіргіш жіпті алға, кері айналдыра отырып секіруге үйрету. 

Мақал-мәтел: Жері байдың-елі бай.

Қара жерге де, қамқорлық керек.

Қимылды ойын «Қасқыр қақпан»

 Мақсаты:

—            белгі бойынша әрекет етуге үйрету;

—            ойын шартын сақтап ойнауға баулу;

Жаттығу ойыны

Ұзындыққа секіру.

Мақсаты: ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту. 

Жаттығу ойыны     Бір-біріне доп лақтыру. 

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту. 

Халық болжамы. Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.

Қимылды ойын. 

«Бәйге».

Мақсаты: нысанаға тез жетуге деген құлшыныстарын, жеңіске деген құштарлықтарын арттыру. 

Жаттығу ойыны.  Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты:                                                                    секіргіш жіппен секіруге жаттықтыру. 


Қимылды ойын: «Ұшты ұшты». 

Мақсаты: зейіндерін дамыту, байқампаздыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға үйрету. 

 Жеке жұмыс 

Жаңылтпаштар жаттау:

Үйір, үйір үйректі,

 Қаз маңғаз,

Үйірге кім үйретті?             Маңғаз қаз.

Үйір, үйір үйректі,

 Әр кез маңғаз,

Үйірге өзім үйреттім.          

Қаз маңғаз.

Мақсаты: сөздік қорларын байыту. 

Тыйым сөздер: 

Құс ұясын бұзба.                        

Құсқа тас атпа.                       

Құс жұмыртқасын сындырма.


Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

  Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.





















































                                                                     Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  Құрөзек ном

Мектепалды даярлық О сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1II-апта         сәуір    2023-2024 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу


Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен  кеңес , әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту


Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

Үстел үсті, саусақ және т.б. ойындар.

 «Суреттерді орналастыр»
 Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Құрылыс ойындары:

  «Еңбек құралдары»,

  «Наубайхана   

   құрастырамыз».

Фотосуреттер қарастыру:

«Бидай мен қаңбақ»

Фотосуретте бейнеленген ертегі желісі бойыншасурет арқылы орналастыру. 

«Бидай мен қаңбақ» суреті бойынша, әңгіме құрастырып айтып беруге үйрету.

 «Біз дәнбіз» диқан жерге дән екті (дән сепкен қимылды көрсетеді)Сіркіреп, жаңбыр жауды (қолдарын шапалақтайды) Жер бетіне көгеріп, бидай шықты (қолдарын жоғары көтереді)Жайлап самал жел есті (қолдарын ырғайды)

Үстел үсті ойыны – пазл: 

 «Бидай»

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.


Ертеңгілік жаттығу


Таңғы жаттығу кешені №12


 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

«Бидай»

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.


«Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!


«Нанға біз тоямыз»

Көктемде жерді жыртамыз,

Тегістейміз тырмалап.

Дәндерді оған егеміз,

Жайқалып көктеп шықсын деп.

Күз болғанда орамыз,

Нанға біздер тоямыз.


«Көктем қандай тамаша!»

Көркемдеген жер-көкті,

Көктем қандай тамаша!

Жерге әкеліп төсепті

Алуан гүлді алаша.

«Көлбең, көлбең, көлеңкем»

Көлбең, көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Тасып піскен бидайды.

Айтшы қалай жинайды?

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.


Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ


                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Сөйлеуді дамыту  

Міндеті  Монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту 

  Мақсаты Ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру, тілдерін дамыту


Ғ» дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату:

Ға-ға-ға – жаға. Ғи-ғи-ғи – Сағи. Ғу-ғу-ғу – бұғу. Ғы-ғы-ғы – бұғы.

«Ғ» дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталату:

Ғалым – қолғап. Тоғай – шаңғы. Сағыз – торғай. Сағат – қағаз.

«Қ» – «Ғ» дыбыстарын тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш ішінде бекіту

Дидактикалық ойын: «Мамандықты анықта». Шарты: суреттер бойынша мамандық түрлерін анықтап айтады













Сауат ашу негіздері 

 Міндеті:      Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру

Мақсаты өткен тақырыптарды пысықтау


Дидактикалық ойын: «Орамал тастамақ».

Педагог дыбысты айтып, бір баланың үстеліне орамал тастайды. Бала сол дыбысқа сөз

ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек.

Мысалы: «а» алма, «о» оқ, «а» алқа «д» доп, «б» балық, «ж» жапалақ, «с»сағыз, «р»

рауғаш, «у» уық, «к» кілем , «т» тарақ, «қ» қызылша, «ш» шырша, «а» асқабақ, «к» картоп,

«о» ожау, «ж» жаңбыр, «ш» шапалақ, «е» елік, «н» нағашы, «г» Гүлмира, «ш» шалғы, «щ»

щетка, «з» зымыран, «ф» фабрика, «ы» ыдыстар, «п» парта, «л» лақ, «э» элеватор т.б.

Сауат ашу негіздері

 Міндеті       Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру

Мақсаты  алдыңғы оқу қызметтерінде алған білімдерін пысықтау    


Дидактикалық ойын: «Эстафета».

Педагог сөйлемді айтады, оны қайталайды, сөйтіп бірінші баланың алдына текше

немесе кішкене зат қояды, ол дереу бірінші сөзді айтады.

Педагог келесі балаға текше бергенде, ол екінші сөзді айтуы керек ...     



Сауат ашу негіздері

 МіндетіСөйлем құрау, дауысты дыбыстардың түрлерін анықтай отырып, буынға бөлу дағдыларын жетілдіру

Мақсаты  алдыңғы оқу қызметтерінде алған білімдерін

пысықтау   


Ойын: «Сөздер тізбегі»(доппен)

Педагог балаға допты беріп сөз айтады. Бала айтылған сөздің соңғы дыбысына сөз

айтып, допты əрі қарай береді. Сөзді айтқанда бастапқы жəне соңғы дыбысты анық айту қажет.

Сөздер тізбегін айту барысында нені анық айтып, нені мұқият тыңдадыңдар? (Дыбысты)

Мысалы: шар-радио-ожау-уылдырық-қымыз-зəкір-рауғаш-шалма-алма-алтын- нан-

нар-риза-алмұрт-тас-сағат-тарақ-қасық-қант-табақ-қалам-мама-апельсин- нағашы-ыдыс-

семсер т.б.)    

Көркем әдебиет 

Міндеті:  Диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру

Мақсаты əдеби кейіпкерді адамгершілік ережелері

тұрғысынан бағалауға дағдыландыру

Суретке қарап, əңгімеле.

Суреттегі төлдердің көңіл күйі қандай?

Көжекті қандай төлдер құттықтады?

2. Ұйқасын тап.

Дамыл таппай бір мезет,

Жортумен жүр ақ ... . (көжек)

3. Сен досыңның туған күніне не сыйлағың келеді? Суретін сал.

4. «Туған күніңмен құттықтаймын!» деген сөйлемді түрлі екпінде айт. Қалай айтқан

дұрыс?


                                       Үзіліс: Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар «Көршілеріңді ата»


Саусақ гимнастика жаттығулары:

1.Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

2. Піл: оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

3. Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

4. Гүл: қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.








Ойын: «Көршілеріңді ата»
 
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту.
 Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: түрлі суреттер салынған қағаз беті.

Ойын барысы: бұл үшін әр түрлі суреттер салынған қағаз беті пайдаланылады.

1 нұсқа: пеадгог баладан қандай да бір затты атап, оның оң жағында, сал жағында, үстінде, астында не барын атауын сұрайды.

2нұсқа: педагог баладан қағаздың оң жақ жоғары бұрышында ненің суреті барын, беттің ортасында ненің суреті бары, т.с.с. сұрайды.








2 - ұйымдастырылған іс-әрекет



Қоршаған орта

Міндеті:  Туған өлке, ел, Отан оның маңызы туралы білімдерін кеңейту

Мақсаты    Қазақстан – менің туған өлкем»

Мақсаты: балаларды туған өлкесі Қазақстанның табиғатының сұлулығымен таныстыру.

Туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Суретшінің бере білген көңіл - күйді сезіну қабілеттілігін қалыптастыру, табиғаттың әрбір құбылысы өзінше тамаша екендігін сезіну.


Педагогтың әңгімесі:

- Біздің сүйікті Отанымыз Қазақстанның кең байтақ екенін айтамыз. Созылып жатқан кең – дала, биікке аспандап көтерілген таулар, асау толқынын жағаға ұрып жатқан Каспий теңізі, Балқаш көлі, өзендер мен көлдер, шулаған орман мен саябақтар. Жылдың қай мезгілі болса да, осының бәрі адам баласын толқытып қуантады. Бірақ ең негізгісі - туған табиғатымыздың әдемілігін байқай білуді үйрену, оның қайталанбас сұлулығын сезіне білу. Табиғаттың кез - келген бұрышы өзгеше жақсы. Балалар мұқият тыңдайды.

Соңдықтан суретшілер өздерінің шығармаларында қоңыр күзді, гүлдеген даланы, алғашқы қарды, қысқы саябақтардағы гүлзарларды, тағы да басқа көріністерді адам баласының қуануы мен таңқалдыру үшін бейнелейтінін білуге болады.

Ақын М. Әлімбаевтың «Менің – Қазақстаным» өлеңін оқып беру.

Педагог тақтаға А. Черкасскийдың «Қара ағаштар», А. Мамбеевтың «Қиіз үйде», Ә. Қастеевтің «Мұз айдыны - Медеу» атты шығармаларын іледі.

Балаларға қазақ даласының көркемдігін, қазақ халқының киіз үйін, жайлауды қағазға бояу арқылы салдыруды ұсынады. Әр түрлі бояуларды таңдауды, қағаз бетіне дұрыс орналастыруды бақылайды.

Балалар шығармалар туралы, туған өлкенің табиғатты туралы әңгімелеп береді.

  .

Математика негіздері

 Міндеті: Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде);

Мақсаты   кеңістіктік қарым-қатынастарды орнату білігін қалыптастыру


«Қайда барасың, нені табасың?» атты дидактикалық ойынды ұсынады.

Ойын мақсаты: ойын балаларды негізгі кеңістіктік бағыттарды (алға, артқа, оң жақ, сол жақ) анықтау және сөзбен айтуға, заттың кеңістікте орналасуын белгілеу үшін әртүрлі кеңістіктік терминдерді (іші, үсті, арты, асты және т.б.) пайдалануға жаттықтыру үшін жүргізеді.

Ойын барысы. Педагог ойыншықтарды бөлменің әр жеріне тығып қояды. Мысалы: ойын барысы бойынша көзделген орналасу орнының оң жағында аюды, сол жағында шкафтың артына қуыршақты, кілемнің алдына допты, артына мәшинені.

Ойынды бастаудан бұрын педагог балаларға бөлмеде тығылған ойыншықтарды табатындарын хабарлайды. Балалардың бірін шақырып алып, педагог оған былай дейді:

Оң жаққа барсаң, аюды табасың,

Сол жаққа барсаң, қуыршақты табасың.

Алға қарай жүрсең, допты табасың,

Артқа қарай жүрсең, мәшинені табасың.

Қайда барғың келеді?

Бала ойыншықты табады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Бала бағытты ауызша атайды және жасырылған ойыншықты іздейді.

Ойын жағдаятына тартылады. Термин сөздерді атайды, заттарды табады. Балалар ойынға қызығушылық танытады


Математика негіздері

Міндеті  Қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа

Мақсаты:  кеңістіктік қарым-қатынастарды орнату білігін қалыптастыру


Топтық жұмыс.

Балаларды топқа бөлу үшін педагог санамақ ұсынады.

Топтардың әрқайсысына әртүрлі заттар (кестеге ұқсас) бейнеленген жұмыс парақтары таратылады. Педагог ойын жағдаятын ұйымдастырады (ойыншықтарды табуға көмектеседі).

Педагог карточкадағы суреттің орналасуын айтады, мысалы, жоғарғы сөренің оң жағы. Балалар осы жерде бейнеленген затты атайды. Оған керісінше затты атайды, балалар оның да орналасуын атайды


Математика негіздері

 Міндеті Қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа

Мақсаты    кеңістіктік қарым-қатынастарды орнату білігін қалыптастыру


«Үстінде», «астында», ұғымдарын бекітуге педагог 4-тапсырманы орындауды ұсынады. Тапсырманы орындау алдында, практикалық жұмыс жасауға болады. Мысалы, қағаздан жапырақтар мен гүлдерді қиып, оларды бір-бірінің үстіне қояды. Жасаған жұмыстарын талқылайды. Содан кейін балалар дәптерде берілген суреттерді бояйды.

«Фигура қайда жасырынды?» дидактикалық ойыны

Педагог елестетілген шаршының бұрыштары мен қабырғалары және оның ортасында еденге ойыншықтарды жайып қояды.

Жетекші бала кез келген ойыншықты шаршыдан алып, басқа балалардан қай заттың артында, алдыңғы жағында, оң жағында және т.б. орналасқандығын атауға шақырады.

Балалар фигураны атамай, оның орналасуын сипаттайды

Қоршаған орта

Міндеті: -Ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту

 Мақсаты   алалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу, қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.  .


Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма?

Мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауабын айтыңдар.

- Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

- Елордамыз қай қала?

Дұрыс айтасыңдар балалар біз бүгін осы Астана қаласына саяхатқа барамыз.

- Астана қаласына қандай көлікпен барғанды ұнатасыңдар?

Олай болса балалар көзімізді жұмып, екі қолымызды жайып, өзімізді ұшақта отырғандай сезінейік.

Әуен қойылады.

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да.

Ал балалар көздерімізді ашамыз міне арман қала  Астанаға да келіп жеттік. Ендеше Астана қаласының көрікті жерлерімен танысайық.

Ақ орда -Елбасшымыз шетелден келген қонақтарды қабылдап, мәжілістер мен ресми жиындар өткізетін орын.

Бәйтерек -Қазақстан мемлекетінің символы. Дүние  жүзінде теңдесі жоқ,бірегей сәулетті ғимарат. Мұнда келушілер шыны шарда орналасқан жарық әрі кең көру залына понарамалық лифт арқылы көтеріледі. Биіктігі 97м.

 Мынау Бейбітшілік және келісім сарайы.

«Нұр-Астана» мешіті.Қазақстан мен Татарстан Елбасылары қол жеткізген келісімге сәйкес бой көтерген Алланың үйі.



Үзіліс:        Қимылды ойындар «Әуедегі атыс»


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Мен қандай адаммын ?
 Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі 




Ойын: «Әуедегі атыс» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты: Бұл сайыста оқушыларды екі топқа тең бөлесіз. 1-топқа бірыңғай қызыл түс (өз қалауыңыз бойынша да таңдауға болады), 2-топқа жасыл түсті үрленген шар беріп, екі команданың арасын түзу сызық етіп бормен сызып қоясыз. Музыка ырғағымен екі команда өз шарларын қарсылас команда жаққа лақтыру керек. Қай топ жылдам сол жеңіске жетеді.







3     - ұйымдастырылған     іс-әрекет              



Қазақ тілі

 Міндеті:   - Азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен жабдықтау

 Мақсаты     тақпақты зейін қойып тыңдауға, оның ішінен таныс сөздерді табуға жаттықтыру 


Ойын «Асханада». Педагог асхана туралы түсініктеме береді: Асханада аспаз жұмыс істейді. Аспаз тамақ пісіреді. Асханада адамдар тамақ ішеді.

Балалар кезекпен аспаз болады. Балалар тағамға (өздеріне таныс күнделікті тағамдар) тапсырыс береді. Аспаз ол тағамға қажетті азық түлікті таңдап алып атайды.

Мысалы:

– Мен палау жеймін. Палау беріңізші. (Аспаз ет, сәбіз, пияз, күріш суреттерін тауып атайды).

– Рақмет. Палау дәмді болды

Қазақ тілі

 Міндеті -  Туыстық қарым-қатынасты («бауыр», «немере», «шөбере», «ағайын», «туысқан», «жеті ата») білдіретін сөздерді үйрету 

 Мақсаты     ұлттық тағам түрлерімен таныстыру 


Балалар, әже бізге мына қоржынды беріп жіберіпті. Онда не бар екен?

Дидактикалық ойын:«Ғажайып қоржын». Суреттермен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.

Мынау – бауырсақ.

– Мынау не?

– Мынау – бауырсақ (балалар жеке, хормен, жай, жылдам айтады).

– Бауырсақтың дәмі қандай?

Сақ-сақ – дәмді бауырсақ.

Сақ-сақ – жеймін бауырсақ

Мынау – құрт. Құ-ұ-ұрт, құрт. «Құрт» сөзін жеке-жеке айтып жаттығады.

– Мынау не?

– Мынау – құрт.

– Мынау – қымыз. Мынау не?

– Мынау – қымыз.

– Қымыз өте дәмді.

– Қымыздың дәмі қандай?

– Қымыз өте дәмді.

– Мен қымыз ішемін.

– Сен не ішесін?

– Мен қымыз ішемін.

– Мынау – шұбат. Шұ-ұ-ұ-бат.

– Мынау не?

– Мынау – шұбат.

– Шұбат өте дәмді.

– Шұбаттың дәмі қандай?

– Шұбат өте дәмді.

Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.

– Құрт, қымыз сөздерінде бірінші дыбыс қандай?

– «Қ» дыбысы

Сөйлеуді дамыту

 Міндеті:     - Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу

 Мақсаты      Балаларға жайлау өлеңінің мазмұнын түсіндіру 


Қандай домжануарларын білесіңдер?

–Оларды неге домжануарлары деп атаймыз?

–Үй жануарларының адамдарға пайдасы бар ма?

–Ал осы жануарлардың төлдерін қалай атаймыз?

–Төлдер ең алғашында немен қоректенеді?

–Иә, дұрыс айтасыңдар, өз енелерінің сүтімен қоректенеді

–Осы төрт түлік малдың бәрі жазда жайлауда болады.

–Үй жануарлары жазда қайда болады?

–Дұрыс айтасыңдар, жайлау – малға жайлы мекен.

Жаздың күні жайлауда, Қандай жақсы ойнауға. Жүйрік желмен жарысып, Қозы, лақпен табысып, Көл бойында тынығып, Күнге күйіп, шынығып, Жүресің сен жайраңдап, Кең даланы сайрандап,

Жайлау, жайлау – жасыл бақ, Мәз боламыз асыр сап.

–Балалар, жайлау қандай екен?

–Суға шомылып, күнге күйіп шынығуға болады ма екен?

Көркем әдебиет

 Міндеті: Диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру 

Мақсаты   əдеби кейіпкерді адамгершілік ережелері

тұрғысынан бағалауға дағдыландыру     


Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Көлеңкесінен қорқып, безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді. Ол не? (Қоян)

– Балалар, көжек деген не? (Қоянның төлі)

– Көжек қандай болады? (Көжек кішкентай, жүні жұп-жұмсақ, сүйкімді болады)

– Бүгін Ботан Қошымовтың «Ақкөжектің достары» ертегісімен танысамыз.

Ертегі – əдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Ертегіні ойдан, қиялдан шығарады.

Педагог ертегіні оқып, мазмұнын ашады


Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар:

– Ертегі ұнады ма?

– Ертегі не туралы?

– Ертегі қалай аталады?

– Авторы кім?

– Ақкөжекті туған күнімен нелер құттықтап келді?

– Ақкөжектің көңіл күйі қандай болды?

– Достар не істеді?

– Жайлаудан Ақкөжекті құттықтауға тағы қандай төлдер келді? !


Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Міндеті:     - Қазақ халқының сәндік өнері бойынша сурет салу,   көлемді пішіндерді безендеруге үйрету

- Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау

--   ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

- Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу

 Мақсаты-сырмақтың суретін салуүмүсіндеу,жапсыру,құрастыру


Топтық жұмыс










                                                                            Үзіліс: Аз қимылды ойындар «Жалауша» 


« Өкпені еріту » жаттығуы              

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз . Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз 







Ойын: «Жалауша»
 Ойынның мақсаты: жарысып тез жүгіруге,қарсыласынан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру. 
 Керекті құралдар: ысқырық,жалауша,бор,таяқша. 
 Мазмұны.
 Сыныптағы балалар санау арқылы екі командаға бөлінеді.Олар ойын алаңының екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп тұрады.Ойыншылардың дәл ортасынан диаметрі 1 метрлік шеңбер сызылады.Шеңбердің ортасына жалауша тігіледі.Жалаушаның қасында қолына ысқырық ұстаған ойын жүргізуші тұрады. 
 Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншылар тез жүгіріп келіп, жалаушаны алдымен алуға тырысады.Егер ала алса, ол ойыншы команда есебіне ьір ұпай қосады. 
 Ал шеңберге екі бала да қатар келсе, олар өте сақ болулары керек, өйткені қай ойыншыға қарсыласының қолы бұрын тисе, оның жалаушаны алуға қақысы жоқ. 
 Ойын осылай бірнеше рет жүріп,жеңіске жеткен команда анықталады. 
 Ойынның ережесі.
 1.Ойыншылар тұрған қатарларынан бір мезетте шығуын мұқият қадағалау қажет. 
 2. Шеңбердің сызығын басуға болмайды. 
 3. Шеңбер ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді. 
 Әдістемелік нұсқаулар.
 Ойын қызықты өту үшін командаларды бір түзудің бойына тұрғызу керек. Ойын жүргізуші етіп сабаққа қатыса алмайтын оқушыларды немесе арнаулы төрешілерді тағайындауға болады. 
 
 


4     - ұйымдастырылған іс-әрекет



Дене шынықтыру

Міндеті: - Допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр

Мақсаты  Бала ағзасының кинестикалық (қимылды сезу) және кеңістіктік (ағзаның бөліктерін сезіну) факторларын, ұсақ моториканы қалыптастыру


«Жаңылысқан ұтылады»

«Доп» тақтайшасын көрсеткенде секіре жөнеледі, «тас» тақтайшасын көрсеткенде арқасын дөңгелетіп отыра қалады, «тырна» тақтайшасын көрсеткенде бір аяқпен тұра қалады.

Топтарға бөлініп, негізгі жаттығуларды орындау.

Қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыру керек. Топтардағы бастаушылардың дұрыс ауысып тұруын қадағалау.


Арқанмен айналмалы жаттығуалар

1.Қайтпас қайсарлар» Арқандармен қырындап жүру.

Аяқ басы еденде, өкшелерін арқан үстіне басып, қырындап жүру.

Арқан үстіне аяғының өкшелерін қойып, аяғының басын жерге қойып, дұрыс жүруін қадағалау.

Музыка

Міндеті:  - Дидактикалық                ойындар  арқылы балалардың есту қабілеттерін арттыру

Мақсаты   Дидактикалық ойындарарқылы балалардың есту қабілеттерін арттыру:


Музыка тыңдау:

«Айды әперші, апатай» (Е. Өміров)

Ән айту: «Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді би» (И. Штраус)

Би шығармашылығы:

Өз беттерінше би ойлап шығару.

Ойындар, хороводтар:

«Қанша дыбыс» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко)

Дене шынықтыру

Міндеті:. Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру

Мақсаты -   Бала ағзасының кинестикалық (қимылды сезу) және кеңістіктік (ағзаның бөліктерін сезіну) факторларын, ұсақ моториканы қалыптастыру


3.«Мың бұралып майысқан» – арқан төмендеген сайын, арқасын артқа шалқайтып тартылған арқаннан өтіп кетуде күш сынасады.

Топтарға бөлініп, ең аласа бойы бар баламен өлшеп тартылған арқанның астынан өтеді.

Тепе-теңдікті сақтап, артқа қарай тек қана арқанның тұсына келгенде қайырылып өтуге машықтанады.


Қимыл-қозғалыс ойыны: «Арқаннан секіру»

Ойыншылар шеңбер құрып тұрады. Шеңбердің ортасында бастаушы тұрып алып, арқанның бір ұшынан ұстап екінші ұшын жерге домалата отырып, айналдырады. Айналдыруды баяулап, тездетіп тұрады.

Айналдырып тұрып, ойыншыларғы тигізуге тырысады. Ойыншылар аяғының дәл астына келген сәтте арқаннан секіріп, аяғын алып қашып үлгереді




 .


Дене шынықтыру

Міндеті: -  Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею

Мақсаты  Допты себетке дұрыс лақтыруға, бастапқы қалыпқа тұруға, аяқты жазып барып доп лақтыруға дағдыландыру


Себетке доп лақтыру.

Допты кеуде тұсында ұстап, төменнен доға сызады. Саусақтары жазылып, сермейді.

Баскетбол қалқанынан 2 метр қашықтықта тізбектерге тұрады. Бастапқы қалыпқа

дұрыстап тұрады. Аяқтарын тізеден аздап бүгеді. Аяқтарын иық деңгейіне қойып, бір аяғын аздап алдыға шығарады.

Денесі алдыға итеріліп, бар салмақ екі аяққа бөлінеді.

Қолдар шынтақтан аздап бүгіліп, кеуденің тұсында тұруы керек.

Допты бір орында тұрып, екі қолмен кеудеден себетке лақтырады.

Музыка

 Міндеті      -  Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу

 Мақсаты      Дидактикалық ойындар арқылы балалардың есту қабілеттерін арттыру.


 Музыка тыңдау:

«Айды әперші, апатай» (Е. Өміров)

Ән айту: «Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді би» (И. Штраус)

Би шығармашылығы:

Өз беттерінше би ойлап шығару.

Ойындар, хороводтар:

«Қанша дыбыс» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко)







Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 









Серуен



Сәуір

Серуен-Бақылау  №13

Бақылау: Бұлттарды бақылау

Мақсаты: әлемді жалпы түсінудің негізі ретінде жер мен аспанды біртұтас деп ұғынуды қалыптастыруды жалғастыру

Бақылау барысы

Көркем сөз «Бұлт» 

Ә. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы,

Біле алмадым мұны әлі.

Білерім көк аспанның

Бұлт көшпелі бұлағы.

Тәрбиеші балаларға сұрақ береді.

  • Аспанға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?
  • Бүгінгі бұлттар қандай?
  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін қар немесе жаңбыр жауады ма?
  • Бұлт қай бағытқа жүзіп барады


Еңбек

Бүлдіршіндердің     алаңындағы сырғанақ құрылысының орнын тазалауға көмектесу

Мақсаты: бірлесіп жұмыс істеуді, жасалған жұмыстан рахат алуды үйрету. Кішкентайларға көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу.


Сәуір

Серуен-Бақылау  №14

Бақылау: Күнді бақылау

Мақсаты: күн энергиясының адамдар, өсімдіктер және жануарлар өміріне  әсері туралы білімдерін бекіту.  

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.       (күн)

Алауға оранып,

Көкке өрлеп шығады.

Бір айналып оралып,

Көкжиекке бұғады.          (күн)

Күн биікке көтерілген сайын, күн жылы әрі ұзақ болады. Күннің жылуынан қар ериді, жер жылиды. Шөптер өсе бастайды. Ағаштар бүршік жарады. 

*Табиғатта тағы қандай өзгерістер болады?

*Күн қай жақтан шығады?

*Қай жаққа батады?

*Жарқырап тұрған күнге тура қарауға бола ма?

*Неге?

Зерттеу қызметі

Ағаш, пластмасса, металл заттарға қол тигізіп қарау, қайсысын күн көп қыздырады? 

Қандай заттар тез қызады, қоңыр түсті ме, әлде ашық түсті ме? 

Күннің көзіне ұзақ уақыт қандай заттың көмегімен қарауға болады? (қоңыр түсті әйнекпен)

Еңбек 

Ойын алаңы айналасындағы жолдарды тазалауға аула тазалаушыға көмектесу..

Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген  ынталарын дамыту. 



Сәуір

Серуен-Бақылау  №15

Бақылау: Желді бақылау 

Мақсаты: 

- жел туралы түсініктерін бекіту;

- жел түрлерін есте сақтау.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ағаштарды шайқайды, 

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады. Сұрақтар қояды:

  • Желдің қандай түрлері болады?
  • Жел неге соғады? 

Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал, суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының  айырмашылығына байланысты. Ауа массасы барынша тез қозғалған сайын, желдің күші де соншалықты қатты болады. Желдің бағытын анықтаумен айналысатын адамдарды метеорологтар және синоптиктер деп атайды.

♦Барынша қатты желдердің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран.)

♦ Әлсіз желді қалай атайды?(«самал жел» деп атайды) 

♦Желдің ізін көруге болады ма? 

Зерттеу жұмысы

Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Флюгердің көмегімен желдің күшін анықтау. Еңбек Гүл өсіретін (клумба) алаңды дайындау

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау. 



Сәуір

Серуен-Бақылау   №16

Бақылау: Топырақты бақылау

Мақсаты: торф топырағының қыртысымен таныстыру  

Бақылау барысы

Біздің айналамызда шалшық көп. Ал, шалшықтар торфқа (шымтезек) бай болады. Торф-бұл әрі тыңайтқыш, әрі отын.ол қатты қызған кезде тез тұтанады. Торф дымқыл, жабысқақ, көктемде ылғал кезінде ол ауыр. Ол суды нашар өткізеді, егер ылғал торф үстімен өтсең, ол аяқкиіміңе жабысып қалады. Сондықтан да бұндай соқпақпен (жолмен( жүрмеген дұрыс. Торфты атызға (жүйек) және ағаш түптеріне тыңайтқыш ретінде қосады..

Зерттеу жұмысы

Торфтың құрғақ және ылғал  кесектерін салыстыру.

Құммен торфты салыстыру;

Жер қыртысы қай жерде тез кебеді.

Еңбек 

Ағаш түптері мен атызға торф тасу. 

Мақсаты: торфтың пайдалы қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау. 

Қимылды ойын

«Аққу-қаздар».

Мақсаты: берілген кеңістікте белгі бойынша қашқандарды қуып жету, ойын шартын сақтау. 

Жаттығу ойыны

Секіргіш жіппен жаттығу ойындары.

Мақсаты: секіргіш жіпті алға, кері айналдыра отырып секіруге үйрету. 


 .

Сәуір

Серуен-Бақылау  №17

 Бақылау: Жәндіктерді бақылау

Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау; 

  • Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету. 

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

-Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)

-Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады.

Бұл қандай бүлік дой?     (маса) 

-Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. 

Бұл не?  (шыбын)

-Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер.     (құмырсқа)

-Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді.  (өрмекші)

Тәрбиеші сұрақтары.

♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)

Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер(көбелек, құрт т.б)

  • Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар) 
  • Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)
  • Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)
  • Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).
  • Қандай пайдалы жәндік орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)
  • Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды) 
  • Зерттеу жұмысы

Қанқызын тауып, оның атын атау.

Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.

Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. 



Серуеннен оралу

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру



Балалармен жеке жұмыс

Жеке жұмыс

Жаңылтпаш айту:  

«Ала бұлт ақ па,

Ақ бұлт ақ па?

Ала бұлт ақ емес,

Ақ бұлт ақ»

«Анау арал қай арал,

Қайыңды арал, талды арал»

Жұмбақ: 

Етек-жеңі жиналмай,

Дауыл тұрса дым қалмай,

Түйдектеліп көшеді,

Тоз-тоз болып өшеді.   (бұлт)

Мақал-мәтел:

 Сәуір болса күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

Сәуірдегі жауын-сауып тұрған  сауын

Қауіпсіздік ержелеріне үйрету

Мақал-мәтел: Жері байдың-елі бай.

Қара жерге де, қамқорлық керек


Бағдаршамнын нақты қызметін үйрету


Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

Қимылды ойын «Үйсіз қоян». 

Мақсаты:

—бір-біріне соқтықпай жүгіре білуді үйрету;

— жылдамдыққа және шыдамдылыққа 

тәрбиелеу.

Қимылды ойын «Күн мен түн».

Мақсаты:күн мен түннің айырмашылығы жайлы білімдерін тиянақтау, берілген белгі бойынша әрекет етуге баулу.  

Жаттығу ойыны Орнында тұрып ұзындыққа секіру. 

Мақсаты:секіре білулерін, күштері мен көз өлшемдерін дамыту.

Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту. 

Жаттығу ойыны     Бір-біріне доп лақтыру. 

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту. 

Халық болжамы. Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.

Қимылды ойын

«Аққу-қаздар».

Мақсаты: берілген кеңістікте белгі бойынша қашқандарды қуып жету, ойын шартын сақтау. 

Жаттығу ойыны

Секіргіш жіппен жаттығу ойындары.

Мақсаты: секіргіш жіпті алға, кері айналдыра отырып секіруге үйрету

Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».

 Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу. 

Жаттығу ойыны:     Қимылдарын дамыту. 

Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту. 

Халық болжамы: күзде құмырсқа илеуі биік болса, қыс ұзақ әрі қатты болады.


Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

  Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 
 


Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.















































                                                                         Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  Құрөзек

Мектепалды даярлық О  сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1V-апта        сәуір     2023-2024 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу


Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес , әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Родителям балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту


Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

«Әдебиет орталығы»

«Тату доспыз бәріміз» тақырыбында сурет арқылы жұмыс жүргізу. Суретке қарап, әңгімелер құрайды.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз!

Өнер орталығы: әр ұлт өкілдерінің суретін салады.



 Д/ойын: 

«Керісінше айт»

Мақсаты:

Балалардың сөздік қорына антоним сөздерін енгізу (жылы- суық, ыстық- суық, жарық -қараңғы және т.б.); айналаны қоршаған ортаны терең түсіне білу.



«Бауырмал халық» Боямақпен жұмыс.
 Мақсаты
Қазақ халқы бауырмал халық. Біздің елімізде тұрып жатқан орыс, корей, түрі т.б. халықтар біздің жерімізден жер беріп, жылы құшақпен қарсы алған.

Суретте берілген қазақ, орыс, өзбек, татар халқының ұлттық киімінің ерекшелігін айтып, сәйкес түспен бастырып, бояуды ұсынамын.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.


Үстел- үсті ойын: «Пазлдарды құрастырамыз» «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мақсаты:конструктормен,есептеу таяқшалармен өз еркімен құрастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көліктер жайлы әңгімелесу.



Д/ойын: «Достық»

Мақсаты

1 мамыр- Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; 

Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.


Ертеңгілік жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 12


 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Мнемосхемамен 

«Дос»туралымақал-мәтелдер

Доссыз өмір-бос.

Жүз сомың болғанша, Жүз досың болсын.


«Достық үйін құрамыз»

Дөңгелене тұрамыз,     

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.


«Болмасын еш тосқауыл»
 
Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос, бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.


«Күлімде, Күн,

күлімде»

Күлімде, Күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.


«Ағайынбыз бәріміз!»

Ақпыз, қара, сарымыз,
 Ағайынбыз бәріміз.
 Ортақ болсын асар тау,
 Жеміс толы бақша- бау.
 Болсын жер мен су ортақ,
 Болсын бізге ну ортақ.
 Ақпыз, қара, сарымыз,
 Ағайынбыз бәріміз!


Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ


                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Сөйлеуді дамыту  

Міндеті Сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру

Мақсаты Балаларды домжануарларына қамқор болуға тәрбиелеу


Дидактикалық ойын:

«Таңдап ал да, дауысын сал».

Ойын шарты: Дәптер бойынша орындалады. Дәптердегі тапсырма орындалады.Үй жануарларының суретін таңдап алып, дауысын салып береді











Сауат ашу негіздері                   

 Міндеті: -Сөзде түсіп қалған тиісті дыбысты табу, қандай да бір дыбысқа сөз құрау секілді тапсырмалар арқылы сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру

Мақсаты Сызбаға сəйкес сөйлем құрауға, сөздер ішінен

мағынасына қарай артық сөзді таба білу дағыларын

жетілдіру.


Педагог: Балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Мен бір тақырып айтамын

сендер сол тақырыпқа байланысты ғана сөздерді буынға бөлулерің қажет. Мысалы: киімдер,

гүлдер, сандар т.б. Кім көп сөз айтып, буынға бөлсе, сол жеңімпаз болады (сөз айтып, буынға

бөлген балаға жұлдызша беріліп отырады).

Жұлдызшаны санау арқылы жеңімпаз анықталады.

Сауат ашу негіздері

 Міндеті     Дыбыстық талдауды жасауды үйретуді жалғастыру

Мақсаты  дыбыстық талдауды жасауды үйретуді

жалғастыру.


 Дидактикалық ойын: «Қағып ал»

– Мен сендерге сөздің бірінші дыбысын айқынырақ айтып, допты лақтырамын. Сендер

мен айқынырақ айтқан дыбысты қайталап допты өзіме лақтырасыңдар  Мысалы: қққасқыр(қ), ееетік(е), тттүлкі(т), өөөрік(ө), бббалық(б), сссағат(с), ааалқа(а),

жжжаз(ж), ммоншақ(м), қққоңыз(қ), қққолшатыр(қ), бббілезік(б), жжжұлдызша(ж),

ооотын(о), қққарға(қ), сссазан(с), шшшахмат(ш), тттау(т), кккерік(к), əəəтеш(ə), ееесек(е),

тттүйе(т), мммандарин(м), қққобыз(қ), сссандық(с), тттекемет(т), ееер(е), үүүзеңгі(ү),

ааарба(а) т ...  



Сауат ашу негіздері

 Міндеті   -Буынға буын қосып, сөз құрауға жаттықтыру арқылы сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.

Мақсаты  Буынға буын қосып, сөз құрауға жаттықтыру арқылы

сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру


Дидактикалық жаттығу: «Буындардан сөз құра»

– Балалар, мен буындар айтамын сендер сөз құраылатындай екінші буынды айтуларың

керек.

Мысалы: Мақ-та, жапа-лақ, дəп-тер, кар-топ, жыл-қы, ма-са, көбе-лек, домбы-ра, арыс-

тан, қо-ян, май-мыл, жану-ар, жаң-быр, шал-бар, қыза-нақ, қырық-қабат, даң-ғыл, қоңы-рау,

мек-теп, шал-қан, зымы-ран, тек-ше, теле-фон, жұл-дыз, қо-раз, қо-быз, қылқа-лам т.б.

– Балалар, сендер балабақшаға келе жатқанда жолда, нелерді немесе кімдерді

көресіңдер? Айтып беріңдерші 

Көркем әдебиет 

Міндеті: Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту   

Мақсаты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы

түсінігін қалыптастыру

Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

Атасы мен немересі не туралы сөйлесіп отыр?

Жайлаудан қандай жануарларды көріп тұрсың? Ата.

2. Не артық? Қоршап сыз.

3. Киіз үйдің суретін сал.

4. Жұмбақты шеш.

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиhазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (Киіз үй)


                                                                                   Үзіліс:


Дидактикалық ойын: «Кім болғым келеді?»

Мақсаты: Мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.Олар қандай заттармен қолданатыны жайлы түсінік беру.

Ойынның шарты:Тәрбиеші картиналарды көрсете отырып,былай деп сұрайды, «Дәрігер не істейді? Жүргізуші не істейді? Мұғалім не істейді? Тігінші не істейді?» Балалар қай мамандық иесі екенін қандай құралдармен жұмыс істейтін жайлы айтады.

Ықтимал күрделендіру:тез ойла

Ойынның нұсқаулары:Балаларға мамандық иелерінің суреттері таратылып беріледі.










Ойын: «Оюларды құрастыр»

Мақсаты: Қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы балаларға түсінік беру. Ою-өрнектің түрлерімен таныстыру, ою-өрнектерді құрастыра білуге, түстердің үйлесілімділігін үйрету.Танымдық қабілеттерін арттыруБалалар өз елін, халқын сүюге қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.Ұлттық мақтаныш сезіміз ояту.Эстетикалық талғамын ұштау.

Қолданатын көрнекіліктер: Оюлардың қиылған суреттері

Ойын шарты: Қазақтың ұлтық әр түрлі оюлармен сәндей білу,оюларды құрастырып аттарын атау.








2 - ұйымдастырылған іс-әрекет



Қоршаған орта

Міндеті: Тірі және өлі табиғаттың маңыздылығын түсіну  

Мақсаты  Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл — ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту.     

  .

Табиғат ананың хаты

Сәлеметсіз бе балалар! Мені барлық балалар жақсы біледі. Балалар осы «Өлі және тірі табиғатты» жайлы айтып беріңдерші, оларды зерттеп, санап, түрлерін атап, «Өлі және тірі табиғатты»     жайлы қызықты ертегі әңгімелеп беріңдерші.

– Ал, балалар Табиғат ананың тапсырмасын орындаймызба?

Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір — біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат. (Балалардың тәжірибе жасауы)

3) Ойын — ойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)

Табиғат туралы мақал — мәтелдер:

Таза болса табиғат

Аман болар адамзат.

Туған жердің суы тәтті

Топырағы да ыстық

Математика негіздері

 Міндеті: Алған дағдылары мен білімдерін жүйелеу және бекіту   

Мақсаты   алған дағдылары мен білімдерін жүйелеу және бекіту.


осыған дейін не үйренгенімізді еске түсіреміз. Білімдерімізді жүйелеп көрсетеміз. Балалар жарысқа деген қызығушылықтарын көрсетеді. Топтарға бөлінеді: біріінші команда Әлияның командасы, екінші команда Сырымдікі


тапсырма.

Тақтадағы нүктелері бар жұпты – шаршылар карточкаларын қараңдар.

Карточкаларды қарайды жұптасу жолын анықтайды, соңғы карточканы толықтырады.

– Тақтадағы фишкаларға қараңдар.

– Олардың ұқсастығы қандай?

– Айырмашылығы неде?

– Соңғы карточканы толықтыр.

Балалар карточкаларды қарайды, жұптастыру принципін анықтайды, соңғы суретті салады: біріншісінде - бір нүкте, екіншісінде - 6 нүкте   







Математика негіздері

Міндеті     10 көлемінде тура және кері санау, геометриялық пішіндер мен денелер атауын бекіту

Мақсаты:  алған дағдылары мен білімдерін жүйелеу және бекіту.


Топтар хормен тура және кері санайды. Бір санды аттап санайды. Балалар дауыстап тура және кері санайды, топтар бір саннан аттап санайды


Суретті қараңдар. Неше пішін? Оларды атаңдар.

Пішіндерді қарайды, шаршы екенін анықтап, санайды.


Математика негіздері

 Міндеті Есеп шығару, заттарды салмағы бойынша салыстыру біліктерін бекіту

Мақсаты  алған дағдылары мен білімдерін жүйелеу және бекіту.  


Суретке қарап есептер құрастырып, мысалдар жазыңдар.







Қоршаған орта

Міндеті:  Өсімдік жапырақтары, сабақтарының қозғалуы, гүлдердің күн шыққанда жапырақтарының ашылуы және кешке жабылуы бақылау 

 Мақсаты  Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір-бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңда 


(Ыдысқа пияз отырғызу)

Пияз туралы балаларға түсінік беремін.

Біздің табиғат бұрышында көптеген әдемі, әсем гүлдер өсіп тұр бірақ соның ішінде денсаулыққа пайдалы пияз жоқ, сондықтан біз бүгін сендермен ыдысқа пиязды отырғызамыз деп, балаларға пиязды егу тәсілін көрсетемін.           

    Ең алдыменен мына ыдысқа жер саламыз, одан кейін пиязды саламыз да, жермен жабамыз. Енді су құямыз, осы кезде1-2 баланы пиязды егуге шақырамын.

Көрдіңдер ме балалар, тірі табиғат өлі табиғатсыз өспейді.     1-2 бала шығып пияз егуге көмектеседі.       

    Біздің пиязымыз өсу үшін не керек екен?

Енді еккен пиязымызды терезенің алдына қойып, күнде кезекпен суғарып, өсуін бақылып отырамыз.

Өздерін бағалау    Су, жер керек.       

    Балалар, мына шырша жай тұрған жоқ?

Балалар сендердің алдарыңда жұлдызша және дөңгелек пішіндер тұр. Бүгін сабаққа өте жақсы белсенді қатыстым деген бала жұлдызшаны, ал орташа қатыстым деген бала дөңгелекті шыршаға іледі. Қане балалар өздеріңді бағалап көріңдерші,- деймін.    Балалар тақтада ілініп тұрған шыршаға  не жұлдызшаны болмаса дөңгелекті алып іледі.       

    Қараңдаршы балалар, шыршамыз қандай әдемі болды, деймін де сұрақ – жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылаймын. 



                                                                                                    Үзіліс:     


Саусақ ойыны: « Тасбақа» 

Мақсаты: Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді.

саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау, қолмен орындау.

1.Тасбақа

Тасбақа, тасбақа,

Тас астында тұрады.

Басын баяу шығарып,

Тиіссең кері тығады.



Жұдырықты түйіп, бас бармақты шығарады да, тасбақаны бейнелейді.. Өлең мазмұнына қарай саусақты кері жасырады. Осы тектес келесі өлеңдерге де қимыл жасауға болады.

Фонетикалық жаттығулар 

Мақсаты: Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.

1.Баудағы кім?

Ара болсаң, ызыңда

З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж

Жұмыс істе, тығылма.

- Ара қалай дыбыстайды?

(з- з-з) - қатты\жай



 2.Жыланның ысылы.

Жылан қалай дыбыстайды?

Ыс-с—ыс-сссс....



3.Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды.







Психологиялық ойын:

Ойын: «Тыныштықты жақсы көретін патша»

Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Ойын шарты: 

Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл - күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
 Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш - ш - ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш - ш - ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
 "Қисық сурет" атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.





Аз қимылды ойын:

 Ойын: «Қуғыншыдан құтқару»

Мақсаты:балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту. 

Ойын шарты: 
 Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы» сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады. 
 Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала қолын жоғары көтеріп: «Мен қуңыншы»! – деп айқайлайды да, балаларды қуа жөнеледі. 
 Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп , қуғыншы болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады. 
 Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін : қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп өтсе; 
 Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе; 
 Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны қуады. 
 Ойынның ережесі:
 1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады. 
 2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады. 
 Әдістемелік нұсқаулар. 
 Бүл ойынды ұйымдастыру үшін алаңды дұрыс таңдаған жөн. Ойыншылар жүгірген кезде бір-біріне немесе басқа заттарға соғылып қалмау үшін қадағалау керек. 
 Ойын қызықты өтуі үшін ойынныі мазмұнына әртүрлі қосымша тапсырмалар енгізуге болады. 
 Бір ойында бір қуғыншы ғана емес, бірнеше қуғыншы сайлауға болады. 
 Ойынның педагогикалық маңызы. 
 Ойынның педагогикалық маңызы өте зор. Ойыншылар жолдастықты іс жүзінде көрсете алады. Достары көп болғанның пайдасын көреді.Қауіптен қорықпай, қиыншылыққа қарсы тұруға дағдыланады. 
 Ойын барысында ойыншылар жүгіру жаттығуларын орындау тәсілдерін жетілдіреді. Өз қимыл –қозғалысын өзгелермен үйлестіруге үіренеді. Шапшаң, епті қимылдауға жаттығады. 
 
 







3     - ұйымдастырылған     іс-әрекет              



Қазақ тілі

 Міндеті:      Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру,-

 Мақсаты   ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, сөздерін мәнерлеп жеткізе білуге үйрету


Балалар, аналарың нанды қайдан алады? Дүкенге нан қайдан келеді білесіңдер ме?

Педагог «Нан қайдан шығады?» (М. Етекбаев) ертегісін балаларға ұсынады.

Иллюстрациялар көрсетіле отырып, ертегі оқылады.

Ертегі не туралы?

Жаңа сөздермен таныстыру.

– Мынау – сатушы. Са-ту-шы.

– Мынау кім?

– Мынау – сатушы.

– Сатушы нан сатады.

– Сатушы не істейді?

– Сатушы нан сатады.

– Мынау наубайшы. Нау – бай - шы.

– Мынау кім?

– Мынау – наубайшы.

– Наубайшы нан пісіреді.

– Наубайшы не пісіреді?

– Наубайшы нан пісіреді.

– Мынау – бидай.

– Мынау не?

– Мынау – бидай.

– Мынау – диірменші.

– Мынау кім?

– Мынау – диірменші.

– Диірменші бидайдан ұн жасайды.

– Диірменші бидайдан не жасайды?

– Диірменші бидайдан ұн жасайды.

– Мынау – ұн.


Қазақ тілі

 Міндеті -  Өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыр 

 Мақсаты   сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, домжануарлары мен төлдерін топтай алуға жаттықтыру,


 Үнтаспадан жануарлардың дауыстары естіледі.

– Балалар бұл ненің даусы? Мәтін оқу. «Адам жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысықты күтіп-баптап өсіреді. Сол үшін домжануарлары деп аталады. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқы –

көлік, оны арба мен шанаға жегеді. Жылқының сүтін ашытып, қымыз жасайды. Қымыз – сусын. Сиыр, қой, түйе, ешкінің сүті мен еті – тамақ. Қой, түйе, ешкі жүнінен киім және тағы да басқа тұрмыстық заттар жасалады». – Мәтінде қандай таныс сөздер бар? – Қой, түйе, сиыр, ешкі, жылқы. – Үй жануарларының пайдасы қандай? – Үй жануарларының еті мен сүті бізге тамақ болады. Жүнінен киім т.б. заттар жасалады. – Адамдар домжануарларын қалай күтеді? – Адамдар қойға, түйеге, сиырға, ешкіге, жылқыға шөп, су береді

Сөйлеуді дамыту

 Міндеті:  - Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту

 Мақсаты   ал5ан б3л3мдер3н пысы0тау


 Таңдаған ертегіні сахналау 

Көркем әдебиет

 Міндеті:  Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

Мақсаты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы

түсінігін қалыптастыру      


Киіз үйді, киіз домішіндегі жиһаздардың, киіз, текемет суреттерін көрсету.

– Суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Бүгін қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз домтуралы əңгімелейміз. Киіз дом–

ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Киіз домкөшіп-қонып жүргенге өте қолайлы.

Киіз домтегіс, су баспайтын құрғақ жерге тігіледі. Қыста жылы, жазда салқын. Үйдің

жабулары киізден жасалғандықтан, «киіз үй» деп атаған.

– Бүгін біз ақын Қастек Баянбайдың «Киіз үй» өлеңімен танысамыз.

Өлең – əдеби жанрдың бір түрі. Айырықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.

Педагог өлеңді мəнерлеп оқып береді

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:

– Өлең саған ұнады ма?

– Авторы кім?

– Өлең қалай аталады?

– Өлеңде не туралы айтылған?

– Киіз үйдің пішіні қандай?

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:

– Өлең саған ұнады ма?

– Авторы кім?

– Өлең қалай аталады?

– Өлеңде не туралы айтылған?

– Киіз үйдің пішіні қандай? 

 !


Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Міндеті:     - - күрделі пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты көре білуге үйрету, әуе ұшақтары, аспан планеталары туралы білімдерін жетілдіру

-- Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау

- Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

- Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу

 Мақсаты –ұшақ суретін салуүмүсіндеу,жапсыру,құрастыру


Топтық жұмыс













                                                                            Үзіліс: 


Сюжетті - рөлді ойын: «Тігінші»

Мақсаты:Балалардың тіл байлығын дамыту, сурет бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру. Балалардың коммунактивті дағдыларын арттыру, бір - бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
 Көрнекіліктер: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керек заттар(ине, метр, қайшы, жіп), іс машинасы, киім үлгілері, маталар.
 
 Ойын  барысы:
 Ұйымдастыру кезеңі.
 Өнерім қол ұшында,
 Боламын мен тігінші
 Тігіншінің ішінде,
 Бас бармақтай бірінші.
 Ойын: «Дұрысын тап»
 Мақсаты: Мамандықтарға байланысты киім үлгілерін бір - біріне үйлестіру.
 Тәрбиеші: Балалар әр мамандық 
иелері өздеріне сай киім киеді. Дәрігерлер ақ қалпақ пен халат кисе, ал құрылысшылар каска мен үстеріне арнайы халат киеді. Суреттегі киім үлгісі кімге лайықты екенін табыңдар.
 Балалар өздері ойлап, белгілей бастайды, сызады.
 Тәрбиеші: Балалар аспазшы не киеді?
 Шаштараз не киеді?
 Балалар белгілеп береді.
 - Ендеше, сендер түсінген боларсыңдар. Бұл - ойынды біз не үшін ойнағанымызды түсіндіріңдер. Бүгін біз қандай ойын ойнайтынымызды білдіңдер.
 Ойын:«Тігінші»
 Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
 
Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
 Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айсара өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Диляра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Сәния болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.






Артикуляциялық жаттығулар:

Ойын:« Часы» «Сағат»

Мақсаты: Тілдерінде артикуляциялық кемістігі бар балалармен үзбей күнделікті жасау арқылы біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз. Сабақ үстінде, ойын кезінде қадағалап балалардың тілін дұрыс дамуына бағыт беру.

Ата – аналармен бірлесе қарым – қатынас жасай отырып ортақ мақсатымызға жетеміз.
 • «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау керек.
 • «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
 «Дәмді тосап»
 Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
 Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
 Әдістемелік нұсқау. 

1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере. 

2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.

 3. Тіл оңға - солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.

 4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя - пя - пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.









4     - ұйымдастырылған іс-әрекет



Дене шынықтыру

Міндеті: -   -Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру

Мақсаты    Гимнастикалық баспалдаққа өрмелеп, сатыдан-сатыға ауысу дағдыларын дамыту


Гимнастикалық қабырғаға қиғаш өрмелеу. Қол мен аяқтың қимылын үйлестіру. Гимнастикалық қабырғамен жоғары өрмелеп, төмен қарай қиғаш түсу.

Қолмен сатылардан ұстап алып отырады. Сосын аяқтарын сатыларға қояды.

Қолды дұрыс қойып ұстау. Төрт саусақты үстінен, бас бармақты астынан қойып ұстайды.


Музыка

Міндеті:  - Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту  

Мақсаты  Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту.:


Музыка тыңдау:

«Көкек» (Х. Мұхамедова)

Ән айту:

«Көктем» (А. Жайымов)

«Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Құстар» (Т. Ломова)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Не қалай шақырады?» (Музыкалық-дидактикалық ойын) Музыкалық аспапта ойнау:

«Ұйықташы, бөпешім»

(В. Агафонников)

Дене шынықтыру

Міндеті:.  -3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды). 

Мақсаты -   Қимыл әрекеттердің еркін орындалуын, себетке допты аяқты бүгіп, жаза келе дәлдеп лақтыруды, бастапқы қалыпқа дұрыс келе білуді үйрету

 Баскетбол себетіне доп лақтыру.

Допты кеуде деңгейінде ұстап, балалар қолдарын өзіне қарай төмен айналдырып, сосын түзете жазып жоғары көтереді де, қолының басы мен саусақтарын ашып, итерген қимыл жасайды. Доптан көзін алмай, шынтақтарын екі жаққа жібермей, жинап ұстайды.

Баскетбол қалқанынан 2,5 метр қашықтықта тізбектерге тұрады. Бастапқы қалыпқа

дұрыстап тұрады. Аяқтарын тізеден аздап бүгеді. Аяқтарын иық деңгейіне қойып, бір аяғын аздап алдыға шығарады.

Денесі алдыға итеріліп, бар салмақ екі аяққа бөлінеді.

Қолдар шынтақтан аздап бүгіліп, кеуденің тұсында тұруы керек. Допты бір орында тұрып, екі қолмен кеудеден себетке лақтырады.

Дене шынықтыру

Міндеті: -  Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет);

Мақсаты  Қимыл әрекеттердің еркін орындалуын, себетке допты аяқты бүгіп, жаза келе дәлдеп лақтыруды, бастапқы қалыпқа дұрыс келе білуді үйрету


Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тұзақ»

Ойыншылар бірінің ішінде бірі орналасқан екі шеңберге тұрады. Екі шеңбер екі бағытта қозғалады. Бастаушының белгісімен екі шеңбер бір уақытта тоқтап, ішкі шеңбердегі балалар      қолдарын   жоғары   көтеріп,      «қақпа»   жасайды.   Сыртқы      шеңбердегі   балалар

«қақпадан»  бір  кіріп,     бір  шығып  жүреді.     Бастаушы  тағы  белгі     бергенде  ішкі  шеңбер

«қақпаны» күрт жабады да, шеңбер ішінде қалып қойған балалар тұзаққа түседі. Олар енді ішкі шеңберге қосылады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Өзін-өзі уқалау:

«Балақан, қандай жақсы алақан!»

Музыка

 Міндеті      -  Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру

 Мақсаты      . Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту.


 Музыка тыңдау:

«Көкек» (Х. Мұхамедова)

Ән айту:

«Көктем» (А. Жайымов)

«Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Құстар» (Т. Ломова)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Не қалай шақырады?» (Музыкалық-дидактикалық ойын) Музыкалық аспапта ойнау:

«Ұйықташы, бөпешім»

(В. Агафонников)






Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 









Серуен



Сәуір

Серуен-Бақылау  №18

Бақылау: Бақбақ гүлін бақылау

Мақсаты:  бақбақ гүлі туралы білімдерін тиянақтау (гүлдеудің алғашқы кезеңіне көңіл аудару );

  • табиғатты қорғау және сақтауға деген ынталары мен іскерліктерін қалыптастыру; 
  • емдік өсімдіктер туралы білімдерін тиянақтау.              

Бақылау барысы

Көркем сөз.

Аппақ, аппақ бақбақтар,    Үлбіреген бақбақтар, 

Құдды киіз ақ үйлер.          Парашюттен аумайды. 

Төнеді кеп жан-жақтан,     Сәл-пәл самал жел                                                                                           соқса,

Тамашалап сәбилер.            

Ақ ұлпалар заулайды. 

Кәдімгі бақбақ көктемнің тұңғышы. 

Халық оны «Жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атайды. Бақбақ көп жылдық шөптес өсімдік. Олар көбінесе үлкен жүргінші жол бойында, егістікте, шабындықта, жаңа тыңая бастаған жерлерде өседі. Бақбақтың гүлді сабақтары жапырақсыз, ең ұшында бір ірі гүл табақшасы болады. Бақбақ басын күн қызуына қарай бұрады. Күн батқан кезде гүл жапырақтары жабылып қалады, ал, таңертең күн сәулесімен бірге ашылады. Бақбақ-тың гүл оралғысы екі қабат. Сәуір айынан қыр-күйек айына дейін гүлдейді. Гүл жарып болған кезде гүлдері ұлпа үлпілдек «парашюттерге» ай-налады. Бақбақтың барлық бөлігі, әсіресе сабағы сүт сымаққа бай. 

Бақбақ дәрілік өсімдік. Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, гүлін, жапырағын пайдаланады. Бақбақтан жасалған дәрілер тәбетті ашуға, ас қорытуға, қан қысымын түсіруге, қатты ісіктерді басуға, ыстықты түсіруге тағы басқа көптеген ауруларды емдеуге пайдаланады. Бақбақты ең қажет дәрілік өсімдік ретінде сақтап, қорғау керек.

Балаларға сұрақтар.

  • Бақбақ гүлінің түрі қандай??
  • Ол жылдың қай мезгілінде әдемі болып көрінеді?
  • Бақбақтың қандай лақап аттары бар?
  • Бақбақты неге дәрілік өсімдік дейміз

Зерттеу жұмыс: Бақбақтың сабағын кесіп, сүт сияқты сұйықты қарау.

Еңбек. Гүл егілген алаң айналасын тазалау.

Мақсаты:Үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу. 



Сәуір

Серуен-Бақылау  №19

Бақылау: Жолжелкенді бақылау

Мақсаты:емдік өсімдіктер туралы түсініктерін қалыптастыруда танымдық белсенділіктерін дамытуды жалғастыру. Жолжелкеннің ерекшелігі мен емдік қасиеті туралы білімдерін молайту.     

Бақылау барысы

Тәрбиеші әңгімесі

-Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Көше бойлап келе жатсаң жол жиегінде, өзен бойы, шалғындық алқаптарда көптеп кездеседі. Сондықтан да болар бұл өсімдікті «жолжелкен» деп атайтыны. Адам аяғы баспайтын жерлерде жолжелкенді кездестірмейсің. Күзде жолжелкеннің гүлдері тұқым шашқан кезде, ол аяқкиімге жабысып барып, басқа жерлерге дәннің түсуіне байланысты, кез келген жерде өсіп шығады. Жолжелкен  маусымнан қыркүйек аралығында гүлдейді. Оның жапырақтарын маусым, шілде айларында жинайды. Жолжелкеннің жапыраған сабағымен қоса бүлдірмей алып, көлеңке жерде кептіреді. Жолжелкеннің жапырақтары дене сыртындағы аққан қанды тоқтатуға, күйген жараға, іріңді ісікке, шиқанға қолданылады. Жолжелкеннің шырынын жәндіктер шаққан жерге, асқазан ауруына, шаншуға, мұрыннан қан аққанда және дизентерияға пайдаланады. 

Балаларға сұрақтар:  

  • Мамыр айын халықта қалай атайды? (шешек айы)
  • Өсімдіктер қай жерде бар да, қай жерде жоқ? (күннің көзі көп түскен жерде бар)
  • Көлеңке, ылғал жерлерге әлі шөп шықпаған, неге? (өйткені ло жер әлі салқын)
  • Мамыр айындағы жаңбырдан соң шөптерде қандай өзгерістер болады? (олар бұрынғыдан да жасылдана түседі)
  • Мына өсіп тұрған өсімдік қалай аталады(жолжелкен)
  • Оны неге олай атаған?

Жолжелкеннің қандай көмегі бар, кім біледі

Зерттеу жұмысы

Лупа арқылы жолжелкен жапырақтарын қарау, ерекшеліктерін табу.

Өгейшөппен жолжелкеннің айырмашылық-тары мен ұқсастықтарын айыру. 

Еңбек:     Ойын алаңын тазалау.

Мақсатыбірлесе еңбек етуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. .

Сәуір

Серуен-Бақылау  №20

 Бақылау: Жәндіктерді бақылау

Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау; 

  • Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету. 

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

*Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)

*Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады.

Бұл қандай бүлік дой?     (маса) 

*Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. Бұл не?  (шыбын)

*Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер.     (құмырсқа)

*Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді.  (өрмекші)

Тәрбиеші сұрақтары.

♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)

♦        Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер(көбелек, құрт т.б)

  • Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар) 
  • Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)
  • Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)
  • Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).
  • Қандай пайдалы жәндік орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)
  • Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды) 
  • Зерттеу жұмысы

Қанқызын тауып, оның атын атау.

Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.

Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. 

 .

Сәуір

Серуен-Бақылау  №21

Бақылау: Ауа-райын бақылау

Мақсаты:Көктем мезгілінің аяғына қарай өлі табиғаттағы болатын құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. 

Бақылау барысы

Көркем сөз. А.Меңдібай

Мамыр айы келгенде,

Дала гүлге толады.

Жайнап барлық атырап,

Қызық-думан болады.

Бақшамызда біз еккен,

Гүл шоқтары гүлдейді.

Жапырақтар сыбдырлап, 

«Қандай көркем, көр»-дейді.

Тәрбиеші аулаға ерте көктем көрнісі бейнеленген сурет алып шығып, балалармен әңгіме өткізеді.

  • Балалар, қараңдаршы, мына суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?(көктем). 
  • Ал, сендер суреттен не көріп тұрсыңдар? (қар еріп жатыр,жер су болып жатыр, балалар құстарға ұя жасап жатыр)
  • Қар неліктен ериді, адамдар неліктен жеңіл киінеді? (күн жылығандықтан)
  • Ал, көктемнің бұл мезгілін қалай атаймыз? (ерте көктем)
  • Ерте көктем мен қазіргі мамыр айындағы табиғат көнісінде, ауа-райында өзгешелік бар ма? Қандай? (балалар жауабы тыңдалады)
  • Қазір аспан көрнісі қандай? (ашық көк) 
  • Ағаштар бейнесі қандай болды? (барлық ағаштар жапырағы жайқалып, жап-жасыл болып тұр). 
  • Қыста қар жауған кезде ауа температурасы қандай еді? 
  • Жаңбыр қандай температурада жауады?
  • Көктемнің соңғы айында табиғатта қандай өзгерістер болды?(күн шуағы молайды, гүлдер шықты, шөптер өсті, ағаштар жасыл жапыраққа малынды).

Еңбек 

Кішкентайлар алаңын қоқыстардан тазалауға көмектесу.

Мақсатыкішкентайларға көмектесу, еңбекке деген құлшыныстарын арттыру.

Сәуір

Серуен-Бақылау  №22

Бақылау: Гүлзарды бақылау

Мақсаты:

  • Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту; 
  • Өсімдіктерді күту, суғару іскерліктерін тиянақтау;
  • Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді

  • Қандай домгүлдерін білесіңдер?
  • Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
  • Олардың қандай айырмашылығы бар?
  • Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
  • Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
  • Оларды қалай күтесіңдер?
  • Гүлді отырғызбас бұрын не істеу керек?
  • Біздің гүлзарға отырғызуға арнап топта өсіріп жатырған гүлдеріміз қалай аталады?
  • Гүлдер жақсы өсіп, гүлдеуі үшін не істеуіміз керек?
  • Осы кезде бізге гүлді неге аулаға отырғызуға болмайды?
  • Неге кейбір гүлдер көпжылдық, кейбіл гүлдер бір жылдық деп аталады?

Еңбек 

 Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту). 

Мақсаты:

  • Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау; 
  • Гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру. 

Серуеннен оралу

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру


Балалармен жеке жұмыс

Көктем мезгілінің белгілерін үйрету

Мақал-мәтел: 

Дана көптен, дәрі шөптен.

Құнарлы шөп, қосымша сүт

Кһутем  киім үлгілерін білуге үйрету

Көктем мезгіліндегі адам еңбегімен таныстыру

Көктем мезгіліндегі ауа райы құбылыстары жайлы бачндауға үйрету


Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

Қимылды ойын «Өз гүліңді тап». 

Мақсаты:

—            түстерді айыра білуге, белгі бойынша әрекет етуге үйрету. 

Жаттығу ойыны. Қимылдарын дамыту

Мақсаты:

- Қимыл белсенділіктерін арттыру;  

Ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Қимылды ойын:  «Бәйге».

Мақсаты: жеңіске деген құштарлықтарын арттыру, жылдамдықтарын дамыту. 

 Жаттығу ойыны: Дыбыстар арқылы жүру   

 Мақсаты: тепе-теңдікті сақтау, берілген дыбыс ырғағына қарай қимыл жасау.

Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».

 Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу. 

Жаттығу ойыны:  Қимылдарын дамыту. 

Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту. 

Халық болжамы: күзде құмырсқа илеуі биік болса, қыс ұзақ әрі қатты болады

Қимылды ойын 

«Үшінші артық».

Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға, аңғарымпаздыққа баулу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. 

Жаттығу ойыны

Қимылдарын дамыту. 

Мақсаты:

—Допты берілген бағытқа қарай оң және сол қолмен лақтыруға жаттықтыру;

—Қозғалыс координацияларын сақтау;

Мақал-мәтел  

-Сәуір айы-су айы,

Мамыр айы- гүл айы.

-Көктемгі жауын артық болмас.

Қимылды ойын

«Қай топ тез жиналады?». 

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру. 

Жаттығу ойыны «Құлап қалма».

Мақсаты: бөрене үстімен жүруге жаттықтыру.

Мақал-мәтел: 

- Әр гүлдің иісі әр басқа.

-Гүл-араға, бал-балаға.

Қызыл гүл көзге алыстан шалынар.



Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

  Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 
 


Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.